"Тауардың шыққан елін айқындау және тауардың шығуы туралы сертификаттарды беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 24 қыркүйектегі N 374 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 27 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5525 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 11-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2008 жылғы 24 қыркүйектегі N 374 "Тауардың шыққан елін айқындау және тауардың шығуы туралы сертификаттарды беру ережесін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 5347 тіркелген, 2008 жылы 7 қарашада N 170 "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Аталған бұйрықпен бекітілген Тауарлар шығарылған елді анықтау және тауарлардың шығарылуы туралы сертификаттар беру ережелеріне:
      1-бөлімнің 2-тармағындағы "Қазақстан Республикасы кедендік аумағының қалған бөлігіне" деген сөздерден кейін "сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес өндірілген немесе жеткілікті өңдеуден/қайта өңдеуден өткен және Қазақстан Республикасы аумағында бұдан әрі айналымда болуға арналған тауарлардың қазақстанда шығарылғаны туралы сертификат алуға мүдделі шаруашылық субъектілеріне" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-бөлімде:
      9-тармақта:
      1) тармақшада "сондай-ақ мамандандырылған экономикалық аймақтардың аумақтарынан және Қазақстан Республикасының кедендік аумақтарының қалған бөлігіндегі бос қоймалардағы тауарларға" сөздері алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) "СТ-КЗ" нысанды сертификат – мына тауарларға:
      - жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес жеткілікті өңдеуден/қайта өңдеуден өткен және арнайы экономикалық аймақтар аумағынан және бос қоймалардан Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлігіне әкелінетін тауарларға;
      - Қазақстан Республикасының аумағында жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес өндірілген және жеткілікті өңдеуден/қайта өңдеуден өткен және Қазақстан Республикасы аумағында бұдан әрі айналымда болуға арналған тауарларға.";
      10-тармақта:
      бірінші абзацтағы "СТ-1", "А", "Түпнұсқа" деген сөздерден кейін "СТ-КЗ" деген сөзбен толықтырылсын;
      2) тармақшада "СТ-1", "Түпнұсқа" деген сөздерден кейін "СТ-КЗ" деген сөзбен және "СТ-1" нысанды тауардың шығарылуы туралы" деген сөздерден кейін "СТ-КЗ" деген сөзбен толықтырылсын;
      3-бөлімде:
      14-тармақтың үшінші абзацындағы "Қазақстан Республикасындағы" деген сөздер алынып тасталсын, "арнайы" деген сөздің алдына "Қазақстан Республикасының аумағында және" деген сөздермен толықтырылсын;
      22-тармақтың он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "осы тармақтың 2) және 3)-тармақтарында көрсетілген құжаттар:
      арнайы экономикалық аймақтар аумағынан және еркін қоймалардан Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне тауарлар шығару;
      Қазақстан Республикасы аумағында жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес өндірілген немесе жеткілікті өңдеуден/қайта өңдеуден өткен және Қазақстан Республикасы аумағында бұдан әрі айналымда болуға арналған тауарлар шығарылған елді анықтау кезінде көрсетілмейді;
      38-тармақта:
      1) және 2) тармақшаларда "тіркелуі" сөзінен кейін "(қайта тіркелуі)" сөзімен толықтырылсын;
      3) тармақшадағы "Көлік құралдары және жүру бағдары" деген сөздерден кейін "(бұл қаншалықты белгілі)" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) тармақшадағы "Шығарылу өлшемі" деген сөзі "Шығарылу өлшемдері" деген сөзбен ауыстырылсын;
      41-тармақтың 4)-тармақшасындағы " экспорт жүгімен қоса жүру (бұл қаншалықты белгілі " деген сөздер алып тасталсын;
      4-бөлім мынадай мазмұндағы 41-1-тармағымен толықтырылсын:
      "41-1. Осы Ережелердің 11-қосымшасына сәйкес "СТ-КЗ" нысанды сертификат мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады, сертификат бағандарында оның берген тауарлары туралы мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      1) 1-баған – "Тауарды өндіруші (атауы және пошталық мекен-жайы)" - тауарды өндірушінің заңды мәртебесін растайтын құжатқа сәйкес тауарды өндіруші болып табылатын жеке және заңды тұлғаның атауы:
      - жеке тұлға үшін – жеке тұлғаны куәландырылатын құжаттың нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес;
      - жеке кәсіпкер үшін – жеке кәсіпкер ретінде өндірушінің мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес. Соның ішінде Қазақстан Республикасы аумағында жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес тауар өндірілген және/немесе жеткілікті өңдеуден/қайта өңдеуден өткен және арнайы экономикалық аймақтардың және еркін қоймалардың атауы көрсетіледі;
      - заңды тұлға үшін - заңды тұлға ретінде өндірушінің мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес.
      Бағандарды толтыру кезінде тауарды өндірушінің нақты орналасқан жерін растайтын құжатқа сәйкес өндірушінің пошталық мекен-жайы көрсетіледі;
      2) 2-баған "Тауарды алушы (атауы және пошталық мекен-жайы)" - тауарды алушының заңды мәртебесін растайтын құжатқа сәйкес тауарды алушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлғаның атауы:
