Ұзынкөл ауданы Киевский ауылдық округі және Варваровка ауылының аумақтарындағы туристік кешендер құрылысына арналған телімде Шошқалы көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін және олардың шаруашылық пайдалану тәртібін белгілеу туралы

Қостанай облысының әкімдігінің 2008 жылғы 5 маусымдағы N 326 қаулысы. Қостанай облысы әділет департаментінде 2008 жылғы 15 шілдеде N 3644 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша:
      "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Қостанай облысы әкімдігінің 30.04.2014 № 182 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      "Киевский және Куйбышевский ауылдық округтері аумағындағы" деген сөздер "Киевский ауылдық округі және Варваровка ауылының аумақтарындағы" деген сөздермен ауыстырылды - Қостанай облысы әкімдігінің 27.03.2015 № 111 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің  116-бабының 2 -тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, сәйкес Қостанай облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Ұзынкөл ауданы Киевский ауылдық округі және Варваровка ауылының аумақтарындағы туристік кешендер құрылысына арналған телімде Шошқалы көлінің су қорғау аймағы мен белдеуі белгіленсін.
      Жобада су қорғау аймақтарының ені және ұзындығы бөлінген:
      N 1 телімде: ені 500 метр, ұзындығы 100 метр, Шошқалы көлі су кемерінің орташа көп жылдық сабалық деңгейінен - 93.69 метр. Су қорғау аймағының жалпы ауданы 5,0 гектарды құрайды.
      N 2 телімде: ені 500 метр, ұзындығы 96 метр, Шошқалы көлі су кемерінің орташа көп жылдық сабалық деңгейінен - 93.69 метр. Су қорғау аймағының жалпы ауданы 4,8 гектарды құрайды.
      Жобада су қорғау белдеулерінің ені және ұзындығы бөлінген:
      N 1 телімде: ені 60 метр, ұзындығы 100 метр, Шошқалы көлі су кемерінің орташа көп жылдық сабалық деңгейінен - 93.69 метр. Су қорғау белдеуінің жалпы ауданы 0,6 гектарды құрайды.
      N 2 телімде: ені 60-70 метр, ұзындығы 96 метр, Шошқалы көлі су кемерінің орташа көп жылдық сабалық деңгейінен - 93.69 метр. Су қорғау белдеуінің жалпы ауданы 0,58 гектарды құрайды.
      Су қорғау аймағы мен белдеудің шекарасы топографиялық жоспарда 1:2000 масштабында салынған.

      2. Қосымшаға сай су қорғау аймағы аумағында шаруашылық пайдаланудың арнайы тәртібі және Ұзынкөл ауданы Киевский ауылдық округі және Варваровка ауылының аумақтарындағы туристік кешені қаулысына арналған телімде Шошқалы көлінің су қорғау аймағы мен белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызметінің тәртібі белгіленсін.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қостанай облысының
      әкімі                                      С. Кулагин

      Әкімдік мүшелері:

      КЕЛІСІЛДІ

Әкімдіктің               
2008 жылғы 5 маусымдағы  
N 326 қаулысына қосымша  

Су қорғау аймағы аумағында шаруашылық пайдаланудың
арнайы тәртібі және Ұзынкөл ауданы Киевский ауылдық округі
және Варваровка ауылының аумақтарындағы туристік кешендер
құрылысына арналған телімде Шошқалы көлінің су
қорғау аймағы мен белдеуі аумағында шектеулі
шаруашылық қызметінің тәртібі

      1. Су қорғау аймағы шегінде мыналарға жол берілмейді:
      1) міндетті түрде мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптаусыз жұмыс және қызмет көрсету аумақтарында шаруашылық қызметке және өндіріске;
      2) авиациялық-химиялық жұмыстарды жүргізуге;
      3) өсімдіктер мен арамшөптер зиянкестерімен күрестің химиялық құралдарын қолдануға;
      4) топырақты тыңайту үшін көң ағындыларын пайдалануға;
      5) улы химикат, минералдық тыңайтқыштар және жанармай материалдары қоймаларын, аппаратураны улы химикаттармен толтыру үшін алаңдарды, мал кешендері мен фермаларын, өнеркәсіптік, тұрмыстық және ауыл шаруашылық қалдықтарды жинау және көму жерлерін, мал қорымын, су ағындыларының жиынтығын орналастыруға;
      6) отын құюға, автомобильдерді, тракторларды және басқа машиналар мен механизмдерді жууға және жөндеуге;
      7) көлік құралдарының тұрақтарын орналастыруға, оның ішінде: саяжай және бақ өсіру телімдері аумақтарында;
      8) ғимараттарға, имараттарға, коммуникациялар мен басқа объектілерге қайта жаңғырту жүргізуге, сондай-ақ су қорын пайдалану және қорғау; қоршаған ортаны қорғау; жер ресурстарын басқару; халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жайлылығы саласындағы жұмыстарды жергілікті атқарушы органдардың келісімінсіз жүргізуге;
      9) ағынды суларды, өнеркәсіптік және тағам қалдықтарын төгуге;
      10) су объектілерінде улы заттардың бөлінуімен жүретін жарылғыш жұмыстарды жүргізуге;
      11) қатты тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды су объектілеріне тастауға және сонда көмуге;
      12) су объектісі мен мұз жамылғысының су жинау алабы алаңын шайылуы беткі және жер асты су объектілері сапасының нашарлауына апарып соғатын қатты өндірістік, тұрмыстық қалдықтармен және басқа қалдықтармен ластауға.

      2. Су қорғау аймағы үшін белгіленген шектеулерден басқа су қорғау белдеуі шегінде мыналарға жол берілмейді:
      1) малды жаюға, ағашты-бұталы өсімдіктерді кесуге;
      2) тыңайтқыштарды, улы химикаттар мен пестицидтерді қолдануға;
      3) шатырлы қалаларды, тұрақты автомобиль тұрақтарын құруға;
      4) бас тоғанды, су реттеуіш, қорғағыш және басқа арнайы тағайындаудағы имараттардан басқа ғимараттар мен имараттардың құрылысына;
      5) су қоймаларының, олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануының алдын алатын имараттар және қондырғылармен қамтамасыз етілмеген қолданыстағы объектілерді пайдалануға беруге.