Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы субъектілерінің қызметін авиациялық қауіпсіздік желісі бойынша инспекциялық тексерудің үлгі бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы N 13 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 10 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5540 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға "Қауіпсіздік. Халықаралық азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау" деген 17-қосымшаның талабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық
авиациясы субъектілерінің қызметін авиациялық қауіпсіздік желісі бойынша инспекциялық тексерудің үлгі бағдарламасы бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (М.М. Қубаев) қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        С. Ахметов

                                      Қазақстан Республикасы Көлік
                                     және коммуникация министрінің
                                       2009 жылғы 20 қаңтардағы
                                      N 13 бұйрығымен бекітілген

       Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы
   субъектілерінің қызметін авиациялық қауіпсіздік желісі
     бойынша инспекциялық тексерудің үлгі бағдарламасы

Р/с N

Бағдарлама бойынша позиция нөмiрлерi және тексерiлетiн бөлшектер

Сәйкестiктi бағалау (+/-)

Сәйкессіздік позициясы нөмiрi

1.

Авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi ұйымдастыру мыналарды қамтуы тиіс:



1)

авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң бекiтiлген ұйымдастырушылық-өндiрiстiк құрылымының болуы, оның техникалық, өндiрiстiк және қаржылық қамтамасыз етiлуi;



2)

АҚҚ әуежай қызметтерiмен және Қазақстан Республикасының басқа мүдделi мемлекеттiк органдарымен (ІІМ, ҰҚК, Кеден комитеті) өзара iс-қимыл технологиясының болуы;



3)

авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң қызмет аясы (орындалатын мiндеттерi);



4)

авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге жауапты әуежай басшылығы құрамының тiзiмi;



5)

ТЖ туындаған кезде ТЖ реттеу бойынша іс-қимылдар жоспарына сәйкес шешiм қабылдау үшiн жауапты лауазымды тұлғаларды тағайындау бойынша өкiмдiк құжаттың болуы;



6)

авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етумен тiкелей байланысты АҚҚ персоналы лауазымдарының, мамандықтарының және мамандандырылудың бекiтiлген тiзбесiнiң болуы;



7)

АҚҚ мамандарының лауазымдық нұсқаулықтарының болуы;



8)

авиациялық қауіпсіздіктің әр түрiне (бағытына) қатысты аттестаттауға және (немесе) сертификаттауға жататын АҚҚ мамандары санаттарының тiзбесi;



9)

АҚҚ бөлiмшелерiнiң сертификатталған (өздiк жұмысқа рұқсаты бар) мамандармен жинақталуы;



10)

АҚҚ персоналын авиациялық қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз ету бойынша жұмысқа жiберу тәртiбi (оқыту, тағыламдамадан өту, куәліктерді, рұқсат қағаздарын және(немесе) сертификаттарды ресiмдеу);



11)

АА оқу орындарында (шарттар немесе бiр жолғы өтiнiм негiзiнде);
 меншiктi оқу базасында оқытуды көздейтін АҚҚ персоналын дайындауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету (дайындау, қайта оқыту және бiлiктiлiгiн арттыру жоспарларының болуы және орындалуы);
 соңғы жағдайда даярлау бағдарламалары (сабақтары) мазмұнының және оқу базасы жарақталуының (сыныптардың техникалық жабдықталуының белгiленген талаптарға сәйкестiгi) қосымша тексерiледi;



12)

АҚҚ орналастыру және авиациялық қауiпсiздiк бойынша технологиялық рәсімдерді жүзеге асыруға арналған өндiрiстiк ғимараттар мен үй-жайлардың болуы және оларды күтiп ұстау (аудандардың жеткiлiктiлігi, олардың техникалық құралдармен, байланыс құралдарымен, автокөлiкпен және басқа да тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерiмен жарақталуы);



13)

   АҚҚ-тағы өртке қарсы жай-күй және қауiпсiздiк техникасының жағдайы;



14)

   қару-жарақты сақтауға арналған арнайы үй-жайдың болуы, үлгі сертификатының болуы;



15)

