"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 27-бабына, "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысының 449-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендірудің мынадай негізгі шарттары анықталсын:
кредиттік қаражат облыс әкімдігі жанындағы Комиссиямен іріктеліп алынған инвестициялық басым жобаларды жүзеге асыруға беріледі.
соңғы қарызгер үшін тіркелген сыйақы ставкасы 14 пайызды құрайды.
бизнес жобаларға несие беру мерзімі 5 жылға дейін.
бір қарызгерге лимиті - 120 000 айлық есептік көрсеткіш.
Бюджеттік кредитке қатысушылар болып:
кредитор-бағдарламаның әкімшісі - "Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті" ММ;
екінші деңгейдегі банктердің филиалдары арқылы бюджет қаржысын орналастыратын қор - "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ;
қарызгер-банктер - облыс әкімдігі жанынан арнайы құрылған Комиссиямен анықталған және экономиканы жаңғырту жөніндегі Мемлекеттік комиссия бекіткен банктер;
соңғы қарызгерлер - шағын кәсіпкерлік субъектілері, бюджеттік несиені алушылар. Бюджеттік несие беруге қатысушылар болып табылады.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.С. Әбдірайымовке жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Е.Сағындықов