Маңғыстау ауылының әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктерінің атауларын өзгерту туралы

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылы әкімінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 226 шешімі. Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 30 маусымда № 11-7-11 болып тіркелді

Жаңартылған
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылы әкімінің 03.02.2017 № 37 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Жер кодексінің 19 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" № 4200 Заңының 3 тарауы 14 тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35 бабының 1 тармағынның 6 тармақшасына, 2 тармағына сәйкес, сонымен қатар Маңғыстау ауылы тұрғындарымен өткізілген жиналысының 2008 жылғы 13 маусымындағы хаттамасының негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Маңғыстау ауылындағы ескі көпірге баратын жолдың сол жағында орналасқан жалпы ауданы 35 гектар (201 учаскеден тұратын) Маңғыстау-1 тұрғын үй алабы, Маңғыстау-1 тұрғын үй массиві деп аталсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылы әкімінің 03.02.2017 № 37 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Маңғыстау ауылындағы ескі көпірге баратын жолдың сол жағында орналасқан жалпы ауданы 35 гектар (207 учаскеден тұратын) Маңғыстау-2 тұрғын үй алабы, Маңғыстау-2 тұрғын үй массиві деп аталсын.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылы әкімінің 03.02.2017 № 37 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Маңғыстау ауылы мен Ақтау қаласы аралығындағы тас жолының оң жағында орналасқан жалпы ауданы 84 гектар Маңғыстау-3 тұрғын үй алабы, Маңғыстау-3 тұрғын үй массиві деп аталсын.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылы әкімінің 03.02.2017 № 37 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Маңғыстау ауылы мен Ақтау қаласы аралығындағы тас жолдың сол жағында орналасқан жалпы ауданы 164 гектар Маңғыстау-4 тұрғын үй алабы, Маңғыстау-4 тұрғын үй массиві деп аталсын.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылы әкімінің 03.02.2017 № 37 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Маңғыстау ауылының солтүстік жағында орналасқан жалпы ауданы 250 гектар Маңғыстау-5 тұрғын үй алабы, Маңғыстау-5 тұрғын үй массиві деп аталсын.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылы әкімінің 03.02.2017 № 37 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       6. Осы шешім Мұнайлы аудандық әділет басқармасында тіркеуден өткеннен күшіне және алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
      Әкім Н. Тәжібаев