   әуежайдың басшылық құрамы мен АҚҚ персоналының қызметтiк үй-жайлармен (кабинеттермен, талдау бөлмелерiмен) және тұрмыстық мақсатта қолданылатын үй-жайлармен (демалу және тамақ iшу бөлмелерiмен, киiм шешетiн орындармен, арнайы киiмдердi құрғататын бөлмелермен және т.б.) қамтамасыз етiлуi. Оларда температура режимiн, желдетудi, жарықтандыруды сақтау. Көрсетілген үй-жайлардың өлшемдері мен жарақталуының нормативтік талаптарға сәйкестігі;



16)

   белгiленген тәртiппен бекiтiлген және қолдануға енгiзiлген АҚ қамтамасыз ету жөнiндегi басшылық, нормативтiк және ақпараттық құжаттамамен қамтамасыз етiлу;



17)

   құжаттаманы есепке алу, пайдалану және сақтау, келiп түскен өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу тәртiбi және оларды орындаушыларға жеткiзу. Әуежайдың басқа бөлiмшелерi персоналының авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi басшылық, нормативтік және ақпараттық құжаттаманы зерделеу тәртiбi;



18)

авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша мынадай басшылық құжаттардың:
   ұйымның авиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бағдарламасының;
   АҚҚ туралы ереженің;
   жолаушыларға, ӘК экипаждарының мүшелерiне, авиаперсоналға, қол жүгiне, багажға, жүкке, почтаға және борттық қорларға тексеру жүргiзу технологиясының;
   өткiзу және объект iшiндегi режим жөнiндегi нұсқаулықтың;
   азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласу актiлерiмен байланысты оқиғалар бойынша iс-әрекет жоспарының толықтығы мен сапасы;



19)

   авиациялық қауiпсiздiк бойынша қабылданған шаралардың орындалуын бақылау жүйесi, соның iшiнде:
   қауiпсiздiк шараларының орындалуына бақылау жүргiзу мерзiмдiлiгi;
   авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша өткiзiлетiн iс-шаралардың жеткiлiктiлiгi мен тиiмдiлiгiн талдау және бағалау жүргiзу;
   болуы мүмкiн заңсыз араласу актiлерiнен қорғау мақсатында азаматтық авиация объектiлерiнiң (орындарының) осалдығын анықтау бойынша iс-әрекет;
   авиациялық қауiпсiздiк бойынша бекiтiлген құжаттарды түзету;
   жүргiзiлетiн бақылауды есепке алу бойынша құжаттаманың болуы және оларды жүргiзу;
   осындай бақылауды жүргiзу және есепке алу үшiн жауапты тұлғаларды тағайындау;



20)

хабарлау және байланыс жүйесi;



21)

   қарудың, оқ-дәрiлердiң және АҚҚ арнайы құралдарының болуын, жай-күйiн және қозғалысын есепке алу мен есептілік жүргізу. Осы есепке алуды жүргiзу үшiн жауапты тұлғаларды тағайындау;



22)

   авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi есепке алу мен есептіліктің жай-күйi, соның iшiнде:
   тәртiптi сақтау және тиісті мемлекеттік басқару органдарына белгiленген есептілік пен заңсыз араласу актiлерi, авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде анықталған кемшiлiктер туралы ақпаратты, сондай-ақ авиациялық қауiпсiздiк жай-күйiнiң мәселелерi бойынша басқа да ақпаратты ұсынудың уақтылығы;
   осы бағыттағы жұмыстарды жүргiзу үшiн жауапты тұлғаларды тағайындау;



23)

   АҚҚ сертификатталған жабдықпен қамтамасыз етiлуі, үлгі сертификатының болуы және жарамдылығы;



24)

   АҚҚ метрологиялық қамтамасыз етудi ұйымдастыру;



25)

   жауапты тұлғаларды тағайындап, тұрақты ішкі тексерулерді жүргізу;



26)

   нысанды киімді бақылауды қамтамасыз ету (қорғау шаралары, беру және алу тәртібі).



2.