      - жеке тұлға үшін – жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес;
      - жеке кәсіпкер үшін – жеке кәсіпкер ретінде өндірушінің мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес;
      - заңды тұлға үшін - заңды тұлға ретінде өндірушінің мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесіне сәйкес.
      Бағандарды толтыру кезінде тауарды өндірушінің нақты орналасқан жерін растайтын құжатқа сәйкес өндірушінің почталық мекен-жайы көрсетіледі;
      3) 3-баған - "Тауардың шығуы туралы сертификатты алу мақсаты". Тауардың шығарылуы туралы сертификатты алу мақсаты көрсетіледі;
      4) 4-баған – тауардың шығуы, оның пішіні туралы сертификаттың тіркеу нөмірі, сертификат берген ел (Қазақстан Республикасы);
      5) 5-баған – "Қызметтік ескертулер үшін". Мемлекеттік бақылау органдарының қызметтік ескертулері, сондай-ақ мынадай жазбалар: "Түпнұсқа", "Сертификаттың орнына берілді" - жазылады. Егер, тауарды алушы болған жағдайда тауарды өндіруші мен тауарды алушы арасында тауарды алуға арналған келісім-шарт көрсетіледі;
      6) 6-баған – "Нөмір". Тауардың реттік нөмірі көрсетіледі;
      7) 7-баған – "Орындар саны және орауыштың түрі". Тауар орауышының түрі (партиясы) және орындар саны көрсетіледі;
      8) 8-баған – "Тауардың сипаты" - тауардың коммерциялық атауы және тауарды бір мәнде бірдейлендіруге мүмкіндік беретін басқа да мәліметтер;
      9) 9-баған – "Шығарылу өлшемдері". Мынадай тауарлардың шығарылу өлшемдері көрсетіледі:
      П – Тауар толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген. Егер, тауар Қазақстан Республикасы аумағында жеткілікті өңдеу/қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес өндірілген және/немесе жеткілікті өңдеуден/қайта өңдеуден өткен жағдайда белгіленеді және Қазақстан Республикасы аумағында бұдан әрі айналымда болуға арналған тауарларға;
      Д – Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық атау-тізімінің соңғы өнім кодының алғашқы төрт цифрі көрсетіліп, жеткілікті өңдеуден/қайта өңдеуден өткен тауар;
      К – шығарған елі кумулятивтік принцип негізінде анықталған тауар.
      Егер сертификатта Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық атау-тізімінің әр түрлі тауарлық позицияларында жіктелген және әр түрлі шығарылу критерийлері бар тауарлар мәлімделсе, онда 9-бағанда шығарылу өлшемдері барлық мәлімделген тауарлар үшін дифференцияланып көрсетіледі.
      10) 10-баған – "Жалпы/таза салмағы (кг)" тауардың салмақтық не сандық сипаттамалары; тауардың нақты саны мен сертификатта көрсетілген сан арасындағы айырмашылық 5% аспауға тиіс;
      11) 11-баған – "Куәлік". Уәкілетті мемлекеттік орган толтырады және ішіне атауы, мекенжайы, мөрі және сертификатта көрсетілген мәліметтердің куәландырылған күні, сондай-ақ сертификаттауды растауға уәкілетті тұлғаның қолы, тегі және аты-жөні;
      12) 12-баған – "Өтінім берушінің декларациясы". Тауардың шығарылған елдің атауы, тауардың шығарылған елі туралы мәліметтердің декларацияланған жері мен күні өтінім берушінің уәкілетті тұлғасының тегі мен аты-жөні, өтінім берушінің қолы мен мөрі.";
       5-бөлімінің 42-тармағындағы "СТ-1" нысанды сертификаттың  5 бағандағы" деген сөздерден кейін "және СТ-КЗ" деген сөздермен толықтырылсын және "СТ-1 нысанды тауардың шығарылуы туралы сертификаттың 12-бағанында" деген сөздердің алдына "және СТ-КЗ" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-қосымшада:
      3-бағанда "қоса жүру бағдары" деген сөздерден кейін "(бұл қаншалықты белгілі)" деген сөздермен толықтырылсын;
      9-бағандағы "Шығарылу өлшемі" деген сөз "Шығарылу өлшемдері" деген сөзбен ауыстырылсын;
      6-қосымшада:
      9-бағандағы "Шығарылу өлшемі" деген сөз "Шығарылу өлшемдері" деген сөзбен ауыстырылсын;
      7-қосымшада:
      3-баған деген "means of transport and route (as far as known)" жаңа редакцияда жазылсын;
      12-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Declaration by the export.
      The undersigned hereby declares that the above details and statements are correct that all the goods were
      produced in_______________________________________________
                                   (country)
      and that they comply with the origin requirements specified for those goods in the generalized system of preferences for goods exported to
________________________________________________________________
                     (importing country)
________________________________________________________________
      Place and date signature of authorized signatory";
      8-қосымшада:
      12-бағанда:
      "5" цифрінің алдына "N" белгісімен толықтырылсын;
      "exported to" деген сөздерден кейін "authorized" деген сөз алып тасталсын;
      9-қосымшада:
      1-бағандағы ", ел" деген сөзден кейін ")" белгісімен толықтырылсын;
      3-бағандағы "экспорт жүгімен қоса жүру" деген сөздер алып тасталсын;
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті:
      1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарына жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі Е.Қ. Мамытбековке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          В. Школьник

