Ұзынкөл ауданы Киевский ауылдық округі және Варваровка ауылының аумақтарындағы туристік кешендер құрылысына арналған телімде Шошқалы көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы

Қостанай облысының әкімдігінің 2008 жылғы 5 маусымдағы N 326 қаулысы. Қостанай облысы әділет департаментінде 2008 жылғы 15 шілдеде N 3644 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2017 № 328 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырыпта және бүкіл мәтін бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Қостанай облысы әкімдігінің 30.04.2014 № 182 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      "Киевский және Куйбышевский ауылдық округтері аумағындағы" деген сөздер "Киевский ауылдық округі және Варваровка ауылының аумақтарындағы" деген сөздермен ауыстырылды - Қостанай облысы әкімдігінің 27.03.2015 № 111 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2017 № 328 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Ұзынкөл ауданы Киевский ауылдық округі және Варваровка ауылының аумақтарындағы туристік кешендер құрылысына арналған телімде Шошқалы көлінің су қорғау аймағы мен белдеуі белгіленсін.

      Жобада су қорғау аймақтарының ені және ұзындығы бөлінген:

      N 1 телімде: ені 500 метр, ұзындығы 100 метр, Шошқалы көлі су кемерінің орташа көп жылдық сабалық деңгейінен - 93.69 метр. Су қорғау аймағының жалпы ауданы 5,0 гектарды құрайды.

      N 2 телімде: ені 500 метр, ұзындығы 96 метр, Шошқалы көлі су кемерінің орташа көп жылдық сабалық деңгейінен - 93.69 метр. Су қорғау аймағының жалпы ауданы 4,8 гектарды құрайды.

      Жобада су қорғау белдеулерінің ені және ұзындығы бөлінген:

      N 1 телімде: ені 60 метр, ұзындығы 100 метр, Шошқалы көлі су кемерінің орташа көп жылдық сабалық деңгейінен - 93.69 метр. Су қорғау белдеуінің жалпы ауданы 0,6 гектарды құрайды.

      N 2 телімде: ені 60-70 метр, ұзындығы 96 метр, Шошқалы көлі су кемерінің орташа көп жылдық сабалық деңгейінен - 93.69 метр. Су қорғау белдеуінің жалпы ауданы 0,58 гектарды құрайды.

      Су қорғау аймағы мен белдеудің шекарасы топографиялық жоспарда 1:2000 масштабында салынған.

      2. Ұзынкөл ауданы Киевский ауылдық округі және Варваровка ауылының аумақтарындағы туристік кешендер құрылысына арналған телімде Шошқалы көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2017 № 328 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай
облысының әкімі
С. Кулагин

      Әкімдік мүшелері:

      КЕЛІСІЛДІ

  Әкімдіктің
2008 жылғы 5 маусымдағы
N 326 қаулысына қосымша

Ұзынкөл ауданы Киевский ауылдық округі және Варваровка ауылының аумақтарындағы туристік кешендер құрылысына арналған телімде Шошқалы көлінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2017 № 328 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Су қорғау белдеулерінің шегінде мыналарға жол берілмейді:

      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;

      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

      7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.

      2. Су қорғау аймақтарының шегінде мыналарға жол берілмейді:

      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.

      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.