   Авиакәсіпорынның ғимараттары мен жердегi құралдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету төмендегілерді қамтуы тиіс:



1)

   әуежай аумағын (бақыланатын аймақтарды) және авиатехниканы, бағыттағыш және глиссадалық радиомаяктардың жұмыс секторларының аймақтарын, әуе қозғалысына қызмет ету объектiлерiн, әуеайлақтың радио және жарықтехникалық жабдықтарын, ЖЖМ қоймалары мен коммерциялық қоймаларды қоса алғанда, онда орналасқан объектiлердiң күзетiлуiн ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
   шектеулi кiру аймақтары (бақыланатын аймақтар) мен олардың шекараларын, соның ішінде әуежайдың объектілері аумағының шегінен тыс шекараларды белгiлеу;
   объектiлердiң орналасуы мен бақыланатын аймақтардың (шектеулі кіру аймағы) шекаралары көрсетiлген әуежай аумағы сызбасының болуы;
   бақыланатын аймақтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң жай-күйi (қоршаулардың бар болуы, жүйесi мен жай-күйi, жарықтандыру), аймақтарды күзету үшін жауапкершiлiктi бөлу;
   әуежайдың периметрi бойынша және оның аумағында орналасқан азаматтық авиация объектiлерiнiң қоршауының болуы және жай-күйi, күзет мұнараларының, жарықтандырудың, қалқаншаның, күзетiлетiн жолдың ескерту аншлагтарының және қоршау бойы қауіпсіздік жолақтарының болуы;
   жылжымалы күзеттiң болуы және күзету мерзiмдiлiгi;
   авиаотынмен қамтамасыз ету объектiлерiнде және коммерциялық қоймаларда қосымша қоршаулар;
   ӘК тұрақтау орындарын, бөлек орналасқан объектiлер мен бақылау-өткiзу пункттерiнiң аумақтарын сыртқы жарықтандырумен жабдықтау;
   техникалық күзету, бақылау, сигнал беру және байланыс құралдарының болуы және жай-күйi;



2)

   бақыланатын аймақтарға адамдар мен көлiк құралдарының кiруiн ұйымдастыру және бақылаудың жай-күйi, соның iшiнде:
   бекітілген өткізу және объектішілік жөніндегі нұсқаулықтың болуы (халықаралық әуежайларда Нұсқаулық шекара, кеден және мемлекеттік бақылау органдарының басқа да түрлерімен келісіледі), рұқсатнаманың белгiленген жүйесiн пайдалану, рұқсатнама беру үшін жауапты уәкілетті органның болуы және белгіленген режим талаптарының орындалуы;
   бақылау-өткiзу пункттерiнiң (бұдан әрi - БӨП) болуы және жай-күйi, олардың қақпалармен, шлагбаумдармен, алаңшалармен және қызмет көрсету персоналы мен автокөлiктi тексеру үшiн техникалық құралдармен жабдықталуы;
   қосалқы БӨП бар болуы және олардың жабдықталуы;
   өткiзу мен объектішiлік режимдi жүзеге асыру;
   бақыланатын аймақтарға адамдардың кiруiн бақылау рәсімі, әуежай аумағына персоналдың, бөтен ұйымдардан келушiлердiң, көлiктiң кiруi мен өтуiнiң белгiленген тәртiбi (рұқсатнамалардың әр алуан түрлерiн беру, пайдалану және алып қою тәртiбi);
   әуежайдың бақыланатын аймақтарында адамдар мен көлiк құралдарының болуы мен жүруiн бақылауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
   барлық кілттердің және құлыптардың жазбаша тіркеу жүйесінің болуы;
   жауапты тұлғаны тағайындап, шектеулі рұқсат етілген аймаққа кіре алатын барлық персоналдың сауалнамалық деректеріне тексеру жүргізу.



3.

Әуе кемелерiнiң (ӘК) қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мыналарды қамтуы тиіс:



1)

ӘК жерде күзетудiң ұйымдастырылуы және жай-күйi:
   ӘК күзетудi қамтамасыз ету сызбасы;
   ӘК күзет посттарының болуы және жай-күйi;
   ӘК қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшін жауапкершілік;
   нұсқаулықтың болуы, ӘК техникалық қызмет көрсетуге және күзетуге қабылдау-тапсыру тәртiбiн ұйымдастыру және сақтау (ӘК күзетуге қабылдау-тапсыру журналын жүргiзу);
   ӘК аралық әуежайларда техникалық және коммерциялық қызмет көрсету кезiнде, оларда авиациялық қауiпсiздiк шараларының сақталуын бақылауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
   ӘК тұрақтау орындарын жарықтандырудың болуы және жай-күйi;



2)

ӘК қол жеткiзудi бақылауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;



3)

ӘК қызмет көрсетуге рұқсаты бар авиаперсоналда рұқсат етілген аймақтар мен жұмыс ауысымдары көрсетiлген рұқсатнамалардың (тархеткалар) болуы;



4)

ӘК қауiпсiздiк жүйелерiмен жабдықтау, соның iшiнде:
   ұшқыш кабинасының есігін блоктау;
   жасырын сигнализация жүйесінің болуы және жұмыс қабілеттілігі;
   кiлем жамылғысында тіліктердің болуы;
қару және оқ-дәрі тасымалдайтын орындардың жабдықталуы;
   ӘК бортында табылған жарылғыш құрылғы орналастыру үшін неғұрлым қауіпсіз жерлердің белгіленуі;



5)

ӘК үшiн арнайы тұрақтың болуы, жай-күйi және жарақталуы;



6)

ӘК ұшу алдында тексеру жүргiзудiң ұйымдастырылуы және жай-күйi, соның iшiнде:
   ӘК арнайы тексеру орындары тiзбесiнiң болуы;
   пайдаланылатын ӘК үлгiлерiнiң технологиялық карталары мен тексеру сызбасының болуы;
   ӘК тексеру топтарын құру туралы бұйрықтың болуы;



7)

   жолаушылар мен ӘК экипаж мүшелерiнiң ұшу кезiндегi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң қабылданған iс-шаралары, соның iшiнде:
   ӘК экипажының төтенше жағдайдағы іс-әрекеттер жөніндегі, ұшу құжаттамасының, жаднаманың болуы;
   ӘК ұшып жүрген кезде тексеру жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықтың болуы.



4.

Жолаушылар мен қол жүгiн, ӘК экипаж мүшелерi мен авиаперсоналды ұшу алдында тексерудi ұйымдастыру төмендегілерді қамтуы тиіс:



1)

жолаушыларды бақылау аймақтары мен тексеру пункттерiнiң болуы және жай-күйi, соның iшiнде:
   тексеру пункттерiнiң жабдықталуы мен орналасуының белгiленген талаптарға сәйкестiгi;
   жеке тексеруге арналған кабиналардың (үй-жайлардың) болуы және жарақталуы;



2)

тексеру пункттерiнiң техникалық тексеру құралдарымен жарақталуы:
   техникалық тексеру құралдарының болуы, жай-күйі және сертификаттық талаптарға сәйкестігі, тексеру жабдығы туралы егжей-текжейлі деректер;
   техникалық тексеру құралдарына қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру;



3)

тексеру топтарының оқытылған мамандармен жинақталуы, соның iшiнде:
   кәсiби дайындығы мен сертификаттарының болуы;
   топ мамандарының қолданылатын техникалық тексеру құралдарының негiзгi сипаттамалары мен пайдалану ережелерiн бiлуi;
   тексеру топтары мамандарының қызметтiк нұсқаулықтарының болуы;



4)

жолаушылар мен қол жүгiне тексеру жүргiзу технологиясының болуы және белгiленген рәсімдерге сәйкестiгi, соның iшiнде:
   арнайы тексеру рәсімдері (қолмен және таңдап тексеру, тексеруден өтуден бас тарту, жеке түрде тексеру);
   транзитпен жүретiн немесе басқа рейске ауысып отыратын жолаушыларды тексеру;



5)

тексеру тәртiбi туралы жолаушыларға арналған ақпараттың болуы және жай-күйi;



6)

ресми тұлғалар мен делегацияларға арналған залдардың болуы, жай-күйi және техникалық тексеру құралдарымен жарақталуы;



7)

жекелеген жолаушылар санаттарына қатысты қабылданатын шаралар (хабарлау туралы талаптар, қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары мен рәсімдері):
   жоғары лауазымды тұлғалар және дипломаттар;
   үкіметтік курьерлер және дипломатиялық вализдер;
   VIP және ресми делегациялар залдары арқылы өтетін тұлғалар;
   үкіметтің жоғары лауазымды өкілдерін күзету;
   ӘК бортындағы қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері;
   мүгедектер;
   күзетудегі немесе әкімшілік бақылаудағы жолаушылар (жер аударылған тұлғалар, айдаудағы тұтқындар);
   тұтқындардың/жер аударылғандардың айдауылдары;



8)

тексерiлген жолаушылар үшiн тазартылған аймақтардың болуы және жай-күйi;



9)

