"Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы туралы" мәслихаттың 2006 жылғы 6 қазандағы N 304 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2008 жылғы 22 мамырдағы N 94 шешімі. Қостанай облысы Қостанай қаласы әділет басқармасында 2008 жылғы 16 маусымда N 9-1-106 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы № 276 шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 31.03.2010 № 276 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес, Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы туралы" мәслихаттың 2006 жылғы 6 қазандағы N 304 шешіміне(мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-1-58, 2006 жылғы 3 қарашадағы N 125 "Қостанай" газеті, бұрын "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы туралы" мәслихаттың 2006 жылғы 6 қазандағы N 304 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" мәслихаттың 2007 жылғы 18 қаңтардағы N 330 шешімімен, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-1-64, 2007 жылғы 1 наурыздағы N 17 "Қостанай" газеті, "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы туралы" мәслихаттың 2006 жылғы 6 қазандағы N 304 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"  мәслихаттың 2007 жылғы 14 желтоқсандағы N 31 шешімімен , мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-1-94, 2008 жылғы 5 ақпандағы N 9 "Қостанай" газеті, өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) келесі өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасында:

      4 тармақтың 2 абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге төлеудің ұйғарынды шекті шығын үлесі Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, мәртебелері Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1995 жылғы 28 сәуірдегі 6, 8 баптарымен белгіленген, соларға теңестірілген адамдарға тұрғын үй көмегін есептегенде қолданылмайды. Осы санаттардағы азаматтарға коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді ұстауға шығындардың жүз пайызы өтеледі";

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "6. Өтемақымен қамтамасыз етілген тұрғын үй алаңының мөлшері, пайдаланылатын алаңы көлемінің бір адамға он сегіз шаршы метрін отбасына плюс тоғыз шаршы метр құрайды, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес. Жалғыз тұратын азаматтар үшін пайдаланатын алаңының көлеміне байланыссыз отыз шаршы метр шегінде, Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін - отыз алты шаршы метр шегінде, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар үшін төлеуге - он сегіз шаршы метр шегінде, бірақ тұратын алаңынан аспайтын.";

      11-1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "11-1. Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектері, соларға теңестірілген адамдар тұрғын үй көмегін алу үшін мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) арыз;
      2) Ұлы Отан Соғысының қатысушысы және мүгедегі куәлігінің немесе жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектерге теңестірілген адамның мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесін;
      3) өтініш берушінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесін;
      4) пәтер жоспарының көшірмесін;
      5) азаматтарды тіркеу кітабының немесе мекен-жайын растайтын өзге құжаттың көшірмесін;"

      11-2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "11-2. Азаматтың, Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектерінен және соларға теңестірілген адамдардан басқа тұрғын үй көмегіне берген бірінші өтінішіне жылына бір рет уәкілетті органның сұранысы бойынша жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша уәкілетті органмен тұрғын үйдің бар немесе жоқ туралы мәліметтері беріледі. Есептеу құралдары бар, тұтынушылар коммуналдық қызметтерді пайдаланатын нақты шығындары туралы мәліметтер уәкілетті органның сұранысы бойынша қаланың коммуналдық қызметтерімен беріледі.".

      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізілсін.

      Сессияның төрағасы,
      N 13 сайлау округі бойынша депутаты

      Қалалық Мәслихаттың хатшысы

      КЕЛІСІЛДІ: