Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010.09.29 N 438 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға "Қауіпсіздік. Халықаралық азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау" деген 17-қосымшаның талабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық
авиациясы субъектілерінің қызметін авиациялық қауіпсіздік желісі бойынша инспекциялық тексерудің үлгі бағдарламасы бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (М.М. Қубаев) қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникация министрінің
2009 жылғы 20 қаңтардағы
N 13 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы
субъектілерінің қызметін авиациялық қауіпсіздік желісі
бойынша инспекциялық тексерудің үлгі бағдарламасы
Р/с N |
Бағдарлама бойынша позиция нөмiрлерi және тексерiлетiн бөлшектер |
Сәйкестiктi бағалау (+/-) |
Сәйкессіздік позициясы нөмiрi |
1. |
Авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi ұйымдастыру мыналарды қамтуы тиіс: |
||
1) |
авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң бекiтiлген ұйымдастырушылық-өндiрiстiк құрылымының болуы, оның техникалық, өндiрiстiк және қаржылық қамтамасыз етiлуi; |
||
2) |
АҚҚ әуежай қызметтерiмен және Қазақстан Республикасының басқа мүдделi мемлекеттiк органдарымен (ІІМ, ҰҚК, Кеден комитеті) өзара iс-қимыл технологиясының болуы; |
||
3) |
авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң қызмет аясы (орындалатын мiндеттерi); |
||
4) |
авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге жауапты әуежай басшылығы құрамының тiзiмi; |
||
5) |
ТЖ туындаған кезде ТЖ реттеу бойынша іс-қимылдар жоспарына сәйкес шешiм қабылдау үшiн жауапты лауазымды тұлғаларды тағайындау бойынша өкiмдiк құжаттың болуы; |
||
6) |
авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етумен тiкелей байланысты АҚҚ персоналы лауазымдарының, мамандықтарының және мамандандырылудың бекiтiлген тiзбесiнiң болуы; |
||
7) |
АҚҚ мамандарының лауазымдық нұсқаулықтарының болуы; |
||
8) |
авиациялық қауіпсіздіктің әр түрiне (бағытына) қатысты аттестаттауға және (немесе) сертификаттауға жататын АҚҚ мамандары санаттарының тiзбесi; |
||
9) |
АҚҚ бөлiмшелерiнiң сертификатталған (өздiк жұмысқа рұқсаты бар) мамандармен жинақталуы; |
||
10) |
АҚҚ персоналын авиациялық қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз ету бойынша жұмысқа жiберу тәртiбi (оқыту, тағыламдамадан өту, куәліктерді, рұқсат қағаздарын және(немесе) сертификаттарды ресiмдеу); |
||
11) |
АА оқу орындарында (шарттар немесе бiр жолғы өтiнiм негiзiнде); |
||
12) |
АҚҚ орналастыру және авиациялық қауiпсiздiк бойынша технологиялық рәсімдерді жүзеге асыруға арналған өндiрiстiк ғимараттар мен үй-жайлардың болуы және оларды күтiп ұстау (аудандардың жеткiлiктiлігi, олардың техникалық құралдармен, байланыс құралдарымен, автокөлiкпен және басқа да тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерiмен жарақталуы); |
||
13) |
АҚҚ-тағы өртке қарсы жай-күй және қауiпсiздiк техникасының жағдайы; |
||
14) |
қару-жарақты сақтауға арналған арнайы үй-жайдың болуы, үлгі сертификатының болуы; |
||
15) |
әуежайдың басшылық құрамы мен АҚҚ персоналының қызметтiк үй-жайлармен (кабинеттермен, талдау бөлмелерiмен) және тұрмыстық мақсатта қолданылатын үй-жайлармен (демалу және тамақ iшу бөлмелерiмен, киiм шешетiн орындармен, арнайы киiмдердi құрғататын бөлмелермен және т.б.) қамтамасыз етiлуi. Оларда температура режимiн, желдетудi, жарықтандыруды сақтау. Көрсетілген үй-жайлардың өлшемдері мен жарақталуының нормативтік талаптарға сәйкестігі; |
||
16) |
белгiленген тәртiппен бекiтiлген және қолдануға енгiзiлген АҚ қамтамасыз ету жөнiндегi басшылық, нормативтiк және ақпараттық құжаттамамен қамтамасыз етiлу; |
