"Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы туралы" мәслихаттың 2006 жылғы 6 қазандағы № 304 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 31 шешімі. Қостанай облысы Қостанай қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 17 қаңтарда № 9-1-94 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы № 276 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 31.03.2010 № 276 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес, Қостанай қалалық Мәслихаты ШЕШТІ:
       1. "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" мәслихаттың 2006 жылғы 6 қазандағы № 304 шешіміне (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-1-58, 2006 жылғы 3 қарашадағы № 125 "Қостанай" газеті, бұрын "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" мәслихаттың 2006 жылғы 6 қазандағы № 304 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" мәслихаттың 2007 жылғы 18 қаңтардағы № 330 шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-1-64, 2007 жылғы 1 наурыздағы № 17 "Қостанай" газеті) келесі толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      Аталған шешімімен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасында:
       5-тармақта "жиырма" деген сөзі "он бес" сөзіне ауыстырылсын;
       6-тармақта "адамға" деген сөзінен кейін "отбасына плюс тоғыз шаршы метр" деген сөздерімен толықтырылсын;
       11-тармақта:
      3)- және 8)-тармақшалары алынып тасталсын;
       11-1 тармақта:
      6) тармақша алынып тасталсын;
       келесі мазмұнды 11-2 тармақпен толықтырылсын:
      "Азаматтың тұрғын үй көмегіне берген бірінші өтінішіне уәкілетті органының сұранысы бойынша жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша уәкілетті органмен тұрғын үйдің бар немесе жоқ туралы мәліметтері беріледі. Есептеу құралдары бар, тұтынушылар коммуналдық қызметтерді пайдаланатын нақты шығындары туралы мәліметтер уәкілетті органның сұранысы бойынша қаланың коммуналдық қызметтерімен беріледі".
       21-тармақта "Ағымдағы айға құжаттар қабылдау айдың 24-ші жұлдызында аяқталады" деген сөйлем "Құжаттарды қабылдау ай бойы жүзеге асырылады, есептілік әр айдың 24-ші жұлдызына дайындалады" деген сөйлемімен ауыстырылады.
       2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2008 жылғы 1 қаңтарда туындаған іс-әрекетке таратылады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редақцияда - Қостанай облысы Қостанай қалалық мәслихатының 15.09.2008 № 120 шешімімен.

      Сессия төрағасы, № 7 сайлау
      округі бойынша депутаты

      Қалалық Мәслихаттың хатшысы

      КЕЛІСІЛДІ: