Қолданушылардың назарына!!!
Шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 6-бабын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3, 387-баптарын басшылыққа ала отырып Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы N 28/6-ІІІ "Аббаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 05 мамырда 326 нөмірмен тіркелген, 2004 жылғы 15 мамырда N 62-63 "Астана хабары", 2004 жылғы 22 мамырда N 63-64 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 214/28-ІІІ "Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы N 28/6-ІІІ "Аббаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешіміне (Астана қаласының әділет департаментінде 2004 жылғы 05 мамырда 326 нөмірмен тіркелген), (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2006 жылғы 06 ақпанда 430 нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 18 ақпанда N 23-24 "Астана хабары", 2006 жылғы 16 ақпанда N 23 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 24 мамырдағы N 380/47-ІІІ "Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы N 28/6-ІІІ "Аббаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 26 маусымда 469 нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 03 шілдеде N 109 "Астана хабары", 2007 жылғы 06 шілдеде N 117 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Осы шешіммен бекітілген, аббаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету
Қағидаларында
:
96 тармақтағы "осы жұмыстарды орындауға рұқсат қағаздары бар" деген сөздер "экологиялық рұқсаты бар" деген сөздермен ауыстырылсын;
125 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"125. Жол төсемдерінің, жаяу жолдардың, гүлзарлардың және басқа қала аумақтарында шаруашылық жүргізу элементтерінің бұзылуына әкеліп соғуына байланысты жер жұмыстарын және басқа да жұмыстарды жүргізетін барлық заңды және жеке тұлғалар Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінен жұмыстарды жүргізуге рұқсат алуға міндетті. Жол төсемдерінің, жаяу жолдардың, гүлзарлардың және басқа қала аумақтарында шаруашылық жүргізу элементтерінің бұзылуына әкеліп соғуына байланысты жер жұмыстарын және басқа да жұмыстарды жүргізетін тәртіптер талаптарына сәйкес жұмыстар жүргізілуі тиіс";
135 тармақтағы "Департамент" деген сөз "орган" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Астана қаласы
мәслихатының сессия төрағасы Ж. Нүркенов
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы В. Редкокашин