   жолаушыларды ӘК бортына жеткiзіп салу және ілесіп жүру тәртiбi;
   тексеруден өткен және өтпеген адамдардың араласып кетуiн болдырмау;



10)

   ӘК экипаждарының мүшелері мен әуежайдың, авиакәсіпорынның және пайдаланушының авиаперсоналын тексеруді ұйымдастыру және жай-күйі;
   ӘК экипаждарының мүшелері мен авиаперсоналды тексеру технологиясын сақтау;



11)

   тексеру нәтижелерi бойынша есепке алу мен есептіліктің жай-күйi. Жолаушыларды, багажды, жүкті және борт тағамын тексеру карталарының болуы;



12)

   ӘК бортында ұшу кезінде жолаушылардан алынған қаруды, оқ-дәрiлердi және арнайы құралдарды тасымалдау тәртiбiн ұйымдастыру және сақтау, соның iшiнде:
   қару мен оқ-дәрiлердi экипажға тапсыру технологиясының болуы;
   қару мен оқ-дәрiлердi қабылдау және беру үшiн үй-жайлардың болуы;
   ӘК бортына қару мен оқ-дәрiлердi жеткiзу шарттары;
   ӘК жолаушы салонында қару мен оқ-дәрiлердi алып ұшу;
   ӘК қол жетпейтiн жерлерiнде сақталатын қаруды алып ұшу;
   ұшу кезеңінде жолаушылардан алынған қару мен оқ-дәрiлердi алып ұшуға арналған жабылатын металл жәшiктердi орналастыру, тасымалдау және сақталуын қамтамасыз ету ережелерi бойынша нұсқаулықтың болуы.



5.

Багажды, жүктi, почтаны және борттық қорларды ұшу алдында тексерудi ұйымдастыру төмендегілерді қамтуы тиіс:



1)

багаждың, жүктiң, почтаның және борттық қорлардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi ұйымдастыру және оның жай-күйi:
   багажды қабылдау және күзету;
   багажды тексеру рәсімдері;
   багаждың жолаушыларға тиiстiлiгiн анықтау;
   тiркелген багажды тексеру;
   тiркелген трансферттiк багаж;
   дұрыс өңделмеген багажды сақтау;
   багаждың ӘК тасымалдануын бақылау;



2)

   жүктi, почтаны (бандерольдер, курьерлік жөнелтімдер) және борттық қорларды тексеру рәсімдері:
   әдеттегі жағдайлардағы қауiпсiздiк мақсатында тексеру шаралары;
   қауiптiлігі жоғары кезеңдегi тексеру шаралары;
   борт тағамын және борт қорын қауіпсіздік мақсатында бақылаудың рәсімдері мен шаралары;



3)

   багажды, жүктi, почтаны және борттық қорды тексеру пункттерiнiң болуы, жай-күйi және жарақталуы;



4)

   бекiтiлген Багажды, жүктi, почтаны және борттық қорды тексеру технологиясының болуы;



5)

АҚҚ авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң техникалық құралдарымен қамтамасыз етiлуi;



6)

жолаушыларды, қол жүгiн, багажды, жүктi, почтаны және борттық қорларды тексерудiң, сондай-ақ ӘК экипажының мүшелерi мен жердегi персоналды тексерудiң арнайы техникалық құралдарын пайдалану:
   пайдаланылатын техникалық тексеру
   құралдарының түрлерi мен үлгiлерi;
   оларды қолдану учаскелерi;
   жарылғыш заттарды табу үшiн техникалық құрылғылар мен қызметтiк иттердi пайдалану;



7)

   инженерлік-техникалық күзет құралдарын пайдалану:
   пайдаланылатын инженерлік-техникалық күзет құралдарының түрлерi мен үлгiлерi;
   инженерлік-техникалық күзет құралдарын қолдану объектiлерi;
   бақылау пункттерiнiң болуы және жарақталуы;
   күзет құралдары іске қосылған кезде шаралар қабылдау рәсімдері;



8)

авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң техникалық құралдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету тәртiбi.



6.

   Азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласу актiлерiне байланысты төтенше жағдайларды реттеу жөнiндегi шараларды ұйымдастыру және қабылдау төмендегілерді қамтуы тиіс:



1)

   авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi әуежай комиссиясының болуы және қызметi:
   бекiтiлген Әуежай комиссиясы туралы ереженiң болуы;
   әуежай комиссиясының құрамы;
   әуежай комиссиясының жұмыс жоспарының болуы;



2)

азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласу актiлерiне байланысты төтенше жағдайларды реттеу жөніндегі iс-әрекеттер жоспарының болуы:
   ТЖ туындаған кезде персоналдың iс-әрекеттерi жөнiндегi нұсқаулықтардың, үзiндiлердiң және жаднамалардың болуы (ӘК басып алуға әрекет жасалған, диверсия және жарылғыш құрылғыларды қолдану қаупi болған жағдайларда көзделген iс-әрекеттер мен рәсімдер);
   "Дабыл" операциясын өткiзудiң келiсiлген жоспарының болуы және оның "Қазақстан Республикасының әуежайларында азаматтық авиация әуе кемелерінде террористік акциялардың жолын кесу туралы" ҚР ККМ 2006 жылғы 12 тамыздағы N 209 ҚБП, ҚР ҰҚК 2006 жылғы 01 шілдедегі N 104 ҚБП, ҚР ПҚС 2006 жылғы 05 шілдедегі N 74 ҚБП бірлескен бұйрығының талаптарына сәйкестігі;
   жарылғыш құрылғыларды қолдану қаупi төнген жағдайда жолаушыларды көшiрiп әкету және ӘК жерде тексеруден өткiзу тәртiбi;
   заңсыз араласу актiлерiне ұшыраған ӘК аэронавигациялық қызмет көрсету;
   жоғары қауiп кезеңiнде немесе аса маңызды рейстер мен бағыттарға қатысты, соның iшiнде бопсалаушылық актiлерi және әуежай қызметкерлерiнiң әрекетiне араласу кезiнде қолдануға жататын авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша арнайы шаралар;



3)

ТЖ реттеу бойынша жедел штабтың жұмысын қамтамасыз ету үшiн командалық пункттiң (бұдан әрi – КП) (арнайы жабдықталған үй-жайдың) болуы:
   жедел штабтың құрамы мен құрылымдық сызбасы;
   хабарлаудың және байланыстың белгiленген тәртiбi (сызбасы);
   байланыс құралдарының болуы, жай-күйi және пайдаланылуы;
   командалық пункттің қызметтi қамтамасыз ету құралдарымен жарақталуы;
   жедел штабты iс-әрекетке келтiрудiң белгiленген тәртiбi;



4)

   ТЖ реттеуге тартылатын күштер мен құралдардың болуы және дайындығы;



5)

   күш пен құралдарды үйлестiру, сабақтар, жаттығулар мен оқу-жаттығуларды өткiзудi ұйымдастыру мен есепке алу;



6)

өзара қарым-қатынастағы қызметтермен және ұйымдармен (олардың дайындығы мен жаттығуларды өткiзу мерзiмдiлiгi үшiн жауапты орган) авиациялық қауiпсiздiк шараларын практикалық жаттықтыру бойынша өткiзiлетiн оқу iс-шаралары.



      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҚР ІІМ         – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;
ҚР ҰҚК         – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
ҚР ПКҚ         – Қазақстан Республикасы Президенттің Күзет қызметі;
ҚР ҚМ          – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі;
ҚР ККМ         – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
                 министрлігі;
АА             – азаматтық авиация;
АҚҚ            – авиациялық қауіпсіздік қызметі;
АҚ             – авиациялық қауіпсіздік;
ӘКПБ           – әуе кеңістігі пайдалану басқармасы;
ЖЖМ            – жанар-жағармай материалы;
ӘК             – әуе кемесі;
БӨП            – бақылау-өткізу пункті;
ТЖ             – төтенше жағдай;
VIP-залы       – аса маңызды тұлғаларға арналған зал;
ЖЗ             – жарылғыш заттар;
СЭҚ            – санитарлық-эпидемиялық қызмет.
      Ескертпе:
      (*) – осы ұйым үшiн мiндеттi емес;
      (-1) – одан арғы қызметке тыйым салатын сәйкессiздiктер;
      (-2) – келiсiлген мерзiмде жойылатын немесе шектеулер енгiзiлетiн жағдайда, одан арғы қызметке кедергi болмайтын сәйкессiздiктер;
      (-3) – одан арғы қызметке кедергi болмайтын және өндiрiс пен сапа жүйесiн жетiлдiру кезiнде жоюға жататын сәйкессiздiктер.