Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 3 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6, 7-баптарына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Ережені" бекіту туралы" 2007 жылғы 5 сәуірдегі N 43-6 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 24 сәуірдегі N 7-1-67 нөмермен тіркелген, "Жайық үні" газетінің 2007 жылғы 3 мамырдағы N 18, "Пульс города" газетінің 2007 жылғы 17 мамырдағы N 20 жарияланған), Орал қалалық мәслихатының 2007 жылғы 16 шілдедегі N 47-9 "Орал қалалық мәслихатының "2007 жылғы 5 сәуірдегі N 43-6 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Ережені" бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 31 шілдеде N 7-1-73 нөмермен тіркелген, "Жайық үні" газетінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N 50, "Пульс города" газетінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N 50 жарияланған) шешімімен, Орал қалалық мәслихатының 2008 жылғы 2 шілдедегі N 9-15 "Орал қалалық мәслихатының "2007 жылғы 5 сәуірдегі N 43-6 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Ережені" бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 22 шілдеде N 7-1-107 нөмермен тіркелген, "Жайық үні" газетінің 2007 жылғы 24 шілдедегі N 30, "Пульс города" газетінің 2008 жылғы 31 шілдедегі N 31 жарияланған) шешімімен енгізілген толықтырулар мен өзгерістерді ескере отырып, шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) шешімнің атауындағы "Ережені" сөзі "Қағиданы" сөзімен ауыстырылсын;
2) шешімнің 1-тармағындағы "Ереже" сөзі "Қағида" сөзімен ауыстырылсын;
3) шешімнің N 1 қосымшасының 15 тармағындағы "тұрғын үй көмегі бөлiмiне хабарлауға" сөздерінен бұрын "Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанындағы" сөздерімен толықтырылсын;
4) шешімнің N 1 қосымшасының 15 тармағындағы "қалалық тұрғын үй көмегі бөлiмiне" сөздері "Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанындағы тұрғын үй көмегі бөлiмi" сөздерімен ауыстырылсын;
5) шешімнің N 1 қосымшасының 18 тармағындағы "қалалық тұрғын үй көмегі бөлiмiнің" сөздері "Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанындағы тұрғын үй көмегі бөлiмiнің" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Орал қалалық мәслихатының кезекті
11-ші сессиясының төрайымы
Орал қалалық мәслихатының хатшысы