Ескерту. Кіріспеге озгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі 05.12.2014 № 26 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі 09.02.2015 № 4 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес Жұрын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жұрын ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Жұрын ауылдық округіне қарасты Көлденең Темір ауылының негізгі көшесіне "Достық" атауы берілсін.
2. Көшеге Көлденең Темір ауылындағы барлық үйлер жатқызылсын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі 09.02.2015 № 4 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Жұрын ауылдық | |
округінің әкімі: | Қ. Ешауов |