2009 жылға арналған аудандық бюджет туралы

Қарақия аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы N 11/88 шешімі. Қарақия ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 8 қаңтарда N 11-4-71 тіркелді

Жаңартылған

       Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 04 желтоқсан 2008 жылғы N 96-IV заңдарына, облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» N  10/116 шешіміне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. 2009 жылға арналған аудандық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
      1) кірістер – 4 381 314 мың теңге, оның ішінде:
      салықтық түсімдер бойынша – 1 583 370 мың теңге;
      салықтық емес түсімдер бойынша – 6 646 мың теңге;
      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
      трансферттер түсімдері бойынша – 2 791 298 мың теңге;
      2) шығындар – 4 505 169 мың теңге;
      3) таза бюджеттік несиелендіру – 0 теңге, оның ішінде:
      бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
      бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
      4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 48166 мың теңге, оның ішінде:
      қаржы активтерін сатып алу – 48166 мың теңге;
      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге:
      5) бюджет тапшылығы (профициті) – 123 855 мың теңге;
      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 123 855 мың теңге.
      Ескерту: 1 тармаққа өзгертулер енгізілді - Қарақия аудандық мәслихатының 2009 жылғы 6 ақпандағы N 13/104 шешімімен, өзгертулер енгізілді - Қарақия аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі N 14/118 шешемімен, өзгертулер енгізілді - Қарақия аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 8 мамырдағы N 15/129 шешімімен.

      2. 2009 жылға аудандық бюджеттен кірістерді бөлу нормативтері мынадай көлемде белгіленсін:
      1)Төлем көзінен ұсталатын кірістен алынатын жеке табыс салығы 100 пайыз;
      2)Төлем көзінен ұсталмайтын кірістен алынатын жеке табыс салығы 100 пайыз;
      3)Қызметін біржолғы талондар бойынша жүзеге асыратын жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы 100 пайыз;
      4)Төлем көзінен ұсталатын, шет ел азаматтарының кірістерінен алынатын жеке табыс салығы 100 пайыз;
      5)Төлем көзінен ұсталмайтын шетел азаматтарының кірістерінен алынатын жеке табыс салығы 100 паайыз;
      6)Әлеуметтік салық 100 пайыз;

      3. 2009 жылға төменгі сатыдағы бюджеттерден облыстық бюджетке 504 635 мың теңге сома көлемінде бюджеттік алымдар  аударылатыны ескерілсін.

      4.Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлік салығын төлеу тәртіптерінің өзгеруіне байланысты аудан бюджетіне 2009 жылға арналған облыстық бюджеттен жергілікті бюджеттің шығыстарын өтеуге 471 453 мың теңге сомасында ағымдағы мақсатты трансферттер қарастырылғандығы ескерілсін.
      Ескерту: 4 тармаққа өзгертулер енгізілді - Қарақия аудандық мәслихатының 2009 жылғы 6 ақпандағы N 13/104 шешімімен, өзгертулер енгізілді - Қарақия аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі N 14/118 шешемімен.

      5.Облыстық бюджеттен 2009 жылға арналған аудандық бюджетке 234 548 мың теңге сомасында ағымдағы мақсатты трансферттер бөлінгені ескерілсін, оның ішінде:
      аудандар мен қалалардың мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін оқулықтар, оқыту-әдістемелік кешендер сатып алуға және жеткізуге –10 261 мың теңге;
      аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының қызмет жасауын қамтамасыз етуге – 50 000 мың теңге.
      5–1. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 18 648 мың теңге республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер қаралғаны ескерілсін.
      5–2. Жаңадан пайдалануға берілетін білім беру ұйымдарын күтіп ұстауға – 135 768 мың теңге сомасында республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер қаралғаны ескерілсін.
      5–3. Ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдауға – 19 871 мың теңге сомасында республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер қаралғаны ескерілсін.
      Ескерту: 5 тармаққа өзгертулер мен толықтырулар енгізілді - Қарақия аудандық мәслихатының 2009 жылғы 6 ақпандағы N 13/104 шешімімен.

      6. Облыстық бюджеттен 2009 жылға арналған аудандық бюджетке білім беру объектілерін дамытуға 229 516 мың теңге сомасында дамытуға арналған мақсатты трансферттер бөлінгені ескерілсін.
      6-1. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыруға – 171 195 мың теңге нысаналы даму трансферті қаралғаны ескерілсін.
      Ескерту: 6 тармаққа өзгертулер мен толықтырулар енгізілді - Қарақия аудандық мәслихатының 2009 жылғы 6 ақпандағы N 13/104 шешімімен.

