Қостанай ауданы Мичурин селолық округі аумағындағы туристік қызметтердің спорттық-сауықтыру кешені құрылысына арналған телімде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін және олардың шаруашылық пайдалану тәртібін белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 7 сәуірдегі N 203 қаулысы. Қостанай облысы әділет департаментінде 2008 жылғы 30 сәуірде N 3635 тіркелді 

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің  116-бабының  2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  27-бабы  1-тармағының 8-1) тармақшасына, және "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу  ережесін  бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы N 42 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай ауданы Мичурин селолық округі аумағындағы туристік қызметтердің спорттық-сауықтыру кешені құрылысына арналған телімде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі және олардың шаруашылық пайдалану тәртібі белгіленсін.
      Су қорғау аймағының ені 1000 метр, Тобыл өзені су кемерінің орташа көп жылдық сабалық деңгейінен - 124.19 метр, ұзындығы 70 метр. Су қорғау аймағының жалпы ауданы 7,0 гектарды құрайды.
      Су қорғау аймағы шегінде 170 метр ұзындықта оның барлық қашықтығындығы ені 20 метр су қорғау белдеуі бөлінген. Тобыл өзені су қорғау белдеуінің ішкі шекарасы судың көп жылдық сабалық деңгейінде кемер бойынша анықталған және 0,34 гектар су қорғау белдеуінің жалпы ауданымен 124,19 метр белгісіне сәйкес келеді.
      Су қорғау аймағы мен белдеудің шекарасы топографиялық жоспарда 1:500 масштабында салынған.

      2. Қосымшаға сәйкес су қорғау аймағы аймағында шаруашылық пайдаланудың арнайы тәртібі және Тобыл өзенінің су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызметінің тәртібі белгіленсін.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қостанай облысының
      әкімі

      Әкімдік мүшелері:

      КЕЛІСІЛДІ

Әкімдіктің         
2008 жылғы 7 сәуірдегі  
N 203 қаулысына қосымша 

Су қорғау аймағы аумағында шаруашылық пайдаланудың арнайы
тәртібі және Қостанай ауданы Мичурин селолық округі
аймағындағы туристік қызметтердің спорттық-сауықтыру кешені
Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі аймағында шектеулі
шаруашылық қызметінің тәртібі

      1. Су қорғау аймағы шегінде мыналарға жол берілмейді:
      1) міндетті түрде мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптаусыз жұмыс және қызмет көрсету аумақтарында шаруашылық қызметке және өндіріске;

      2) авиациялық-химиялық жұмыстарды жүргізуге;

      3) өсімдіктер мен арамшөптер зиянкестерімен күрестің химиялық құралдарын қолдануға;

      4) топырақты тыңайту үшін көң ағындыларын пайдалануға;

      5) улы химикат, минералдық тыңайтқыштар және жанармай минералдары қоймаларын, аппаратураны улы химикаттармен толтыру үшін алаңдарды, мал кешендері мен фермаларын, өнеркәсіптік, тұрмыстық және ауыл шаруашылық қалдықтарды жинау және көму жерлерін, мал қорымын, су ағындыларының жиынтығын орналастыруға;

      6) отын құюға, автомобильдерді, тракторларды және басқа машиналар мен механизмдерді жууға және жөндеуге;

      7) көлік құралдарының тұрақтарын орналастыруға, оның ішінде: саяжай және бақ өсіру телімдері аумақтарында;

      8) ғимараттарға, имараттарға, коммуникациялар мен басқа объектілерге қайта жаңғырту жүргізуге, сондай-ақ су қорын пайдалану және қорғау; қоршаған ортаны қорғау; жер ресурстарын басқару; халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жайлылығы саласындағы жұмыстарды жергілікті атқарушы органдардың келісімінсіз жүргізуге;

      9) ағынды суларды, өнеркәсіптік және тағам қалдықтарын төгуге;

      10) су объектілерінде улы заттардың бөлінуімен жүретін жарылғыш жұмыстарды жүргізуге;

      11) қатты тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды су объектілеріне тастауға және сонда көмуге;

      12) су объектісі мен мұз жамылғысының су жинау алабы алаңын шайылуы беткі және жер асты су объектілері сапасының нашарлауына апарып соғатын қатты өндірістік, тұрмыстық қалдықтармен және басқа қалдықтармен ластауға;

      13) су объектілері мен имараттарында халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп келтіретін техника мен технологияларды қолдануға;

      2. Су қорғау аймағы үшін белгіленген шектеулерден басқа су қорғау белдеуі шегінде мыналарға жол берілмейді:
      1) малды жаюға, ағашты-бұталы өсімдіктерді кесуге;

      2) тыңайтқыштарды, улы химикаттар мен пестицидтерді қолдануға;

      3) шатырлы қалаларды, тұрақты автомобиль тұрақтарын құруға;

      4) бас тоғанды, су реттеуіш, қорғағыш және басқа арнайы тағайындаудағы имараттардан басқа ғимараттар мен имараттардың құрылысына;

      5) су қоймаларының, олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануының алдын алатын имараттар және қондырғылармен қамтамасыз етілмеген қолданыстағы объектілерді пайдалануға беруге.