Бокей ордасы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 14 шілдедегі N 7-3 "Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 қарашадағы № 10-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әділет басқармасында 2008 жылғы 12 желтоқсанда № 7-4-78 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 27-5 шешімімен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 22.12.2015 № 27-5 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 53 бабын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабын басшылыққа ала отырып аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі Мереке Темірболатұлы Махимовтың ұсынбасына сәйкес аудандық мәслихаттың кезекті оныншы сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 14 шілдедегі № 7-3 "Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-4-68 тіркелген, 2008 жылғы 13 қыркүйектегі "Орда жұлдызы" газетінің № 37 жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
      № 1 қосымшада 8-тармақпен толықтырылып мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Дәрігердің жолдамасымен облыс орталығына барып тексерілген, өкпе ауруымен ауыратын азаматтар."
      № 2 қосымшада 6-тармақпен толықтырылып мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. № 1 қосымшаның 8-тармағы бойынша тексерілген жағдайда табыстары есептелмей, жолақысы мен тамақтануына нақтылы төлем шығыны төленеді."
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрайымы
      Мәслихат хатшысы