Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2008 жылғы 30 қыркүйектегі N 92 шешімімен
"Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 369-бабының 2 тармағына, 372-бабына және 373-бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 6 және 7-баптарына сәйкес және салық салу базаларын ұлғайту, болжамдық көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Достық" және "Арай" жабық базарларында тауар сатушы тұлғалар үшін бір жолғы талондар құнының мөлшері сол кезеңге сәйкес бекітілген айлық есептік көрсеткішіне коэффициенттерді қолдану арқылы осы шешімнің N 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы Қ.М.Исақовқа жүктелсін.
3. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Мәслихат хатшысы
Т.Хамитов С.Шынтасова
Ақтөбе қалалық мәслихатының
кезекті бесінші сессиясының
2008 жылғы 28 наурыздағы
N 51 шешіміне N 1 қосымша <*>
Ескерту. Шешімнің 1 қосымшасы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2008 жылғы 30 қыркүйектегі N 92 шешімімен
"Достық" жабық базарында тауар сату үшін бір жолғы
талондар құнының мөлшері
р/с N |
Сауда түрі |
Бекітілген бір жолғы талондардың құны |
1 |
2 |
3 |
1 |
Халық тұтынатын тауарларды сөрелерден сату |
180 |
2 |
Бутиктерде тауар сату |
220 |
Ақтөбе қалалық мәслихатының
кезекті бесінші сессиясының
2008 жылғы 28 наурыздағы
N 51 шешіміне N 2 қосымша <*>
Ескерту. Шешімнің 2 қосымшасы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2008 жылғы 30 қыркүйектегі N 92 шешімімен
"Арай" жабық базарында тауар сату үшін бір жолғы
талондар құнының мөлшері
р/с N |
Сауда түрі |
Бекітілген бір жолғы талондардың құны |
1 |
2 |
3 |
1 |
Бутиктерде тауар сату |
260 |