Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы туралы" мәслихаттың 2006 жылғы 6 қазандағы № 304 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" мәслихаттың 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 31 шешіміне (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-1-94, 2008 жылғы 5 ақпандағы № 9 "Қостанай" газеті) келесі өзгеріс енгізілсін:
2-тармақта жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2008 жылғы 1 қаңтарда туындаған іс-әрекетке таратылады".
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, № 1 сайлау
округі бойынша депутаты А. Дудин
Қостанай қалалық
мәслихат хатшысы С. Төкенов