Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Жер кодексінің 19 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" № 4200 Заңының 3 тарауы 14 тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35 бабының 1 тармағынның 6 тармақшасына, 2 тармағына сәйкес, сонымен қатар Маңғыстау ауылы тұрғындарымен өткізілген жиналысының 2008 жылғы 13 маусымындағы хаттамасының негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Маңғыстау селосындағы ескі көпірге баратын жолдың сол жағында орналасқан жалпы ауданы 35 га (201 учаскеден тұратын) Маңғыстау-1 тұрғын үй алабы, Маңғыстау-1 тұрғын үй массиві деп аталсын.
2. Маңғыстау селосындағы ескі көпірге баратын жолдың сол жағында орналасқан жалпы ауданы 35 га (207 учаскеден тұратын) Маңғыстау-2 тұрғын үй алабы, Маңғыстау-2 тұрғын үй массиві деп аталсын.
3. Маңғыстау селосы мен Ақтау қаласы аралығындағы тас жолының оң жағында орналасқан жалпы ауданы 84 га Маңғыстау-3 тұрғын үй алабы, Маңғыстау-3 тұрғын үй массиві деп аталсын.
4. Маңғыстау селосы мен Ақтау қаласы аралығындағы тас жолдың сол жағында орналасқан жалпы ауданы 164 га Маңғыстау-4 тұрғын үй алабы, Маңғыстау-4 тұрғын үй массиві деп аталсын.
5. Маңғыстау селосының солтүстік жағында орналасқан жалпы ауданы 250 га Маңғыстау-5 тұрғын үй алабы, Маңғыстау-5 тұрғын үй массиві деп аталсын.
6. Осы шешім Мұнайлы аудандық әділет басқармасында тіркеуден өткеннен күшіне және алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Әкім | Н. Тәжібаев |