Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі 05.12.2014 № 25 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес Жұрын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жұрын ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Жұрын ауылдық округіне қарасты Көбелей ауылының негізгі көшесіне "Астана" атауы берілсін.
2. Көшеге Көбелей ауылындағы барлық үйлер жатқызылсын.
3. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жұрын ауылдық округінің әкімі: | Қ. Ешауов |