Жұрын ауылдық округіне қарасты Көбелей ауылының көшесеіне атау беру туралы

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі 2008 жылғы 20 қарашадағы N 12 шешімі. Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әділет басқармасында 2008 жылғы 25 қарашада N 3-9-75 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы N 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына сәйкес Жұрын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жұрын ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Жұрын ауылдық округіне қарасты Көбелей ауылының негізгі көшесіне "Астана" атауы берілсін.
      2. Көшеге Көбелей ауылындағы барлық үйлер жатқызылсын.
      3. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жұрын ауылдық
      округінің әкімі:                        Қ. Ешауов