      7. Құқық берілсін:
      Облыс әкімдігі және аудан әкімдігі қаулыларымен бекітілген тәртіптер мен ережелерге сәйкес:
      ауылдық (селолық) елді мекендерде және қалалардың әкімшілік бағынысты аумағында орналаспаған поселкелерде жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық және фармацевтика қызметкерлеріне, мемлекеттік қамсыздандыру ұйымдарының қызметкерлеріне, мемлекеттік мәдениет және спорт ұйымдарының қызметкерлеріне бір жолғы коммуналдық қызметтерді өтеуге және отындарды сатып алуға 10 000 теңге көлемінде;
      қалалардың әкімшілік басқаруындағы аумақтарда орналаспаған ауылдық (селолық) елді мекендерде және поселкелерде жұмыс жасайтын мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының медицина және фармацевтика қызметкерлеріне, әлеуметтік қамтамасыз ету мемлекеттік ұйымдарының қызметкерлеріне, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының қызметкерлеріне 25% жоғары жалақы (тарифтік мөлшерлеме) белгіленсін.
      Сырт көмекке зәру жалғызілікті мүгедектерге күтім бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша үстемақыға;
      Нан-бөлке өнімдеріне бағаның өсуіне байланысты жекелеген санаттағы азаматтарға ай сайынғы өтемақы төлеуге, бір айлық есептік көрсеткіштің 50 пайыз мөлшерінде қосымша үстемақыға;
      Бір жолғы материалдық көмек:
      Тіс протездерін дайындауға арнап Ұлы Отан соғысының қатысушыларына , мүгедектеріне және Чернобыль АЭС мүгедектеріне 10 мың теңгеге дейін;
      амбулаториялық емдеу кезінде дәрі-дәрмек сатып алу үшін Ұлы Отан соғысының  қатысушылары мен мүгедектеріне – 5 мың теңге;
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне - облыстық газеттің біреуінің жылдық жазылу құнының сомасында;
      Аз қамтамасыз етілген және аса мұқтаж азаматтарға бар қаржы көлеміне сәйкес бір жолғы материалдық көмек;
      Азаматтардың жекелеген топтарына айтулы күндерге біржолғы материалдық көмек:
      Жеңіс күніне (9 мамыр)
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 30 мың теңге көлемінде;
      Ауғанстандағы соғыстың мүгедектеріне – 25 мың теңге;
      Ауғанстандағы соғысқа қатысушыларға – 15 мың теңге;
      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына – 10 мың теңге;
      Чернобыль АЭС- індегі апаттың салдарынан мугедек болғандарға 20 мың теңге;
      1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС - індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы обьектілерді басқа да радияциялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай - ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға 15 мың теңге;
      1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС – дағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың, қоныс аудару күнінде  құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан қоныс аударғандардың (өз еркімен кеткендердің) және Қазақстан Республикасына қоныстанғандардың қатарындағы адамдарға 10 мың теңге;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы ҚСР одағының ордендерімен және медальдарымен наградтталған адамдарға – 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      1941 жылдың 22 маусымынан бастап 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі кезеңде кемінде 6 ай жұмыс істегені туралы еңбек кітапшасында жазбасы немесе мұрағаттық анықтамасы бар тыл еңбеккерлеріне – 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысында қаза болған, өлген, хабарсыз кеткен жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне – 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Ленинград қоршауының тұрғыдарына 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Фашистік концлагерлер тұтқындарына - 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Қарттар күніне (1 қазан):
      Жасы 70-тен асқан қарттайған жалғызілікті зейнеткерлерге - 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Мүгедектер күніне (жыл сайын қазанның екінші жексенбісі);
      16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын 1 - ші және 2 - ші топтағы  мүгедектерге - 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Қазақстан Республикасы күніне (25 қазан);
      Асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға - 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Ай сайынғы қосымша үстемақы:
      облысқа сіңірген еңбегі үшін дербес зейнетақы тағайындалған адамдарға - 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлеуге – 45 мың теңге;
      Қазақстан Республикасына көшіп келу квотасынан  тыс келіп жатқан оралмандарға, бірге тұратын 18 жасқа дейінгі төрт және одан да көп балалары бар оралман отбасыларға өтемақы төлеуге – 625 мың теңге, аталған оралмандарға қаражат отбасына 50 еселік есептік көрсеткіш есебінен бөлінетін болып белгіленсін;
      Ауданның жалпы білім ұйымдарының түлектеріне Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек төлеуге – 14078 мың теңге;
      Үйден тәрбиленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуді төлеуге – 1 млн.теңге.

