Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын және оны беру тәртібін бекіту туралы    

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 629 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 16 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5494 болып енгізілді.

Жаңартылған

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 635-бабының 4-тармағына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес валюталық түсiм түсуі туралы шешімнің нысаны бекітілсін.
      2. Салық қызметі органдары, қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша салықтық тексерудің басталған күніндегі жағдай бойынша валюталық түсімнің түсуі жөніндегі қорытындыны беру туралы сұрау салуларды салықтық тексеру басталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде:
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына немесе келісімшарттың есепке алу нөмірін беру немесе олар бойынша экспорт жөніндегі келісімшарттарға есепке алу нөмірлері алынған немесе мәміле паспорттары ресімделген келімшарттарға қатысты есепке алу нөмірін беру немесе мәміле паспорттарын ресімдеу орны бойынша екінші деңгейдегі банктерге;
      Қазақстан Республикасында филиалдар мен өкілдіктер арқылы қызметтерін жүзеге асыратын резидент еместерге қатысты филиалдың немесе өкілдіктің банк шоттарын ашу орны бойынша екінші деңгейдегі банктерге.
      Сұрау салуды жіберу кезінде: салық төлеушінің атауы, салық төлеушінің 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі тіркеу нөмірі (СТН) және заңды тұлғалар және құрылымдық бөлімшелері (филиалдары, өкілдіктері) бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы сыныптауышы бойынша (КҰЖС) коды, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)/бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), келісімшарттың нөмірі және күні, сұрау салынған кезең, нұсқамалардың тіркеу нөмірі және күні көрсетіледі. Экспорт бойынша келісімшарттардың есепке алу нөмірлерін алған немесе мәміле паспорты ресімделген келісімшарттарға қатысты сұрау салуда сол сияқты келісімшарттың есепке алу нөмірі және оның берілген күні немесе мәміле паспорттарының нөмірі және күні көрсетіледі.
      2013 жылғы 1 қаңтарға дейін бар болған жағдайда ЖСН/БСН көрсетіледі.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2012.03.12 № 146 (ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аймақтық бөлімшелеріне (келісім бойынша) немесе екінші деңгейдегі банктер осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген нысан бойынша валюталық түсiмнің түсуі туралы қорытындыны сұрау салуды жолдаған Салық қызметі органына, сұрау салуды алғаннан бастап 10 жұмыс күн ішінде ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3-1. Осы бұйрықтың 1-3-тармақтарының ережелері өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырып жүрген салық төлеушілерге қолданылмайды, олар үшін валютаның түсімнің түсуі туралы қорытынды салық төлеуші салық қызметі органдарына ұсынған, өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімге сәйкес ашылған бірлескен банктік шоттан нотариалдық расталған үзінді-көшірмелері болып табылады.
      Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.06.07 № 287 (мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберуді қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрық 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы Министрі                              Б. Жәмішев

       "КЕЛІСІЛГЕН"
      2008 жыл 31 желтоқсан
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық Банк Төрағасы
      А.Ғ. Сәйденов ____________

                                         Қ азақстан Республикасы
                                             Қаржы министрінің
                                        2008 жылғы 30 желтоқсандағы
                                        N 629 бұйрығымен бекітілген

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2012.03.12 № 146 (ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

20 __ жылғы «___» _____ бастап 20 __ жылғы «__» _____ кезеңдегі
валюталық түсімнің түсуі туралы қорытынды


р/с

Тексеріліп жатқан салық төлеуші

Шот валютасы

Валюталық түсімнің түсуі туралы мәліметтер

Келісімшарттың нөмірі мен күні

Келісімшарттың есепке алу нөмірі және оны берген күні немесе мәміле төлқұжаттарының нөмірі және күні

2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ОКПО коды

2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі СТН

ЖСН/БСН (2013 жылғы 1 қаңтарға дейін болған жағдайда)

Салық төлеушінің атауы

жіберушінің атауы

күні

төлем сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












      Ескертпе:
      2-баған заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшемелері бойынша толтырылады (филиалдарға, өкілдіктерге);
      11-баған экспорт бойынша келісімшарттардың есепке алу нөмірлері алынған немесе мәміле төлқұжаттары ресімделген келісімшарттарға қатысты толтырылады.