"Атбасар", "Восточный", "Бұланды", "Ерейментау" зоологиялық мемлекеттік табиғи кіші қорықтарының аумағында шаруашылық қызметті шектеу туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 19 маусымдағы N А-5/244 қаулысы. Ақмола облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 19 маусымда N 3256 тіркелді.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер  кодексіне , " Ерекше  қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі, " Қазақстан  Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтау және одан әрі дамыту мақсатында облыс әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Атбасар", "Восточный", "Бұланды", "Ерейментау" зоологиялық мемлекеттік табиғи кіші қорықтарының аумағында жер телімі иегерлері мен жер пайдаланушылар шаруашылық қызметтерін шектеу белгіленсін және мемлекеттік табиғи-қорық қорының нысандарын сақтауға қатер төндірсе немесе олардың молықтыруды нашарлататын болса, кез келген қызметке, оның ішінде:
      аң аулауға;
      балық аулауға;
      кез келген тәсiлдермен және құралдармен жабайы жануарларды олжалауға;
      өсiмдiктер мен жануарлардың бөтен түрлерiн жерсiндiруге;
      жануарлардың өлiм-жiтiмiн туғызған немесе туғызуы мүмкiн басқа да әрекеттермен бiрдей дәрежеде аң аулауға, ұяларды, iндердi, апандарды және басқа да мекендеу орындарын бүлдiруге, жұмыртқа жинауға тыйым салынсын.

      2. Атбасар, Еңбекшілдер, Ерейментау аудандарының әкімдіктері, "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Атбасар", "Восточный", "Бұланды", "Ерейментау" зоологиялық мемлекеттік табиғи кіші қорықтардың аумағында:
      жер телімдерінің иегерлері мен жер пайдаланушылардың жер телімдеріне ауыртпалықтарды белгілеу бойынша;
      барлық жер телімдерінің иегерлері мен жер пайдаланушыларды шаруашылық қызмет шектеулердің енгізілуімен таныстыру бойынша қажетті шаралар қолдансын.

      3. Осы қаулының орындауын бақылау облыс әкімінің орынбасары К.М. Отаровқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Ақмола облысының әкімі