Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округі Тәжірибе ауылының көшелеріне атау беру туралы

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі 2008 жылғы 20 қарашадағы N 15 шешімі. Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әділет басқармасында 2008 жылғы 25 қарашада N 3-9-78 тіркелді. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімінің 2015 жылғы 09 ақпандағы № 6 шешімімен

Жаңартылған
      Ескерту. Шешімнің орыс тіліндегі атауы мен бүкіл мәтіні бойынша "аульного", "аула", "ауле" сөздері тиісінше "сельского", "села", "селе" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі 05.12.2014 № 28 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі 05.12.2014 № 28 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімінің 09.02.2015 № 6 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес Жұрын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
       Жұрын ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Тәжірибе жоғарғы ауылының негізгі көшесіне "Жастар" және Тәжірибе төменгі ауылының негізгі көшесіне "Еңбекші қазақ" атаулары берілсін.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімінің 09.02.2015 № 6 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       "Жастар" көшесіне Тәжірибе жоғарғы ауылында орналасқан барлық үйлер, "Еңбекші қазақ" көшесіне Тәжірибе төменгі ауылында орналасқан барлық үйлер қарайды.
      Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімінің 09.02.2015 № 6 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімінің 09.02.2015 № 6 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Алынып тасталды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімінің 09.02.2015 № 6 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Жұрын ауылдық округінің әкімі: Қ. Ешауов