Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2007 жылғы 22 қазандағы 2 сессиясының "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмектің көлемін бекіту туралы" N 5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 10 сессиясының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы N 7 шешімі. Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 12 қаңтарда N 8-11-68 тіркелді

Қолданыстағы

      Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмектің мөлшерін арттыру мақсатында, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2007 жылғы 22 қазандағы 2 сессиясының "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмектің көлемін бекіту туралы" N 5 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-11-48 болып енгізілген, "Сарыарқа" аудандық газетінің 2007 жылғы 24 қарашадағы N 47 санында жарияланған) төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
      1 тармақта "1026 теңге сомасында" деген сөздер "2 айлық есептік көрсеткіш" деген сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.

      Сессия төрағасының
      міндеттерін атқарушы,
      Мәслихат хатшысы                           А. ЖҮНІСПЕКОВ