||
17) |
құжаттаманы есепке алу, пайдалану және сақтау, келiп түскен өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу тәртiбi және оларды орындаушыларға жеткiзу. Әуежайдың басқа бөлiмшелерi персоналының авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi басшылық, нормативтік және ақпараттық құжаттаманы зерделеу тәртiбi; |
||
18) |
авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша мынадай басшылық құжаттардың: |
||
19) |
авиациялық қауiпсiздiк бойынша қабылданған шаралардың орындалуын бақылау жүйесi, соның iшiнде: |
||
20) |
хабарлау және байланыс жүйесi; |
||
21) |
қарудың, оқ-дәрiлердiң және АҚҚ арнайы құралдарының болуын, жай-күйiн және қозғалысын есепке алу мен есептілік жүргізу. Осы есепке алуды жүргiзу үшiн жауапты тұлғаларды тағайындау; |
||
22) |
авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi есепке алу мен есептіліктің жай-күйi, соның iшiнде: |
||
23) |
АҚҚ сертификатталған жабдықпен қамтамасыз етiлуі, үлгі сертификатының болуы және жарамдылығы; |
||
24) |
АҚҚ метрологиялық қамтамасыз етудi ұйымдастыру; |
||
25) |
жауапты тұлғаларды тағайындап, тұрақты ішкі тексерулерді жүргізу; |
||
26) |
нысанды киімді бақылауды қамтамасыз ету (қорғау шаралары, беру және алу тәртібі). |
||
2. |
Авиакәсіпорынның ғимараттары мен жердегi құралдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету төмендегілерді қамтуы тиіс: |
||
1) |
әуежай аумағын (бақыланатын аймақтарды) және авиатехниканы, бағыттағыш және глиссадалық радиомаяктардың жұмыс секторларының аймақтарын, әуе қозғалысына қызмет ету объектiлерiн, әуеайлақтың радио және жарықтехникалық жабдықтарын, ЖЖМ қоймалары мен коммерциялық қоймаларды қоса алғанда, онда орналасқан объектiлердiң күзетiлуiн ұйымдастыру және қамтамасыз ету; |
||
2) |
бақыланатын аймақтарға адамдар мен көлiк құралдарының кiруiн ұйымдастыру және бақылаудың жай-күйi, соның iшiнде: |
||
3. |
Әуе кемелерiнiң (ӘК) қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мыналарды қамтуы тиіс: |
||
1) |
ӘК жерде күзетудiң ұйымдастырылуы және жай-күйi: |
||
2) |
ӘК қол жеткiзудi бақылауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету; |
||
3) |
ӘК қызмет көрсетуге рұқсаты бар авиаперсоналда рұқсат етілген аймақтар мен жұмыс ауысымдары көрсетiлген рұқсатнамалардың (тархеткалар) болуы; |
||
4) |
ӘК қауiпсiздiк жүйелерiмен жабдықтау, соның iшiнде: |
||
5) |
ӘК үшiн арнайы тұрақтың болуы, жай-күйi және жарақталуы; |
||
6) |
ӘК ұшу алдында тексеру жүргiзудiң ұйымдастырылуы және жай-күйi, соның iшiнде: |
||
7) |
жолаушылар мен ӘК экипаж мүшелерiнiң ұшу кезiндегi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң қабылданған iс-шаралары, соның iшiнде: |
||
4. |
Жолаушылар мен қол жүгiн, ӘК экипаж мүшелерi мен авиаперсоналды ұшу алдында тексерудi ұйымдастыру төмендегілерді қамтуы тиіс: |
||
1) |
жолаушыларды бақылау аймақтары мен тексеру пункттерiнiң болуы және жай-күйi, соның iшiнде: |
||
2) |
тексеру пункттерiнiң техникалық тексеру құралдарымен жарақталуы: |
||
3) |
тексеру топтарының оқытылған мамандармен жинақталуы, соның iшiнде: |
||
4) |
жолаушылар мен қол жүгiне тексеру жүргiзу технологиясының болуы және белгiленген рәсімдерге сәйкестiгi, соның iшiнде: |
||
5) |
тексеру тәртiбi туралы жолаушыларға арналған ақпараттың болуы және жай-күйi; |
||
6) |
ресми тұлғалар мен делегацияларға арналған залдардың болуы, жай-күйi және техникалық тексеру құралдарымен жарақталуы; |
||
7) |
жекелеген жолаушылар санаттарына қатысты қабылданатын шаралар (хабарлау туралы талаптар, қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары мен рәсімдері): |
||
8) |
тексерiлген жолаушылар үшiн тазартылған аймақтардың болуы және жай-күйi; |
||
9) |
