"Достық" және "Арай" жабық базарларында тауар сатушы тұлғалар үшін бір жолғы талондар құнының мөлшерін сол кезеңге сәйкес бекітілген айлық есептік көрсеткішіне коэффициенттерді қолдану арқылы бекіту туралы

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2008 жылғы 28 наурыздағы N 51 шешімі. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әділет басқармасында 2008 жылғы 21 сәуірде N 3-1-86 тіркелді

Қолданыстағы

      "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің  369 бабының 2 тармағына,  372 бабына және  373 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148  Заңының 6 және  7 баптарына сәйкес және салық салу базаларын ұлғайту, болжамдық көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе қалалық мәслихаты  ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. "Достық" және "Арай" жабық базарларында тауар сатушы тұлғалар үшін бір жолғы талондар құнының мөлшері сол кезеңге сәйкес бекітілген айлық есептік көрсеткішіне коэффициенттерді қолдану арқылы осы шешімнің N 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы Қ.М.Исақовқа жүктелсін.

      3. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

       Сессия төрағасы             Мәслихат хатшысы
      Т.Хамитов                   С.Шынтасова

Ақтөбе қалалық мәслихатының
кезекті бесінші сессиясының
2008 жылғы 28 наурыздағы
N 51 шешіміне N 1 қосымша

"Достық" жабық базарында тауар сату үшін бір жолғы
талондар құнының мөлшері

2008 жылғы АЕК - 1168 теңге

р/с№ 

Сауда түрі

Бекітілген бір жолғы талондардың құны

Бекітілген бір жолғы талондар құнының коэффициенті (бір жолғы талондар құны/АЕК)

Бекітілген бір жолғы талондар құнының есебі (Коэф * АЕК)

АЕК өзгергенде бір жолғы талондардың құнын есептеу (N№4 бағанадағы коэффициенттерді * сол кезеңге сәйкес АЕК)

1

2

3

4

5

6

1

Халық тұтынатын тауарларды сөрелерден сату

оның ішінде:

көк-өніс, жеміс-жидек

ет

  180

      180

180

  0,154

      0,154

0,154

  1168 * 0,154

    1168 * 0,154

1168 * 0,154


2

Бутиктерде тауар сату

220

0,188

1168 * 0,188


      Ескерту: Бір жолғы талондар құнын осы қосымшадағы N 6 бағанада сол кезеңдегі айлық есептік көрсеткішінің (АЕК) өзгеруіне байланысты есептеледі.

Ақтөбе қалалық мәслихатының
кезекті бесінші сессиясының
2008 жылғы 28 наурыздағы
N 51 шешіміне N 2 қосымша

«"Арай" жабық базарында тауар сату үшін бір жолғы
талондар құнының мөлшері

2008 жылғы АЕК - 1168 теңге

р/с№ 

Сауда түрі

Бекітілген бір жолғы талондардың құны

Бекітілген бір жолғы талондар құнының коэффициенті (бір жолғы талондар құны/ АЕК)

Бекітілген бір жолғы талондар құнының есебі (Коэф * АЕК)

АЕК өзгергенде бір жолғы талондардың құнын есептеу (N№4 бағанадағы коэффициенттерді * сол кезеңге сәйкес АЕК)

1

2

3

4

5

6

1.

Бутиктерде тауар сату

260

0,223

1168 * 0,223


      Ескерту: Бір жолғы талондар құнын осы қосымшадағы N 6 бағанада сол кезеңдегі айлық есептік көрсеткішінің (АЕК) өзгеруіне байланысты есептеледі.