Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 97-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Шығыстардың, оның ішінде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты тіркеу міндетті болып табылатын шығыс түрлерінің экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау және оның әдіснамасы департаменті (Қалиева А.Н.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің:
1) "Жасалған шарттарды тіркеуді талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстардың тізбесін бекіту туралы" 2007 жылғы 25 сәуірдегі N 143 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 23 мамырдағы N 4682 болып тіркелген);
2) "Жасалған шарттарды тіркеуді талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі N 143 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 15 тамыздағы N 406 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 20 тамыздағы N 5286 болып тіркелген) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрық 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 19 желтоқсандағы
N 588 бұйрығына
қосымша
Шығыстардың, оның ішінде жасасқан азаматтық-құқықтық
мәмілелерге қатысты тіркеу міндетті болып табылатын шығыс
түрлерінің экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесі
Ескерту. Тізбесі жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2012.11.14 № 491 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2013.01.14 № 17 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 26.02.2013 № 108 (01.01.2013 бастап туындаған қатынастарға қолданылады), 05.09.2013 № 428; 11.03.2014 № 112, 28.08.2014 № 381, 2014.11.21 № 588, 24.12.2014 № 580; 20.03.2015 № 199; 26.06.2015 № 387; 29.07.2015 № 426 бұйрықтарымен.
Санаты |
Сыныбы |
Кiшi сыныбы |
Ерекшелiгi |
Атауы |
Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi |
Ескерту |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
Ағымдағы шығындар |
|||||
01 |
Тауарлар мен қызметтерге шығатын шығыстар |
|||||
120 |
Жұмыс берушiлердiң жарналары |
|||||
123 |
Мiндеттi сақтандыру жарналары |
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiн мемлекеттiк мiндеттi жеке сақтандыруға көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi |
Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) жеткізуге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа, әкімшісі Ұлттық экономика министрлігі болып табылатын «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті реттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Шет елде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына кейіннен аудару үшін және айырбастау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде. Азаматтық-құқықтық мәміле жасаспай 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді жүргізуді растайтын құжаттарды қоса берусіз, төлеуге берілетін шоттың негізінде жүзеге асырылады. |
|||
140 |
Қорлар сатып алу |
|||||
141 |
Азық-түлік өнiмдерiн сатып алу |
Жеке пайдалану үшiн мемлекеттiк мекемелердiң азық-түлiк өнiмдерiн сатып алуы және сақтауы; арнайы тағам; жануарлардың тағамы; құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргiзу кезеңінде кәсiби және ерiктi апаттан құтқару қызметтерiнiң және құрылымдардың құтқарушылары үшiн тағам сатып алу; мерзiмдi әскери қызметшiлердiң, әскери оқу орындары, құқық қорғау органдарының оқу орындары курсанттарының, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 44-бабында көзделген жағдайларда басқа әскери қызметшілердің, сондай-ақ сотталғандардың, қылмыс жасауда күдiктiлер мен айыпталушылардың тамақтануына ақы төлеу; казармалық жағдайдағы оқу орындарында арнаулы (әскери) қурсанттарды және «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңына сәйкес арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің жекелеген санаттарын азық-түлікпен қамтамасыз ету; мемлекеттік мекеменің штат санында аспаздар көзделген жағдайда мектеп асханаларына тамақ өнімдерін сатып алу. Егер штат санында аспаздар көзделмеген болса, онда оқушылар үшін тамақтануды ұйымдастыру бойынша қызметтерді шарт бойынша басқа заңды тұлға жүзеге асырады және бұл шығындар 159-ерекшелiк бойынша көрсетiледi. |
Тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) беруге азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа: тамақ құнының шегiнде балаларға және ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға демалыстарында, демалыс және мерекелiк күндерi туысқандарының немесе жекелеген азаматтарды отбасыларында болған уақытында, сондай-ақ ауырған кезеңiнде өтемақы төлеу кезiнде; ыстық тамақ болмаған кезде бастауыш, орта және жоғары кәсiби бiлiм беретiн оқу орындарының ата-анасының қарауынсыз қалған жетiм балалар қатарынан студенттер мен оқушыларға тамақ орнына ақшалай өтемақы төлеген кезде; спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат оқушыларының демалыс және олардың оқу-жаттығу жиындарында болғанда тамақтануы кезiнде; энергетикалық шығындардың орнын толтыру үшiн берiлетiн тегiн тамақтандыру орнына өтеусiз негiзде қан тапсыруды (донацияны) жүзеге асыруы үшiн донорларға ақшалай төлемақы төлеу кезiнде. 100 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдер шарт жасаспай шот-фактураның немесе тауарларды беру туралы жүкқұжаттың (актiнiң) немесе орындалған жұмыстар актiсiнiң немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа да құжаттың көшiрмесiн қоса бере отырып төлеуге берiлген шот негiзiнде жүзеге асырылады. |
|||
142 |
Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды сатып алу |
Дәрілік заттар мен байлап-таңу құралдары, дәрілік құралдары мен бiр жолғы және бiрнеше рет пайдаланылатын медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды сатып алу, қан, биопрепараттар сатып алу, сондай-ақ, ветеринарлық препараттар, атрибуттар мен ветеринарлық мақсаттағы заттарды сатып алу |
Донорға ақшалай өтемақы төлеу азаматтық-құқық тық мәмiле жасамай жүргiзiледi. 100 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдер азаматтық-құқықтық мәмiле жасаспай жүргiзу шот-фактураның немесе тауарларды беру туралы жүкқұжаттың (актiнiң) немесе орындалған жұмыстар актiсiнiң немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа да құжаттың көшiрмесiн қоса бере отырып төлеуге берiлген шот негiзiнде жүзеге асырылады. Корпоративтiк төлем карточкасын пайдалана отырып, сондай-ақ қолма-қол ақшаға мемлекеттiк мекеменiң мұқтажына арналған дәрi қобдишаларын, сондай-ақ дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды (дәрi қобдишасын толықтыруға арналған дәрілік заттар мен байлап-таңу құралдарын) сатып алумен байланысты шығыстарды төлеу кезiнде азаматтық-құқықтық мәмiле тiркеу талап |
|||
143 |
Заттық мүлiктердi, нысанды және арнаулы киiм-кешектер сатып алу, тiгу және жөндеу |
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүлiктiк керек-жарақ заттарын және басқа пiшiмдiк және арнайы киiм-кешектердi сатып алу, тiгу және жөндеу |
Мүлiктiк керек-жарақ заттарын, пiшiмдiк және арнайы киiм-кешектердi сатып алу орнына ақшалай өтемақы төлеу кезiнде тауарларды (жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi) беруге азаматтық-құқықтық мәмiле жасалмайды. 100 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдер азаматтық-құқықтық мәмiле жасаспай жүргiзу шот-фактураның немесе тауарларды беру туралы жүкқұжаттың (актiнiң) немесе орындалған жұмыстар актiсiнiң немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа да құжаттың көшiрмесiн қоса бере отырып төлеуге берiлген шот негiзiнде жүзеге асырылады. |
|||
144 |
Отын, жанар-жағар май материалдарын сатып алу |
Әр түрлi отынды сатып алу, тасымалдау, тиеу, түсiру және сақтау |
Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) жеткізуге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа, әкімшісі Ұлттық экономика министрлігі болып табылатын «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті реттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Шет елде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына кейіннен аудару үшін және айырбастау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде. Қарулы Күштердің Әуе қорғанысы күштері әскери-көлік авиациясының ұшуларын жүзеге асыру кезінде ЖЖМ құнын төлеуге, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының алыс және жақын шетелдерге қызметтік іссапарларын төлеуге байланысты шығыстарды корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген ерекше қауіпті мал ауруларының ошақтарын жоюды, ветеринарлық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын дезинфекциялауды, мемлекеттік органдардың шешімі бойынша малдардың аса қауіпті жұқпалы ауруларымен ауырған малдарды алып қоюды және жоюды жүзеге асыратын арнайы автомобиль көліктеріне құю үшін ЖЖМ құнын төлеуге байланысты мемлекеттік мекемелердің шығыстарын төлеу кезінде, сондай-ақ малдардың аса қауіпті жұқпалы аурулармен ауырған малдарды жою мақсатында корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып, ЖЖМ сатып алу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді. Азаматтық-құқықтық мәміле жасаспай 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді жүргізуді растайтын құжаттарды қоса берусіз, төлеуге берілген шоттың негізінде жүзеге асырылады. |
