Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 116-баптарына , "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы N 42 қаулысына , "Шаруашылық-ауыз суымен жабдықтауға және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындары жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 28 маусымдағы N 506 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 2999 болып тіркелген бұйрығына, "Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағы" жобасына сәйкес және су объектілерін ластанудан және сарқылудан қорғау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызметтің режимі белгіленсін.
3. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті (В.Р.Колесников) "Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағы" жобасын мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.В. Плотниковке жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі
Келісілді:
Ертіс бассейндік су шаруашылығы
басқармасының бастығы
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2008 жылғы
4 ақпандағы N 441
қаулысына қосымша
Шүлбі су қоймасының су қорғау
аймағы мен су қорғау белдеуі
Рет
|
Су объек
|
Су қорғау аймағы |
Су қорғау белдеуі |
||||
шекара
|
алаңы,
|
орташа
|
шека
|
алаңы,
|
орташа
|
||
1. |
Шүлбі су
|
212 |
13056 |
500-1000 |
265 |
2404 |
50-350 |
Ескертпе:
1. Су қорғау аймағының ені қалыпты тежелген деңгей кезінде су кемерінен бастап 240 метр горизонтальға сәйкес белгіленеді;
1) Убаредмет ауылының шығысына қарай жырасайдағы Шульбинка, Осиха, Оба, Қызылсу, Ковалевка өзендерінің қосылатын орындарында 1000 метр;
2) қайта өңдеудің соңғы сатысын ескерумен жағалауларды қайта өңдеу орындарында 500 метр.
2. Су қорғау белдеуінің ені 50 метрге белгіленеді:
1) қалыпты тежелген деңгей кезінде су кемерінен бастап 240 метр горизонтальға сәйкес белгіленеді;
2) жағалауларды қайта өңдеу орындарында - қалыпты тежелген деңгей кезінде соңғы қайта өңдеу сатысынан бастап.
3. Су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені "Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағы" бекітілген жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.
Шығыс Қазақстан облысы табиғи
ресурстар және табиғат пайдалануды
реттеу департаментінің директоры