Атбасар», «Восточный», «Бұланды» зоологиялық мемлекеттік табиғи кіші қорықтарының аумағында шаруашылық қызметті шектеу туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 19 маусымдағы N А-5/244 қаулысы. Ақмола облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 19 маусымда N 3256 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 2012.06.01 № А-7/273 (ресми жарияланған күнінен бастап)қаулысымен
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне , " Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтау және одан әрі дамыту мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 69-бабы, 1-тармағындағы 2) тармақшаға сәйкес, «Атбасар», «Восточный», «Бұланды» зоологиялық мемлекеттік табиғи қорықтардың аумағында жер учаскелері иегерлерінің және жер пайдаланушылардың шаруашылық жүргізу қызметіне шектеу қойылсын.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 2012.06.01 № А-7/273 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      2. Атбасар, Еңбекшілдер аудандарының әкімдіктері, "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Атбасар", "Восточный", "Бұланды" зоологиялық мемлекеттік табиғи кіші қорықтардың аумағында:
      жер телімдерінің иегерлері мен жер пайдаланушылардың жер телімдеріне ауыртпалықтарды белгілеу бойынша;
      барлық жер телімдерінің иегерлері мен жер пайдаланушыларды шаруашылық қызмет шектеулердің енгізілуімен таныстыру бойынша қажетті шаралар қолдансын.
      Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 2012.06.01 № А-7/273 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
       3. Осы қаулының орындауын бақылау облыс әкімінің орынбасары К.М.Отаровқа жүктелсін.
       4. Осы қаулы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі