Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 14 шілдедегі N 7-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әділет басқармасында 2008 жылғы 11 тамызда N 7-4-68 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 26 ақпандағы N 20-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкейордасы аудандық мәслихаттың 2010.02.26 N 20-4 Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 53 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мұқтаж азаматтардың санаттары мен түрлері N 1 қосымшаға сай бекітілсін.
      2. Әлеуметтік көмектің мөлшері N 2 қосымшаға сай бекітілсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасының м.а.
      Мәслихат хатшысы

Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың
2008 жылдың 14 шілдедегі
N 7-3 шешіміне N 1 қосымша

      Ескерту. 1 қосымшаға өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 2008.11.19 N 10-2, 2009.08.25 N 16-2 Шешімдерімен.

Мұқтаж азаматтардың санаттары мен түрлері

      1. Ауданда тұратын отбасының жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен отбасылар (азаматтар).
      2. Мерекелік күндерге байланысты жекелеген санаттағы азаматтар.
      3. Жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған жұмыссыз қайтыс болған жағдайда оның отбасына жерлеу үшін кіріс көзіне қарамастан және Астана, Алматы қалаларына дәрігердің жолдамасымен барған азаматтарға, емделу үшін жол шығынын төлеу.
      4. Отбасы төтенше жағдайға ұшырағанда (өртке, сұрапыл табиғат апатына ұшырағанда).
      5. Жергілікті маңызы бар дербес зейнеткерлер.
      6. Бейбіт уақытта қаза болған жауынгерлердің отбасы.
      7. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдар мен "Алтын алқа" иегерлеріне табысы есепке алынбай коммуналдық қызметтері үшін өтемақы төлеу (жиынтық тізбенің негізінде өтініш берілмей аударылады).
      8. Сүйемелдеу фазасында жүрген туберкулез ауруымен ауыратын азаматтарға жылына бір рет 15 есе ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек тағайындалсын.
      9. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда әскери қызметін атқарғаны үшін, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған, 1926-1927 жылдары туған әскерге шақырылған адамдар.

Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың
2008 жылдың 14 шілдедегі
N 7-3 шешіміне N 2 қосымша

      Ескерту. 2 қосымшаға өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 2008.11.19 N 10-2, 2009.08.25 N 16-2 Шешімдерімен.

Әлеуметтік көмектің мөлшері

      1. N 1-қосымшаның 1, 2, 3, 4 тармақтары бойынша әлеуметтік төлем жылына бір рет отбасының мүшелеріне немесе бір мүшесіне ақшалай түрде комиссияның қорытындысы бойынша беріледі.
      2. Әлеуметтік төлемнің мөлшерін әрбір нақты жағдайда комиссия белгілейді. Көмектің ең жоғары мөлшері республикалық бюджет туралы Заңымен белгіленген 40 айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиісті.
      3. N 1-қосымшаның 5 тармағы бойынша әлеуметтік көмек ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.
      4. N 1-қосымшаның 6 тармақшасы бойынша әлеуметтік көмек ай сайын 1 000 теңге мөлшерінде тағайындалады.
      5. Мерекелік күндерге байланысты берілетін біржолғы әлеуметтік төлем аталған тарауда көрсетілген тұлғалардың есеп шоттарына жиынтық тізбенің негізінде өтініш берілмей мөлшері комиссия қорытындысы бойынша аударылады:
      1) Жеңіс күніне орай, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
      2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың жесірлеріне, Ауған соғысына қатысқандарға;
      3) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектерінің әйелдеріне;
      4) Чернобыль АЭС–індегі апат зардаптарын жоюға қатысқандарға;
      5) Балаларды қорғау күніне орай, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға.
      6. Сүйемелдеу фазасында жүрген туберкулез ауруымен ауыратын азаматтарға жылына бір рет 15 есе ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек тағайындалсын.
      7. 1-қосымшаның 9-тармағы бойынша тексерілген жағдайда 2,9 ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын материалдық көмек тағайындалсын.