Жұрын ауылдық округіне қарасты Көлденең Темір ауылының көшесеіне атау беру туралы

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі 2008 жылғы 20 қарашадағы N 13 шешімі. Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әділет басқармасында 2008 жылғы 25 қарашада N 3-9-76 тіркелді

Жаңартылған

     Ескерту. Шешімнің орыс тіліндегі атауы мен бүкіл мәтіні бойынша «аульного», «аула», «в ауле» сөздері тиісінше «сельского», «села», «в селе» сөздерімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі 05.12.2014 № 26 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
     Ескерту. Кіріспеге озгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі 05.12.2014 № 26 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес Жұрын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жұрын ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Жұрын ауылдық округіне қарасты Көлденең Темір ауылының негізгі көшесіне "Достық" атауы берілсін.
      2. Көшеге Көлденең Темір ауылындағы барлық үйлер жатқызылсын.
      3. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Жұрын ауылдық
      округінің әкімі:

Қ. Ешауов