|||
149 |
Өзге де қорларды сатып алу |
141-144-ерекшелiктер бойынша көзделмеген материалдар мен басқа да қорларды сатып алуға арналған шығындар. Сол сияқты осы ерекшелік бойынша әскери мақсаттағы заттар мен материалдар сатып алуға арналған шығындар көрсетіледі. |
Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа: әкімшісі Ұлттық экономика министрлігі болып табылатын «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті реттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Шет елде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру», «Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына кейіннен аудару үшін және айырбастау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде. Азаматтық-құқықтық мәміле жасаспай 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді жүргізуді растайтын құжаттарды қоса берусіз төлеуге берілген шоттың негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік саясатты іске асыратын және техникалық реттеу мен метрология саласында бақылау-қадағалау өкілеттіктерін жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелердің оларды іске асыру саласында олардың сапасы мен қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыруға арналған тауарлар үлгілерін сатып алумен және сынақтан өткізумен байланысты шығыстарын корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып, төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді. |
|||
150 |
Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу |
|||||
151 |
Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу |
Ыстық, суық су, кәрiз үшiн төлем; газ, электрэнергиясы үшiн төлем; жылу энергиясы үшiн ақы төлеу; коммуналдық қызметтердi уақтылы төлемегенi үшiн өсiмақы |
Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі әкімшісі болып табылатын «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті реттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі әкімшісі болып табылатын «Шет елде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына кейіннен аудару үшін және айырбастау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде. |
|||
152 |
Байланыс қызметтеріне ақы төлеу |
Телефондар үшін қалааралық сөйлесу; ұялы байланыс; почта-телеграф шығындары; үкiметтiк байланыс; факс; электронды почта; арнайы байланыс; спутниктiк байланыс; телетайп; радио және байланыстың басқа да түрлері үшiн |
Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа: Ұлттық экономика министрлігі әкімшісі болып табылатын «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті реттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі әкімшісі болып табылатын «Шет елде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына кейіннен аудару үшін және айырбастау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде. |
|||
153 |
Көлiктік қызмет көрсетуге ақы төлеу |
Көлiктi жалдау; жабдықтарды, материалдарды, арнайы контингенттi, қару-жарақ, әскери техниканы, әскерге шақырылғандарды тасымалдауға ақы төлеу және өзге де тасымалдар |
Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге азаматтық-құқықтық мэмілелерден басқа, әкімшісі Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып табылатын «Сауда-саттық саясатын іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейіннен аудару үшін әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Шет елде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде. 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді азаматтық-құқықтық мәміле жасаспай жүргізу құжаттарды растайтын қосымшасыз, төлеуге берілетін шоттың негізінде жүзеге асырылады. |
|||
154 |
Үй-жайды жалға алу төлемдері |
Үй-жайды, ғимаратты жалға алу төлемдері. Жалға алынған үй-жайды, ғимараттарды ұстауға, коммуналдық қызметке, электр энергиясына, жылуға байланысты шығындар тиiстi ерекшелiктер бойынша сыныпталады |
Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа: Ұлттық экономика министрлігі әкімшісі болып табылатын «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті реттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі әкімшісі болып табылатын «Шет елде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына кейіннен аудару үшін және айырбастау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шоттарына соманы аудару кезінде. Азаматтық-құқықтық мәміле жасаспай 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді жүргізуді растайтын құжаттарды қоса берусіз, төлеуге берілетін шоттың негізінде жүзеге асырылады. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер арасында жасалған шарттарға тіркеу жүргізілмейді. |
|||
155 |
Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде қызметтерге ақы төлеу |
Әлеуметтiк бағдарламалар мен жобалар бойынша үкiметтiк емес ұйымдар көрсететiн мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiндегi қызметтерге ақы төлеу |
||||
156 |
Консалтингтік қызметтер мен зерттеулерге ақы төлеу |
Мемлекеттік орган қызметінің үдерісінде туындайтын проблемаларды, мүмкіндіктерді анықтау және бағалау жөніндегі не ахуалды егжей-тегжейлі талдау; жұмыстың қаржылық және басқарушылық тиімділігін (мынадай негізгі қызмет түрлері шеңберінде: басқару консалтингі, ІТ-консалтинг, заң консалтингі, мамандандырылған консалтинг, қорғаныс саласында консалтинг, техникалық консалтингтік қызметтер) арттыру үшін одан әрі іс-қимылдарды түзету жөніндегі консалтинг қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар, сондай-ақ зерттеулерге (оның ішінде әлеуметтік, талдамалы және ғылыми зерттеулер) ақы төлеуге арналған шығындар. |
Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi) беруге азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа: әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің шоттарына айырбастау үшiн соманы аудару кезiнде. |
|||
159 |
Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу |
Шарт бойынша заңды және жеке тұлғалар көрсететiн қызметтер, жұмыстар |
Тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) беруге арналған азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа: жеке (ұжымдық) еңбек шарттары бойынша шығыстарды төлеу кезiнде; банк қызметтерiн төлеу кезiнде; Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі әкімшісі болып табылатын «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті реттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкiлдiгiнiң шоттарына, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі - ЭЫДҰ) шоттарына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі әкімшісі болып табылатын «Қазақстанның салалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясы» бюджеттік бағдарламасы бойынша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі әкімшісі болып табылатын «Білім және ғылым саласындағы әдіснамалықты қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әкімшісі болып табылатын «Экономиканың даму перспективаларын ескере отырып, Қазақстан Республикасының еңбек нарығының жағдайын шолу және жұмыспен қамту саясатын жаңғырту» бюджеттік бағдарламасы бойынша және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі әкімшісі болып табылатын «Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысу», «Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасында ынтымақтастықты нығайту жөніндегі Елдік бағдарламаны іске асыру» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ЭЫДҰ арасында жасалған келісімдер бойынша ақша қаражатын аудару кезінде, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі әкімшілері болып табылатын «Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасында ынтымақтастықты нығайту жөніндегі Елдік бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ету», Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлiгi әкiмшiсi болып табылатын «Ақпараттық-имидждік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету», «Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiн орналастыру үшін шетелде жылжымайтын мүлік объектiлерiн салу», «Шет елде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру», «Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру», «Шетелдік іссапарлар», «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің шоттарына кейiннен аудару үшiн және айырбастау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң шоттарына соманы аудару кезiнде, Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына сәйкес Инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi Халықаралық орталықтың шығыстарын төлеу кезiнде, халықаралық төрелік органдар мен шетелдік соттардың шешiмдерi бойынша шығарылған төрелік шығыстар мен сот шығыстарын төлеу кезiнде. Азаматтық-құқықтық мәмiле жасаспай 100 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдердi жүргізуді растайтын құжаттарды қоса берусіз, төлеуге берiлетiн шоттың негiзiнде жүзеге асырылады. Үкіметтік сыртқы қарыздардың қаражатын аударуды жүзеге асыратын банкке қызмет көрсеткені үшін комиссия төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді. |
|||
160 |
Басқа да ағымдағы шығындар |
