Тауарлардың шыққан елін айқындау және тауарлардың шығуы туралы сертификаттарды беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 24 қыркүйектегі N 374 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 23 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5347 болып енгізілді. Күші жойылды - ҚР Индустрия және Сауда министрінің 2009 жылғы 11 наурыздағы N 59 Бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2 тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 ақпандағы N 533 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 5, 52-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымындағы:
      "Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімі" жолындағы "ұйымдастыру-кадр" сөздері "аумақтық-ұйымдастыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы
      Кадр саясаты бөлімі".
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев