Әлеуметтік көмек көрсету туралы

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 18 сәуірдегі N 61 шешімі. Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық Әділет басқармасында 2008 жылдың 28 сәуірде N 3-6-65 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, 7 баптың 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-11 “Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексі” Кодексының 53 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес және күнделікті пайдаланылатын тауарларға бағалардың көтерілуіне байланысты аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ауданның ауылдық жерлерінде тұратын және орталықтандырылған жылыту және жекешелендірілген көгілдір отынмен жылытуы жоқ 1, 2, 3 топ мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектерге, жетім балаларды асырап алушы отбасыларына, төрт немесе одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларына, қаза болған жауынгерлердің отбасыларына, көп балалы аналарға кесек отын алу үшін айлық есептік көрсеткіштің он есе мөлшеріндегі құны түрінде бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. ”Қарғалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” ММ-сі (Көшербаева О.М.) ауданның ауылдық жерлерінде тұратын және орталықтандырылған жылыту және жекешелендірілген көгілдір отынмен жылытуы жоқ 1, 2, 3 топ мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектерге, жетім балаларды асырап алушы отбасыларына,төрт немесе одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларына, қаза болған жауынгерлердің отбасыларына, көп балалы аналарға кесек отын алу үшін қаржы бөлсін.
      3. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 27 наурыздағы № 43 “Қосымша әлеуметтік төлемдер туралы” шешімі бұзылсын.
      4. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктелсін.

      Аудандық мәслихат           Аудандық мәслихат
     сессиясының төрағасы:             хатшысы:

          С.Биисов                   Ж. Құлманов