|||||
163 |
Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм қорының шығындары |
Киiм-кешек, аяқ киiм, оқулықтар, оқу құралдарын, мектептiк жазу құралдарын сатып алу; мектептерде азық-түлiкпен қамтамасыз ету |
Тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) беруге арналған азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа: ақшалай көмек көрсету кезiнде; санаториялық-курорттық мекемелерде және демалыс лагерлерiне жолдамалар сатып алу; мектеп оқушыларын мәдени-бұқаралық және спорттық iс-шараларға қатысуын қаржылай қамтамасыз ету. 100 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдердi азаматтық-құқықтық мәмiле жасаспай жүргiзу шот-фактураның немесе тауарларды беру туралы жүкқұжаттың (актiнiң) немесе орындалған жұмыстар актiсiнiң немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа да құжаттың көшiрмесiн қоса бере отырып төлеуге берiлген шот негiзiнде жүзеге асырылады. |
|||
2 |
Күрделi шығындар |
|||||
4 |
Негiзгi капиталды сатып алу |
|||||
410 |
Негiзгi құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді сатып алу |
|||||
411 |
Жер сатып алу |
Мемлекеттің жердің, ормандардың, ішкі сулардың және пайдалы қазбалардың кен орындарының кез келген түрлерін сатып алуына жұмсалатын шығындар. Егер мемлекет сатып алған жерде құрылыс тұрған болса, құрылыстың құны жердің құнынан бөлек бағалануы тиіс, құрылысты сатып алуға жұмсалатын шығындар 412 ерекшелікке жатқызылуы тиіс. Егерде құрылысты сатып алуға жұмсалатын шығындарды жерді сатып алуға жұмсалатын шығындардан бөлу мүмкін болмаса жердің және құрылыстың құнын не осы ерекшелікке не, жердің немесе құрылыстың бағасы неғұрлым құнды болуына қарай, 412 ерекшелікке жатқызылуы қажет. Құрылыс жобасының құнына енгізілген мемлекет қажеттілігі үшін жер учаскелерін сатып алу бойынша өтемақыға жұмсалатын шығындар және осымен байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру осы ерекшелік бойынша көрсетіледі. |
Тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) беруге арналған азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа: әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi болып табылатын «Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру үшін шетелде жылжымайтын мүлік объектілерін салу» бюджеттiк бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнiң шоттарына аудару және кейiннен есептеу үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң шоттарына соманы аудару. |
|||
412 |
Үй-жайлар, ғимараттар, құрылыстар және беру қондырғыларын сатып алу |
Үй-жайлар, ғимараттар және құрылыстар, беру қондырғыларын сатып алуға жұмсалатын шығындар, сондай-ақ үй-жайлар, ғимараттар мен құрылыстар орналасқан жердi сатып алуға жұмсалатын шығындар. Егер сатып алынған үй-жайлардың, ғимараттардың және құрылыстардың құны ғимаратпен бiрге сатып алынған, мысалы жабдықтар, активтердiң құнына енгізілсе, онда оларға жұмсалатын шығындар осында көрсетiледi. |
Тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) беруге арналған азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа: әкiмшiсi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi болып табылатын «Сыртқы саяси қызметтi үйлестiру жөнiндегi қызметтер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша, «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің күрделі шығыстары» бюджеттiк бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегi елшiлiктерiнiң шоттарына кейiннен аудару үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң шоттарына соманы. |
|||
413 |
Көлік құралдарын сатып алу |
Көлік құралдарын сатып алу, сондай-ақ әскери мақсаттағы жабдықтарды сатып алу. |
Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi) беруге азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейiннен аудару үшiн әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шоттарына соманы аудару кезiнде. |
|||
414 |
Машиналар, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүккамал құралдарын сатып алу |
Машиналар, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүккамал құралдарын сатып алу, сондай-ақ әскери мақсаттағы көлік құралдарды сатып алу. |
Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа: әкімшісі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі болып табылатын «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту жөніндегі, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру жөніндегі, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті реттеу жөніндегі, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөнінде көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің күрделі шығыстары», «Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейіннен аудару үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі шоттарға соманы аудару кезінде. |