       Келісілді:
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      Б.Б. Жәмішев __________
      2009 жылғы 29 қаңтар

                                   "Тауардың шыққан елін айқындау
                                     және тауардың шығуы туралы
                                    сертификаттарды беру ережесін
                                бекіту туралы" Қазақстан Республикасы
                                  Индустрия және сауда министрінің
                                     2008 жылғы 24 қыркүйектегі
                                   N 374 бұйрығына өзгерістер мен
                                     толықтырулар енгізу туралы"
                                       Қазақстан Республикасы
                                   Идустрия және сауда министрінің
                                          бұйрығына қосымша

                                    Тауардың шыққан елін айқындау
                                     және тауардың шығуы туралы
                                   сертификаттарды беру ережесіне
                                             11-қосымша

1. Тауарды өндіруші
(атауы және пошталық мекен-жайы)

4. N __________________________
 
     Тауардың шығуы туралы
           сертификат
          СТ-КZ нысаны
______________________ берілді
    (елдің атауы)

2. Тауарды алушы
(атауы және пошталық мекен-жайы)

5. Қызметтік ескертулер үшін

3. Тауардың шығуы туралы сертификатты алу мақсаты

6. Нөмір

7. Орындар саны және орау түрі

8. Тауардың сипаттамасы

9.Шығару өлшемдері

10. Ыдысымен/таза салмағы (кг)

11. Куәлік:
Осы құжат бойынша өтініш берушінің декларациясы шындыққа сәйкес келеді
__________________________
         Атауы    
__________________________
       Мекен-жайы       
__________________________
        Аты-жөні
__________________________
          Қолы
__________________________
          Күні

Мөрі

12. Өтініш берушінің декларациясы:
Төменде қол қоюшылар жоғарыда көрсетілген мәліметтер шындыққа сәйкес келетініне, барлық тауарлар толығымен
____________________________
        (елдің атауы)
өндірілгеніне және жеткілікті өңдеуден/қайта өңдеуден өткеніне және олардың барлығы да осындай тауарларға қатысты белгіленген шығару талаптарына сәйкес екендігіне кепіл болады.
________________ ___________
    Аты-жөні        Қолы
________________ ____________
      Күні           Мөрі