жолаушыларды ӘК бортына жеткiзіп салу және ілесіп жүру тәртiбi; |
||
10) |
ӘК экипаждарының мүшелері мен әуежайдың, авиакәсіпорынның және пайдаланушының авиаперсоналын тексеруді ұйымдастыру және жай-күйі; |
||
11) |
тексеру нәтижелерi бойынша есепке алу мен есептіліктің жай-күйi. Жолаушыларды, багажды, жүкті және борт тағамын тексеру карталарының болуы; |
||
12) |
ӘК бортында ұшу кезінде жолаушылардан алынған қаруды, оқ-дәрiлердi және арнайы құралдарды тасымалдау тәртiбiн ұйымдастыру және сақтау, соның iшiнде: |
||
5. |
Багажды, жүктi, почтаны және борттық қорларды ұшу алдында тексерудi ұйымдастыру төмендегілерді қамтуы тиіс: |
||
1) |
багаждың, жүктiң, почтаның және борттық қорлардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi ұйымдастыру және оның жай-күйi: |
||
2) |
жүктi, почтаны (бандерольдер, курьерлік жөнелтімдер) және борттық қорларды тексеру рәсімдері: |
||
3) |
багажды, жүктi, почтаны және борттық қорды тексеру пункттерiнiң болуы, жай-күйi және жарақталуы; |
||
4) |
бекiтiлген Багажды, жүктi, почтаны және борттық қорды тексеру технологиясының болуы; |
||
5) |
АҚҚ авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң техникалық құралдарымен қамтамасыз етiлуi; |
||
6) |
жолаушыларды, қол жүгiн, багажды, жүктi, почтаны және борттық қорларды тексерудiң, сондай-ақ ӘК экипажының мүшелерi мен жердегi персоналды тексерудiң арнайы техникалық құралдарын пайдалану: |
||
7) |
инженерлік-техникалық күзет құралдарын пайдалану: |
||
8) |
авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң техникалық құралдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету тәртiбi. |
||
6. |
Азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласу актiлерiне байланысты төтенше жағдайларды реттеу жөнiндегi шараларды ұйымдастыру және қабылдау төмендегілерді қамтуы тиіс: |
||
1) |
авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi әуежай комиссиясының болуы және қызметi: |
||
2) |
азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласу актiлерiне байланысты төтенше жағдайларды реттеу жөніндегі iс-әрекеттер жоспарының болуы: |
||
3) |
ТЖ реттеу бойынша жедел штабтың жұмысын қамтамасыз ету үшiн командалық пункттiң (бұдан әрi – КП) (арнайы жабдықталған үй-жайдың) болуы: |
||
4) |
ТЖ реттеуге тартылатын күштер мен құралдардың болуы және дайындығы; |
||
5) |
күш пен құралдарды үйлестiру, сабақтар, жаттығулар мен оқу-жаттығуларды өткiзудi ұйымдастыру мен есепке алу; |
||
6) |
өзара қарым-қатынастағы қызметтермен және ұйымдармен (олардың дайындығы мен жаттығуларды өткiзу мерзiмдiлiгi үшiн жауапты орган) авиациялық қауiпсiздiк шараларын практикалық жаттықтыру бойынша өткiзiлетiн оқу iс-шаралары. |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚР ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;
ҚР ҰҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
ҚР ПКҚ – Қазақстан Республикасы Президенттің Күзет қызметі;
ҚР ҚМ – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі;
ҚР ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігі;
АА – азаматтық авиация;
АҚҚ – авиациялық қауіпсіздік қызметі;
АҚ – авиациялық қауіпсіздік;
ӘКПБ – әуе кеңістігі пайдалану басқармасы;
ЖЖМ – жанар-жағармай материалы;
ӘК – әуе кемесі;
БӨП – бақылау-өткізу пункті;
ТЖ – төтенше жағдай;
VIP-залы – аса маңызды тұлғаларға арналған зал;
ЖЗ – жарылғыш заттар;
СЭҚ – санитарлық-эпидемиялық қызмет.
Ескертпе:
(*) – осы ұйым үшiн мiндеттi емес;
(-1) – одан арғы қызметке тыйым салатын сәйкессiздiктер;
(-2) – келiсiлген мерзiмде жойылатын немесе шектеулер енгiзiлетiн жағдайда, одан арғы қызметке кедергi болмайтын сәйкессiздiктер;
(-3) – одан арғы қызметке кедергi болмайтын және өндiрiс пен сапа жүйесiн жетiлдiру кезiнде жоюға жататын сәйкессiздiктер.