|||
416 |
Материалдық емес активтерді сатып алу |
Материалдық емес активтердi сатып алу |
Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) беруге азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа: әкімшісі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі болып табылатын «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту жөніндегі, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру жөніндегі, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті реттеу жөніндегі, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөнінде көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейіннен аудару үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі шоттарға соманы аудару кезінде. |
|||
417 |
Биологиялық активтерді сатып алу |
Биологиялық активтерді сатып алуға. |
||||
419 |
Өзге де негізгі құралдарды сатып алу |
411-414 ерекшеліктер бойынша көрсетілмеген өзге де негізгі құралдарын сатып алуға жұмсалатын шығындар |
Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi) беруге азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейiннен аудару үшiн әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шоттарына соманы аудару кезiнде. 100 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдердi азаматтық-құқықтық мәмiле жасаспай жүргiзу құжаттарды растайтын қосымшасыз, төлеуге берiлетiн шоттың негiзiнде жүзеге асырылады. |
|||
420 |
Негiзгi құралдың күрделі жөндеуі |
|||||
421 |
Жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды және беру қондырғыларын күрделi жөндеу |
Жайларды, үйлерді, құрылыстарды, беру қондырғыларын, сумен қамту жүйелері мен желілерін, кәрізді, электрмен қамтамасыз етуді, жылумен қамтамасыз етуді күрделi жөндеу және қайта жаңғырту, сондай-ақ күрделi жөндеу мен қайта жаңартумен айналысатын жұмысшылардың жалақысы (оның iшiнде жалақысынан ұстап қалу), әлеуметтiк салық, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ерiктi зейнетақы жарналар үшiн, жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамаға, жобаларды сараптауға, инжинирингтiк қызметтерге, техникалық қадағалау қызметтерiне қажеттi заттар, материалдар және жабдықтар сатып алу |
Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi) беруге азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейiннен аудару үшiн әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шоттарына соманы аудару кезiнде. |
|||
422 |
Жолдарды күрделi жөндеу |
Жолдарды және әуе айлақтарындағы ұшу-қону жолақтарын күрделi жөндеумен байланысты шығындар |
||||
429 |
Басқа объектiлердi күрделi жөндеу |
421, 422 – ерекшеліктер бойынша көрсетілмеген басқа да объектілерді күрделі жөндеуге арналған шығындар. Сондай-ақ осы ерекшелік бойынша машиналар мен жабдықтарды жаңғыртуға арналған шығындар көрсетіледі. |
||||
430 |
Дамытуға бағытталған күрделі шығындар |
|||||
431 |
Жаңа объектілерді салу және қолдағы объектілерді реконструкциялау |
Жаңа объектілерді салуға және қолдағы объектілерді реконструкциялауға, оның ішінде күрделі жөндеуден және қайта жаңғыртудан басқа әскери мақсаттағы объектілерге арналған шығындар. |
Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi) беруге азаматтық-құқықтық мәмiлелерден басқа, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің шоттарына айырбастау және кейiннен аудару үшiн әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын «Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру үшін шетелде жылжымайтын мүлік объектілерін салу» бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шоттарына соманы аудару кезiнде. |
|||
432 |
Жолдар салу |
Күрделі жөндеуден басқа жолдарды салуға арналған шығындар. |
||||
433 |
Кемелерді салу және жеткізу |
Кемелерді салу және жеткізу. |
||||
434 |
Ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және дамыту |
Ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және дамыту жөніндегі қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар, сондай-ақ инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінде көзделген негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу бойынша шығындар. |
||||
436 |
Концессиялық жобаларды бюджеттен бірлесіп қаржыландыру шартымен іске асыру |
Концессиялық жобаларды бюджеттен бірлесіп қаржыландыру шартымен іске асыруға арналған шығындар. |