Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 № 108 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 166-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 № 122 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдары (бұдан әрі - банк) қолма-қол ақша арқылы ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде берілетін аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақылау чегінің мынадай міндетті деректемелері белгіленсін:
1) банктің (оқшауланған бөлімшенің, өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшенің) атауы;
2) банктің (оқшауланған бөлімшенің) бизнес сәйкестендіру нөмірі;
3) аппараттық-бағдарламалық кешеннің салық органындағы тіркеу нөмірі;
4) аппараттық-бағдарламалық кешеннің бақылау чегінің банкте (оқшауланған бөлімшеде, өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшеде) берілген реттік нөмірі;
5) операция жүргізілген күн және уақыт;
6) операцияның атауы;
7) әрбір жүргізілген операцияның сомасы;
8) жүргізілген операциялар бойынша жалпы қорытынды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 № 108 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Аппараттық-бағдарламалық кешеннің бақылау чегі аппараттық-бағдарламалық кешенін әзірлеушінің техникалық құжаттамасында көзделген, оның ішінде қосылған құн салығының сомасы туралы деректерді қосымша қамтуы мүмкін.
3. Аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақылау чегінің нысаны – тік бұрышты.
4. "Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын компьютер жүйелерінің бақылау чегінің нысанын және мазмұнын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 117 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5526 болып тіркелген, 2009 жылғы 12 ақпанда № 22 (1445) "Заң газеті" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Бухгалтерлік есеп департаменті (Рахметова С.К.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 6-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
6. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк | |
Төрағасы | Д. Ақышев |