Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2008 жылғы 4 мамырдағы N 32 шешімі. Ақтөбе облысының Ырғыз аудандық Әділет басқармасыда 2008 жылдың 7 мамырдағы N 3-5-73 тіркелді

Жаңартылған

      2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 53 бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына және аудан әкімінің 2008 жылғы № 01-1/169 ұсынысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Әлеуметтік көмек көрсету;
      1) Отбасының жан басына шаққандағы табысы кедейшілік шегінен а аспайтын аз қамсыздандырылған отбасыларға ең төменгі зейнетақы алатын және ең төменгі зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге, сонымен қатар жалпы аурудан I, II, III топтағы мүгедектерге ай сайын 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2008.10.15 N 52 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз) Шешімімен
      2) Жеңіс күніне орай, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, соғыстан қайтпаған жауынгерлер жесірлеріне, ауған соғысына қатысушыларға және Чернобыль апатын жоюға қатысқандарға -2000 теңге;
      3) «Алтын Алқа», «Күміс Алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар-1000 теңге;
      4) Балаларды қорғау күніне орай, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға-1000 теңге;
      5) Мүгедектер күніне орай, 1 топтағы мүгедектерге -1000 теңге көлемінде  белгіленсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың                 Аудандық мәслихат
      кезектен тыс VІІ                        хатшысы:
      сессиясының төрағасы:

      Б.Балдан                             М.Өтемұратов