Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, 7 баптың 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-11 “Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексі” Кодексының 53 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес және күнделікті пайдаланылатын тауарларға бағалардың көтерілуіне байланысты аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ауданның ауылдық жерлерінде тұратын және орталықтандырылған жылыту және жекешелендірілген көгілдір отынмен жылытуы жоқ 1, 2, 3 топ мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектерге, жетім балаларды асырап алушы отбасыларына, төрт немесе одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларына, қаза болған жауынгерлердің отбасыларына, көп балалы аналарға кесек отын алу үшін айлық есептік көрсеткіштің он есе мөлшеріндегі құны түрінде бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. ”Қарғалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” ММ-сі (Көшербаева О.М.) ауданның ауылдық жерлерінде тұратын және орталықтандырылған жылыту және жекешелендірілген көгілдір отынмен үйден тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай материалдық көмек көрсету үшін жылытуы жоқ 1, 2, 3 топ мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектерге, жетім балаларды асырап алушы отбасыларына,төрт немесе одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларына, қаза болған жауынгерлердің отбасыларына, көп балалы аналарға кесек отын алу үшін қаржы бөлсін.
Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарғалы аудандық мәслихатының 2008.07.29 N 78 шешімімен.
3. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің 2008 жылдың 2 шілдесіндегі № 160-п бекіткен бұйрығына сәйкес, жиынтық табысы кедейшілік деңгейінен төмен болған аз қамтылған отбасыларға ай сайын облыста белгіленген үш мың теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетілсін, ең кіші көрсеткіштегі және ең кіші көрсеткіштен төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге, сондай – ақ, І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерге және мүгедектік тобы бар бала кезінен мүгедектерге айлық есептік көрсеткіштің 1,5 мөлшерінде, аудандық білім бөлімі тарапынан ай сайынғы берілген тізімдерге сәйкес үйден тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай материалдық көмек көрсетілсін.
Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 27 наурыздағы № 43 “Қосымша әлеуметтік төлемдер туралы” шешімі бұзылсын.
Ескерту. 3 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарғалы аудандық мәслихатының 2008.07.29 N 78 шешімімен.
4. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктелсін.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы: хатшысы:
С.Биисов Ж. Құлманов