Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2008 жылғы 4 мамырдағы N 32 шешімі. Ақтөбе облысының Ырғыз аудандық Әділет басқармасыда 2008 жылдың 7 мамырдағы N 3-5-73 тіркелді

Жаңартылған

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және аудан әкімінің 2008 жылғы № 01-1/169 ұсынысына сәйкес, аудандық мәслихатШЕШІМ ЕТТІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2009.04.23 N 81 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз) Шешімімен
      1. Әлеуметтік көмек көрсету;
      1) Отбасының жан басына шаққандағы табысы кедейшілік шегінен аспайтын аз қамсыздандырылған отбасыларға, ең төменгі зейнетақы алатын және ең төменгі зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 1, 2, 3 топтағы жалпы аурулардан, бала кезінен, әскер борышын орындауға байланысты емес мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектікке душар болған мүгедектерге ай сайын 3000 теңге мөлшерінде;
      2) Жеңіс күніне орай, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, соғыстан қайтпаған жауынгерлер жесірлеріне, ауған соғысына қатысушыларға және Чернобыль апатын жоюға қатысқандарға -2000 теңге;
      3) «Алтын Алқа», «Күміс Алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар-1000 теңге;
      4) Балаларды қорғау күніне орай, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға-1000 теңге;
      5) Мүгедектер күніне орай, 1 топтағы мүгедектерге-1000 теңге көлемінде белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жана редакцияда Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2009.04.23 N 81 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз) Шешімімен
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың           Аудандық мәслихат
      кезектен тыс VІІ                   хатшысы:
      сессиясының төрағасы:

      Б.Балдан                       М.Өтемұратов