Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын және оны беру тәртібін бекіту туралы    

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 629 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 16 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5494 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 635-бабының 4-тармағына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 5-тармағына сәйкес Б Ұ ЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес валюталық түсiм түсуі туралы шешімнің нысаны бекітілсін.
      2. Салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлімшелеріне немесе екінші де ң гейдегі банктерге жа ң а салықтық тексеру басталған күннен кейін 5 жұмыс күні ішінде қайтарылуға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растау бойынша салықтық тексерудің басталу кезіндегі жағдайы бойынша валюталық түсiмнің түсуі туралы қорытындыны ұсыну туралы паспорт м ә мілесіні ң дайындау орнына байланысты тиісті сұрау салуларды жіберуді қамтамасыз етілсін.
      Сұрау салу кезінде салық төлеушінің атауы, СТН, БСН/ЖСН (олар болған жағдайда), заңды тұлғалардың және құрылымдық бөлімшелердің (бөлімшелердің, өкілдіктердің) КҰЖК коды, келісім-шарттың күні және нөмірі, мәміле паспортының күні және нөмірі, нұсқаманың тіркелген күні және нөмірі, сұрау салу кезеңі көрсетіледі.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аймақтық бөлімшелеріне (келісім бойынша) немесе екінші деңгейдегі банктер осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген нысан бойынша валюталық түсiмнің түсуі туралы қорытындыны сұрау салуды жолдаған Салық қызметі органына, сұрау салуды алғаннан бастап 10 жұмыс күн ішінде ұсынуды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберуді қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрық 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы Министрі                              Б. Жәмішев

       "КЕЛІСІЛГЕН"
      2008 жыл 31 желтоқсан
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық Банк Төрағасы
      А.Ғ. Сәйденов ____________

                                         Қ азақстан Республикасы
                                             Қаржы министрінің
                                        2008 жылғы 30 желтоқсандағы
                                        N 629 бұйрығымен бекітілген

         Валюталық т ү сiмні ң т ү суі туралы қ орытынды
   "___" _____ 20__ жылдан "___" ____ 20__ жыл ғ а дейінгі
                        кезе ң ү шін

N

Тексерілетін салық төлеуші

Шот валютасы

КҰЖК коды

СТН

(БСН/ЖСН) (олар болған жағдайда)

салық төлеушінің атауы

1

2

3

4

5

6







кестенің жалғасы

Валюталық түсімнің түсуі туралы мәлімет

Келісім-шарт N, күні

Мәміле паспортының N, күні

Жіберушінің атауы

күні

төлем сомасы

7

8

9

10

11




 

 

      Ескерту:
      2 баған заңды тұлғалар мен құрылымдық бөлімшелер бойынша (бөлімшелер, өкілдіктер) толтырылады;
      7 баған екінші дәрежедегі банктермен толтырылады.