"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңын орындау мақсатында Б Ұ ЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Тракторларды және олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі N 467 бұйрығында (2003 жылғы 18 қарашада нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2564 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, N 43-48, 902-бап), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 217 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар (2006 жылғы 17 сәуірде нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4192 болып тіркелген, 2006 жылғы 12 мамырдағы "Заң газетінің" N 84-85 (1064-1065) санында жарияланған):
4-тармақта "Д. Айтжановқа" деген сөздер "А. Евниевке" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-ші тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
"Заңнамамен белгіленген тәртіппен Агроөнеркәсіптік кешеннің техникалық саясат департаментіне (Қ. Коскин)";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген тракторларды және олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу ережесінде:
1) және 4) тармақшаларда "басқармалары" деген сөз "Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің инспекциясы" деген сөздермен ауыстырылсын:
16-тармақта "Кедендік бақылау агенттігі" деген сөздер "Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
32-тармақта "жақын туыстарының жазбаша келісімімен солардың тұратын жерінде тіркелуі мүмкін, сонымен қатар" деген сөздер алынып тасталсын;
36-тармақтың 2) тармақшасында "статистикалық картасының көшірмесі" деген сөздерден кейін "салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТТН)", деген сөздермен толықтырылсын;
36-тармақтың екінші ескертпесінде "(ОС-1 нысаны)" деген сөздер алынып тасталсын;
56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын;
"56. Машиналарды тіркеу кезінде "Транзит" нөмірлік белгісі алынады және тіркеу үшін негіз болатын құжаттарға тігіледі, ал "Транзит" номерлік белгісін бермеген жағдайда еркін түрдегі қажетті акті жасалады.";
80-тармақта:
"уақытша тіркеледі" деген сөздер "уақытша есепке алуға қабылданады" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Уақытша есепке алу журналында жазу жүргізіледі және тіркеу құжатында машинаның уақытша есепке алынғандығы жөнінде оның аяқталатын мерзімі көрсетіліп белгі қойылады.";
2) "Тракторларға және олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдерге, олардың тіркемелеріне, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тіркемелерге, өзі жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарға мемлекеттік байқау өткізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі N 468 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 18 қарашада N 2563 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, N 43-48, 901-бап, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 217 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" бұйрығымен енгізілген толықтырулар мен өзгерістер (2006 жылғы 17 сәуірде нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4192 болып тіркелген, "Заң газетінің" 2006 жылғы 12 мамырдағы N 84-85 (1064-1065) санында жарияланған):
3-тармақта "Д. Айтжановқа" деген сөздер "А. Евниевке" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген тракторларға және олардың базасында жасалған өзі жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарға жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау жүргізу ережелерінде:
4-тармақ алынып тасталсын;
5-тармақта "басқармалары" деген сөз "Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің инспекциясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақта "машинаның жай-күйі туралы карта (3-қосымша) толтырылады" деген сөздер алынып тасталсын;
3) "Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар механизмдерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдердің кепілін тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 14 қазандағы N 597 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 10 қарашада N 3928 болып тіркелген, "Заң газетінің" 2005 жылғы 20 қаңтардағы N 222 (956) санында жарияланған):
атауында және 1-тармақта "машиналары мен механизмдердің" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналардың" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта "Д. Айтжановқа" деген сөздер "А. Евниев" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар механизмдерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылысы машиналары мен механизмдердің кепілін тіркеу ережесінде:
атауында және 1-тармақта "машиналары мен механизмдердің" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналардың" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Заңнамада белгіленген тәртіппен Агроөнеркәсіптік кешеннің техникалық саясат департаментіне (Коскин Қ.Т):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Күрішбаев