Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 649-бабына сәйкес, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын компьютер жүйелерінің бақылау чегінің нысанын және мазмұнын белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – банк) үшін компьютер жүйелерінің қолма-қол ақша арқылы ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде берілетін бақылау чегінің мынадай міндетті деректемелері белгіленсін:
1) банктің (құрылымдық бөлімшенің) атауы;
2) банктің (құрылымдық бөлімшенің) салық төлеушісінің тіркеу нөмірі;
3) банктің (құрылымдық бөлімшенің) бизнес сәйкестендіру нөмірі;
4) компьютер жүйесінің салық органындағы тіркеу нөмірі;
5) компьютер жүйелерінің бақылау чегінің банкте (құрылымдық бөлімшеде) берілген реттік нөмірі;
6) операция жүргізу күні және уақыты;
7) операцияның атауы;
8) әрбір жүргізілген операцияның сомасы;
9) жүргізілген операциялар бойынша жалпы қорытынды;
10) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген басқа деректемелер.
2. Компьютер жүйелерінің бақылау чегінде қосымша бақылау-касса машинасын шығарған зауыттың техникалық құжаттамасында көзделген деректер, оның ішінде қосылған құн салығының сомасы туралы деректер болады.
3. Компьютер жүйелерінің бақылау чегінің тік бұрышты пішіні болады.
4. Осы қаулы 2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 3) тармақшасын қоспағанда ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
5. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктік компьютер жүйелерінің бақылау чегінің нысанын және мазмұнын белгілеу туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 488 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2134 тіркелген) күші жойылды деп танылсын;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 20 шілдедегі N 76 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4880 тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2007 жылғы 5 қыркүйектегі N 135 (1164) жарияланған) қосымшаның 8-тармағы алынып тасталсын.
6. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және банктерге жіберсін.
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Бухгалтерлік есеп департаментінен (Шалғымбаева Н.Т.) жариялауға өтінім алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға шаралар қабылдасын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.
Ұлттық Банк | |
Төрағасы | Ә. Сәйденов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасының | |
Қаржы министрі | |
____________________ Б. Жәмішев | |
2009 жылғы 21 қаңтар |