Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің
97-бабына
, Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау және санитариялық саулығы саласындағы заңнамаға сәйкес,
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Қазақстан Республикасы әділет органдарының түзеу мекемелерінде және тергеу изоляторында ұсталатын адамдарды емдеу-алдын алу және санитарлық-эпидемиялогиялық саулығын қамтамасыз етуді реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 25 мамырдағы N 145, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 7 мамырдағы
N 405
бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2876 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы әділет органдарының түзеу мекемелерінде және тергеу изоляторында ұсталатын адамдарды емдеу-алдын алу және санитарлық-эпидемиялогиялық саулығын қамтамасыз етудің ережесінде:
42-тармақтың үшінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"Түзеу мекемесіне келгендердің барлығы 6 айға дейін медициналық қарауға жатады.".
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет және Денсаулық сақтау вице-министрлеріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Әділет министрі Денсаулық сақтау министрі
______________________ ____________________
З. Балиева Ж. Досқалиев
"Келісілді" "Келісілді"
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
Р. Түсіпбеков Б. Сапарбаев
23 желтоқсан 2008 жыл 24 желтоқсан 2008 жыл