Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 04 желтоқсан 2008 жылғы N 96-IV заңдарына, облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы" N 10/116 шешіміне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2009 жылға арналған аудандық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 1 955 433 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 1 383 370 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 6646 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімдері бойынша – 565 417 мың теңге;
2) шығындар – 1 955 433 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру – 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 29 961 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 29 961 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге:
5)бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;
6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге.
2. 2009 жылға аудандық бюджеттен кірістерді бөлу нормативтері мынадай көлемде белгіленсін:
1)Төлем көзінен ұсталатын кірістен алынатын жеке табыс салығы 100 пайыз;
2)Төлем көзінен ұсталмайтын кірістен алынатын жеке табыс салығы 100 пайыз;
3)Қызметін біржолғы талондар бойынша жүзеге асыратын жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы 100 пайыз;
4)Төлем көзінен ұсталатын, шет ел азаматтарының кірістерінен алынатын жеке табыс салығы 100 пайыз;
5)Төлем көзінен ұсталмайтын шетел азаматтарының кірістерінен алынатын жеке табыс салығы 100 паайыз;
6)Әлеуметтік салық 100 пайыз;
3. 2009 жылға төменгі сатыдағы бюджеттерден облыстық бюджетке 504 635 мың теңге сома көлемінде бюджеттік алымдар аударылатыны ескерілсін.
4.Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлік салығын төлеу тәртіптерінің өзгеруіне байланысты аудан бюджетіне 2009 жылға арналған облыстық бюджеттен жергілікті бюджеттің шығыстарын өтеуге 446 835 мың теңге сомасында ағымдағы мақсатты трансферттер қарастырылғандығы ескерілсін.
5.Облыстық бюджеттен 2009 жылға арналған аудандық бюджетке 60 261 мың теңге сомасында ағымдағы мақсатты трансферттер бөлінгені ескерілсін, оның ішінде:
аудандар мен қалалардың мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін оқулықтар, оқыту-әдістемелік кешендер сатып алуға және жеткізуге –10 261 мың теңге;
аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының қызмет жасауын қамтамасыз етуге – 50 000 мың теңге.
6. Облыстық бюджеттен 2009 жылға арналған аудандық бюджетке білім беру объектілерін дамытуға 58 321 мың теңге сомасында дамытуға арналған мақсатты трансферттер бөлінгені ескерілсін.
7. Құқық берілсін:
Облыс әкімдігі және аудан әкімдігі қаулыларымен бекітілген тәртіптер мен ережелерге сәйкес:
ауылдық (селолық) елді мекендерде және қалалардың әкімшілік бағынысты аумағында орналаспаған поселкелерде жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық және фармацевтика қызметкерлеріне, мемлекеттік қамсыздандыру ұйымдарының қызметкерлеріне, мемлекеттік мәдениет және спорт ұйымдарының қызметкерлеріне бір жолғы коммуналдық қызметтерді өтеуге және отындарды сатып алуға 10 000 теңге көлемінде;
қалалардың әкімшілік басқаруындағы аумақтарда орналаспаған ауылдық (селолық) елді мекендерде және поселкелерде жұмыс жасайтын мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының медицина және фармацевтика қызметкерлеріне, әлеуметтік қамтамасыз ету мемлекеттік ұйымдарының қызметкерлеріне, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының қызметкерлеріне 25% жоғары жалақы (тарифтік мөлшерлеме) белгіленсін.
Сырт көмекке зәру жалғызілікті мүгедектерге күтім бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша үстемақыға;
Нан-бөлке өнімдеріне бағаның өсуіне байланысты жекелеген санаттағы азаматтарға ай сайынғы өтемақы төлеуге, бір айлық есептік көрсеткіштің 50 пайыз мөлшерінде қосымша үстемақыға;
Бір жолғы материалдық көмек:
Тіс протездерін дайындауға арнап Ұлы Отан соғысының қатысушыларына , мүгедектеріне және Чернобыль АЭС мүгедектеріне 10 мың теңгеге дейін;
амбулаториялық емдеу кезінде дәрі-дәрмек сатып алу үшін Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 5 мың теңге;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне - облыстық газеттің біреуінің жылдық жазылу құнының сомасында;
Аз қамтамасыз етілген және аса мұқтаж азаматтарға бар қаржы көлеміне сәйкес бір жолғы материалдық көмек;
Азаматтардың жекелеген топтарына айтулы күндерге біржолғы материалдық көмек:
Жеңіс күніне (9 мамыр)
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 30 мың теңге көлемінде;
Ауғанстандағы соғыстың мүгедектеріне – 25 мың теңге;
Ауғанстандағы соғысқа қатысушыларға – 15 мың теңге;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына – 10 мың теңге;
Чернобыль АЭС- індегі апаттың салдарынан мугедек болғандарға 20 мың теңге;
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС - індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы обьектілерді басқа да радияциялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай - ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға 15 мың теңге;
1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС – дағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың, қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан қоныс аударғандардың (өз еркімен кеткендердің) және Қазақстан Республикасына қоныстанғандардың қатарындағы адамдарға 10 мың теңге;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы ҚСР одағының ордендерімен және медальдарымен наградтталған адамдарға – 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1941 жылдың 22 маусымынан бастап 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі кезеңде кемінде 6 ай жұмыс істегені туралы еңбек кітапшасында жазбасы немесе мұрағаттық анықтамасы бар тыл еңбеккерлеріне – 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысында қаза болған, өлген, хабарсыз кеткен жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне – 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ленинград қоршауының тұрғыдарына 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Фашистік концлагерлер тұтқындарына - 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Қарттар күніне (1 қазан):
Жасы 70-тен асқан қарттайған жалғызілікті зейнеткерлерге - 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Мүгедектер күніне (жыл сайын қазанның екінші жексенбісі);
16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын 1 - ші және 2 - ші топтағы мүгедектерге - 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Қазақстан Республикасы күніне (25 қазан);
Асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға - 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ай сайынғы қосымша үстемақы:
облысқа сіңірген еңбегі үшін дербес зейнетақы тағайындалған адамдарға - 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлеуге – 45 мың теңге;
Қазақстан Республикасына көшіп келу квотасынан тыс келіп жатқан оралмандарға, бірге тұратын 18 жасқа дейінгі төрт және одан да көп балалары бар оралман отбасыларға өтемақы төлеуге – 625 мың теңге, аталған оралмандарға қаражат отбасына 50 еселік есептік көрсеткіш есебінен бөлінетін болып белгіленсін;
Ауданның жалпы білім ұйымдарының түлектеріне Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек төлеуге – 14078 мың теңге;
Үйден тәрбиленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуді төлеуге – 1 млн.теңге.
8. Аудан әкімдігінің резерві 4000 мың теңге сомасында бекітілсін.
9.2-қосымшаға сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға бағытталған аудандық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі бекітілсін.
10.3-қосымшаға сәйкес, аудандық бюджеттің атқарылу үрдісінде секвестрге жатпайтын 2009 жылға арналған бюджеттік бағдарламалар тізбесі бекітілсін.
11. Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Сессия төрағасы Аудандық мәслихаттың хатшысы
Е. Бажиков А. Мееров