      8. Аудан әкімдігінің резерві 58166 мың теңге сомасында бекітілсін.
      Ескерту: 8 тармаққа өзгертулер енгізілді - Қарақия аудандық мәслихатының 2009 жылғы 6 ақпандағы N 13/104 шешімімен, өзгертулер енгізілді - Қарақия аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі N 14/118 шешемімен, өзгертулер енгізілді - Қарақия аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 8 мамырдағы N 15/129 шешімімен.

      9. Республикалық бюджеттен 1 647 010 мың теңге нысаналы даму трансферттері қаралғаны ескерілсін, оның ішінде;
      –Білім беру объектілерін салу және реконструкциялауға – 248 221 мың теңге;
      – Сумен қамту жүйесін дамытуға – 799 372 мың теңге;
      –Жылу- энергетика жүйесін дамытуға – 452 417 мың теңге;
      –Инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыруға – 147 000 мың теңге.
      Ескерту: 9 тармақпен толықтырылды - Қарақия аудандық мәслихатының 2009 жылғы 6 ақпандағы N 13/104 шешімімен.

      10. 2-қосымшаға сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға бағытталған аудандық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі бекітілсін.

      11. 3-қосымшаға сәйкес, аудандық бюджеттің атқарылу үрдісінде секвестрге жатпайтын 2009 жылға арналған бюджеттік бағдарламалар тізбесі бекітілсін.

      12. Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Сессия төрағасы     Аудандық мәслихаттың хатшысы
      Е. Бажиков          А. Мееров

Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы
08 мамырдағы N 15/129 шешіміне
1 – ҚОСЫМША

      Ескерту: 1,2,3 қосымша жаңа редакцияда - Қарақия аудандық мәслихатының 2009 жылғы 6 ақпандағы N 13/104 шешімімен, жаңа редакцияда - Қарақия аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі N 14/118 шешемімен, жаңа редакцияда - Қарақия аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 8 мамырдағы N 15/129 шешімімен.

2009 жылға арналған аудандық бюджет

Сан

Сын

ІшкСын

Атауы

Сомасы, мың тенге

1

2

3




1.КІРІСТЕР

4 381 314

1



САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕР

1 583 370


01


Табыс салығы

157 698



2

Жеке табыс салығы

157 698


03


Әлеуметтік салық

148 442



1

Әлеуметтік салық

148 442


04


Меншікке салынатын салықтар

1 258 472


05


Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар

17 820


08


Заңдық мәнді іс-әрекеттерді жасағаны үшін (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міңдетті төлемдер

938

2



САЛЫҚТЫҚ ЕМЕС ТҮСІМДЕР

6 646


01


Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер

320

 

 

1

Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кіріс бөлігінің түсімдері

20

 


5

Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер

300


02


Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер

5



1

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер

5


03


Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері

21



1

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері

21


04


Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын,сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

5 400



1

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

5 400


06


Басқа да салықтық емес түсiмдер

900



1

Басқа да салықтық емес түсiмдер

900

4



ТРАНСФЕРТТЕРДІҢ ТҮСІМДЕРІ

2 791 298


02


Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер

2 791 298



2

Облыстық бюджеттен түсетін трансферттер

2 791 298

Фтоп

Әкімші

Бағ

Атауы

Сомасы, мың тенге

1

2

3




2. ШЫҒЫНДАР

4 505 169

01



Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

105 031


112


Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аппараты

11 290

 


001

Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз ету

11 290


122


Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты

35 412



001

Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету

35 412


123


Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село) ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты

40 864

 


001

Қаладағы ауданның,аудандық маңызы бар қаланың, кенттің,ауылдық ( селоның) ауылдық (селолық) округтің әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету

40 864


459


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі

17 465



001

Экономика және қаржы бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

15 465



011

Коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және сату

2 000

03



Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

3 000


458


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың ) тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

3 000



021

Елді мекендерде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету

3 000

04



Білім беру

1 431 176


123


Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село) ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты

138 192



004

Мектепке дейін тәрбие ұйымдарын қолдау

138 192


464


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беру бөлімі

986 442



001

Білім беру бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

9 624



003

Жалпы білім беру

919 824



005

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізу

10 261



006

Балалар үшін қосымша білім беру

37 940



007

Аудандық (қалалық) ауқымдағы мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізу

2 436



010

Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен білім берудің мемлекеттік жүйесіне оқытудың жаңа технологияларын енгізу

6 357


466


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

306 542



037

Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау

306 542

06

 


Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

163 657


451


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың ) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

