Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 9.04.2015 N 120 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы 27 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238 бабы 3 тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыстық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметкерлердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Е.Нұрақаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі |
Облыс әкімдігінің |
Облыстық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда
қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметкерлердің
жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма
бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік
ставкаларды алуға құқығы бар және ауылдық (селолық) жерде
жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету,
білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының
Тізбесі
1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары (оның ішінде бірінші);
2) бөлімшенің, зертхананың басшысы;
3) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
4) акушер;
5) емдәм бикесі;
6) тіс дәрігері;
7) тіс технигі;
8) барлық мамандықтағы медициналық бике;
9) медициналық статистик;
10) медициналық зертханашы;
11) провизор;
12) психолог;
13) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
14) рентген зертханашысы;
15) мамандырылған медициналық бике;
16) медициналық бикенің көмекшісі;
17) фармацевт;
18) фельдшер (-зертханашы);
19) кітапханашы;
20) дәріхана меңгерушісі;
21) мәдени ұйымдастырушы;
22) нұсқаушы.
2. Ескерту. 2-тармақ алынып тасталған - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009.02.19 N 35 Қаулысымен
3. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
1) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
2) медициналық бике;
3) мұғалім;
4) тәрбиеші;
5) психолог;
6) емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;
7) еңбек жөніндегі нұсқаушы;
8) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
9) мәдени ұйымдастырушы.
4. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары (оның ішінде бірінші);
2) мүғалім;
3) әлеуметтік педагог;
4) педагог - психолог;
5) оқытушы;
6) тәрбиеші;
7) музыкалық жетекші;
8) нұсқаушы;
9) мәдени ұйымдастырушы;
10) әдістемелік кабинеттің басшысы;
11) әдістемеші,
12) шебер;
13) аккомпаниатор;
14) концертмейстер;
15) үйірме жетекшісі;
16) медициналық бике;
17) емдәм бикесі;
18) кітапханашы;
19) библиограф;
20) жетекші;
21) инспектор;
22) зертханашы;
23) кітапхананың, интернаттың, психологтік-педагогикалық түзету кабинетінің, шеберхананың меңгерушісі;
24) дәрігер;
25) сурдопедагог,
26) тифлопедагог;
27) көркемдік жетекші;
28) балетмейстер,
29) хормейстер;
30) хореограф;
31) жаттықтырушы;
32) барлық атаудағы суретшілер;
33) оқу бөлімінің хатшысы.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009.02.19 N 35 Қаулысымен
5. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) ұйымның директоры, басшысы, бастығы;
2) бөлімшенің жетекшісі;
3) директордың, басшының, бастықтың орынбасары;
4) сектордың, бөлімнің, қор қоймысының меңгерушісі;
5) сектор басшысы;
6) суретші-ресімдеуші, суретші-реставратор, қоюшы суретші;
7) бейнеоператоры;
8) аға ғылыми қызметкері, кіші ғылыми қызметкері, жетекші ғылыми қызметкері, ғылыми қызметкер;
9) мұражайдағы бас күзетшісі, қор күзетшісі;
10) экскурсовод;
11) қараушы, мұражай қараушысы;
12) сақтау жөніндегі маман;
13) әдістемеші, аға әдістемеші, жетекші әдістемеші;
14) мұрағатшы.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009.02.19 N 35 Қаулысымен
6. Спорт мамандарының лауазымдары:
1) басшы, директор;
2) директордың, басшының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары;
3) нұсқаушы, нұсқаушы-әдістемеші;
4) дәрігер;
5) медициналық зертханашы;
6) медициналық бике;
7) әдістемеші;
8) психолог;
9) аға жаттықтырушы, жаттықтырушы.
Ескерту: дезинфектор лауазымы кәсіптік дайындық және арнаулы білім болған жағдайда.