Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу және кейбіреуінің күші жойылды деп тану туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 14 шілдедегі N 517 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 25 тамызда N 2025 тіркелді.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы үкіметінің "Қазақстан Республикасы үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 20 наурыздағы N 276 қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысы әкімиятының "Коммуналдық меншік объектілерін (мүліктерін) кейіннен сатып алу құқығымен жалдауға (жалға) беру қағидасын бекіту туралы" 2005 жылғы 2 қыркүйектегі N 242 қаулысына (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде N 1922 болып тіркелген. "Маңғыстау" газетінде 2005 жылдың 11 қазанда жарияланған, Маңғыстау облысы әкімдігінің "Облыс әкімиятының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 26 маусымдағы N 205 қаулысымен өзгеріс енгізілген, мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде N 1949 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2006 жылғы 15 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      атаудағы "Ережелерін" деген сөз тиісінше "Нұсқаулықтарын" деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулының 1 тармағындағы "қоса беріліп отырған Қағидалар" деген сөздер тиісінше "қоса беріліп отырған Нұсқаулықты" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген, коммуналдық меншік объектілерін (мүліктерін) кейіннен сатып алу құқығымен (жалға) беру Қағидасында:
      2 тараудың 10 тармағының 5) тармақшасынан басқа, бүкіл мәтін бойынша "Департамент", "Департаментінің", "кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті" деген сөздер тиісінше "Басқарма", "Басқармасы", "кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      1 тараудың 1 тармағындағы "Осы Қағида" деген сөздер тиісінше "Осы Нұсқаулық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1 тараудың 1 тармағындағы екінші абзацтағы "Қағида анықтайды" деген сөздер тиісінше "Нұсқаулық анықтайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1 тараудың 2 тармағындағы "Осы Қағидада" деген сөз тиісінше "Осы Нұсқаулықта" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1 тараудың 2 тармағының 13) тармақшасындағы "осы Ережеде" деген сөз тиісінше "осы Нұсқаулықта" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2 тараудың 10 тармағының 4) тармақшасы алынып тасталсын;
      11 тараудың 50 тармағындағы "Осы Ережемен" деген сөздер тиісінше "Осы Нұсқаулықпен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Маңғыстау облысы әкімдігінің "Маңғыстау облысының коммуналдық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беру Нұсқаулығын бекіту туралы" 2007 жылғы 12 маусымдағы N 165 қаулысына (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде N 1973 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2007 жылғы 18 тамызда жарияланған) Маңғыстау облысы әкімдігінің "Облыс әкімиятының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 26 маусымдағы N 205 қаулысымен өзгерістер енгізілген, мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде N 1949 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2006 жылғы 15 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Көрсетілген қаулымен бекітілген, Маңғыстау облысының меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беру Нұсқаулығында:
      2 тараудың 11 тармағының 4) тармақшасынан басқа, бүкіл мәтін бойынша "Департамент", "Департаменттің", "Департаменттің", "кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің", "Департаментіне" деген сөздер тиісінше "Басқармасы", "Басқармасымен", "Басқарма", "кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы", "Басқармаға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3. Маңғыстау облысы әкімдігінің "Облыс әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 27 маусымдағы N 205 қаулысына (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде N 1949 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2006 жылғы 15 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1 тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
      2 тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулының 1 тармағының 5) тармақшасынан, 2 тармақтың 5) тармақшасынан басқа, бүкіл мәтін бойынша "Департамент", "Департаментінің", "кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің" деген сөздер тиісінше "басқарма", "басқармасының", "кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бүкіл мәтін бойынша "Қағидасын", "Қағидасы" деген сөздер тиісінше "Нұсқаулық", "Нұсқаулықпен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      Маңғыстау облысы әкімиятының "Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдаланудың Ережесін бекіту туралы" (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде N 560 болып тіркелген) 2001 жылғы 20 қыркүйектегі N 35 қаулысы;
      Маңғыстау облысы әкімиятының "Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде коммуналдық меншік объектілерін пайдаланудың Ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 20 қыркүйектегі N 35 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде N 882 болып тіркелген) 2002 жылғы 29 сәуірдегі N 96 қаулысы.

      5. Маңғыстау облысының қаржы басқармасы (М.Б. Әлібекова) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларын қабылдасын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. М. Әбдірахмановқа жүктелсін.

      7. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                         Қ. Көшербаев