163 657



001

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

11 136



002

Еңбекпен қамту бағдарламасы

67 019



004

Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету

12 000



005

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

19 377



006

Тұрғын үй көмегі

11 915



007

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек

30 793



010

Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету

1 000



011

Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу

280



014

Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету

6 787



016

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар

1 833



017

Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектерді гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және ымдау тілі мамандарының жеке көмекшілердің қызмет көрсету

1 517

07



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

394 109


123


Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала,кент, ауыл (село) ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты

14 301



009

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

14 301



011

Елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру

0


458


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың ) тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

15 834



004

Азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге

3 200



015

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

11 634



018

Елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру

1 000


466


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

363 974



004

Инженерлік коммуниациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру

359 509



005

Коммуналдық шаруашылығын дамыту

4 465

08



Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

82 704


123


Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село) ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты

44 256

 


006

Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау

44 256


457


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі

27 358



001

Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

6 959



006

Аудандық (қалалық) кітапханалардың жұмыс істеуі

13 921



009

Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткiзу

3 396



010

Әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы

3 082


456


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат бөлімі

11 090


 

001

Ішкі саясат бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

6 350

 

 

002

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу

4 740

09



Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану

472 917


466


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

472 917



009

Жылу-энергетикалық жүйені дамыту

472 917

10



Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

1 152 261


123


Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село) ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты

171 686


 

019

Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде әлеуметтік жобаларды қаржыландыру

171 686


457


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі

16 214


 

012

Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде әлеуметтік жобаларды қаржыландыру

16 214


459


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі

21 742



099

Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен ауылдық елді мекендер саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру

21 742


463


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың ) жер қатынастары бөлімі

5 747


 

001

Жер қатынастары бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

5 747


466


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

936 872


 

012

Сумен жабдықтау жүйесін дамыту

936 872

11

 


Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

10 577


466


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

10 577


 

001

Қала құрылысы, сәулет және құрылыс бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

10 577

12



Көлік және коммуникация

66 297


458


Ауданның ( облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

66 297

 


023

Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

66 297

13

 


Басқалар

118 512


459


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі

58 166

 


012

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың ) жергілікті атқарушы органының резерві

58 166


458


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың ) тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

5 384



001

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметін қамтамсыз ету

5 384


454


Ауданның (облыстың маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі

6 796



001

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

6 796

15

 


Трансферттер

504 928


459


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі

504 928

 


006

Нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару

293

 


007

Бюджеттік алулар

504 635




3. ТАЗА БЮДЖЕТТІК КРЕДИТ БЕРУ

0




Бюджеттік кредиттер

0

 


009

Тұрғын үй салуға аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне несие беру

0




4. ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІМЕН ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША САЛЬДО

48 166




Қаржы активтерін сатып алу

48 166

13



Басқалар

48 166


459


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі

48 166



014

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту

48 166




5. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ (ПРОФИЦИТ)

123 855




6. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫН (ПРОФИЦИТІН ҚОЛДАНУ) ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

123 855

Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы
08 мамырдағы N 15/129 шешіміне
2 - ҚОСЫМША

      Ескерту: 2 қосымша жаңа редакцияда - Қарақия аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі N 14/118 шешемімен, жаңа редакцияда - Қарақия аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 8 мамырдағы N 15/129 шешімімен.

БЮДЖЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ (БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ) ІСКЕ АСЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН АУДАНДЫҚ БЮДЖЕТТІҢ 2009 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТТІК ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТІЗБЕСІ

Фтоп

Әкімші

Бағ

Атауы




Инвестициялық жобалар (бағдарламалар)

04



Білім беру


466


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі



037

Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау

07



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық


466


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

 

 

004

Инженерлік коммуниациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру

 


005

Коммуналдық шаруашылығын дамыту

09

 


Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану


466


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

 


009

Жылу-энергетикалық жүйені дамыту

10

 


Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары


466


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі



012

Сумен жабдықтау жүйесін дамыту

 

 


Жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту

13

 


Басқалар


459


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі

 


014

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту

Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы
08 мамырдағы N 15/129 шешіміне
3 - ҚОСЫМША

      Ескерту: 3 қосымша жаңа редакцияда - Қарақия аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 8 мамырдағы N 15/129 шешімімен.

2009 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН АУДАНДАР МЕН ҚАЛАЛАР БЮДЖЕТТЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУ ПРОЦЕСІНДЕ СЕКВЕСТРГЕ ЖАТПАЙТЫН БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ТІЗБЕСІ

Фтоп

Әкімші

Бағ

Атауы

04



Білім беру


464


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беру бөлімі



003

Жалпы білім беру