Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 қазандағы N 158 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 10 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5393 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 53 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 18.04.2014 № 53 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Бағалы қағаздар рыногын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
      4. Лицензиялау департаменті (Н.Қ. Қасқаманова):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне және "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
      5. Агенттік Төрайымының Қызметі (А. Ө . Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.

       Төрайым                                    Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы Қаржы   
нарығын және қаржы ұйымдарын   
реттеу мен қадағалау агенттігі  
Басқармасының 2008 жылғы     
29 қазандағы N 158 қаулысына  
қосымша             

Күші жойылды деп танылатын нормативтік
құқықтық актілердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссиясы Директоратының "Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бiрiздендiру нөмірлерін беру қағидаларын бекіту туралы" 2001 жылғы 15 мамырдағы N 828 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1569 тіркелген).
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1569 тiркелген, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының "Мемлекеттiк бағалы қағаздарға ұлттық бiрегейлендiру
нөмiрлерiн беру қағидаларын бекiту туралы" 2001 жылғы 15 мамырдағы N 828 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 114 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2312 тіркелген).
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1569 тiркелген, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының "Мемлекеттiк бағалы қағаздарға Ұлттық бiрiздендiру
нөмiрлерiн беру қағидаларын бекiту туралы" 2001 жылғы 15 мамырдағы N 828 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қазандағы N 301 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3240 тіркелген).
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының "Мемлекеттік бағалы қағаздарға Ұлттық біріздендіру нөмірлерін беру
қағидаларын бекіту туралы" 2001 жылғы 15 мамырдағы N 828 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы  N 104 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3593 тіркелген).
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы Директоратының "Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық біріздендіру нөмірлерін беру
қағидаларын бекіту туралы" 2001 жылғы 15 мамырдағы N 828 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы N 139 қаулысы (Нормативтік құқ ы қ ты қ актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5299 тіркелген).

Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2008 жылғы  
29 қазандағы N 158 қаулысымен
бекітілген        

Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру
нөмірлерін беру ережесі

      Осы Ереже қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмiрлерiн беру және мемлекеттiк бағалы қағаздарға берiлген ұлттық сәйкестендіру нөмiрлерiне есеп жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.

1-тарау. Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық
сәйкестендіру нөмірлерін беру талаптары

      1. Осы Ережеде мына ұғымдар пайдаланылады:
      1) жауапты қызметкер - уәкiлеттi органның ҰСН-ді беруге жауапты қызметкерi;
      2) ұлттық сәйкестендіру нөмiрi (ұлттық сәйкестендіру нөмiрлерi) – уәкілетті орган эмиссиялық бағалы қағаздарға оларды сәйкестендіру және есепке алуды жүйелеу мақсатында берілетін әріпті-цифрлық код (бұдан әрi - ҰСН);
      3) эмитент - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және республикалық мәндегі
қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы.
      2. Шығарылымы жобаланып отырған мемлекеттік бағалы қағаздарға ҰСН-ді беруді уәкілетті орган эмитенттiң еркiн нысанда жасалған және осы шығарылым туралы мынадай мәлiметтері бар жазбаша сұранысы (бұдан әрi – сұраныс) негiзiнде уәкілетті орган жүргізеді:
      1) мемлекеттiк бағалы қағаздардың түрi - олардың толық атауы немесе жалпы қолданылатын белгiсi (қысқаша атауы, аббревиатурасы);
      2) шығарылымының валютасы;
      3) айналыс мерзiмi;
      4) эмитент пайдаланатын нөмiрлеуге сәйкес шығарылымының реттiк нөмiрi;
      5) орналастыру жобаланған күн;
      6) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетiлмеген мемлекеттiк бағалы қағаздар үшiн - осы бағалы қағаздардың мынадай белгiлерi бойынша сипаттамасы:
      осы бағалы қағаздар құжаттандырылған немесе құжатсыздандырылған болып табыла ма;
      осы бағалы қағаздар дисконттық (олар бойынша сыйақы дисконт – номиналды құны мен орналастыру бағасының арасындағы оң айырмасы түрiнде төленедi - бiр мезгiлде осы бағалы қағаздарды өтеумен және олардың номиналды құны шегiнде) немесе купондық (олар бойынша сыйақылар купоны - осы бағалы қағаздар шығарылымының шарттарына сәйкес номиналды құнынан жоғары мерзiмдiк (бiр немесе бiрнеше дүркiн) төлеуге жататын сома түрiнде төленедi) болып табыла ма;
      осы бағалы қағаздар шығарылымының талаптары олардың номиналды құны мен олар бойынша сыйақыларды қандай да бір көрсеткiшке индекстеудi көздейді ме;
      егер осы бағалы қағаздар купондық болып табылса, - олардың шығарылым талаптарында осы бағалы қағаздардың номиналды құнынан өзгеше (дисконтпен немесе сыйлықақымен) баға бойынша орналастыру көзделе ме, яғни осы бағалы қағаздар дисконттық - купондық болып табыла ма;
      7) республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті
атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздары үшін осы бағалы
қағаздардың мынадай түрлері бойынша сипаттамасы:
      орта мерзімді;
      ұзақ мерзімді;
      индекстелген орта мерзімді;
      индекстелген ұзақ мерзімді.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi немесе республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жобалап отырған бiрден астам шығарылымға, оның iшiнде белгiлi бiр кезеңге мемлекеттік бағалы қағаздарға ҰСН беруге сұраныс жасауға жол беріледі.
      4. Жауапты қызметкер сұранысты алғаннан кейiн оның мына бөлiктерде жасалуының дұрыстығын тексередi:
      1) осы Ереженің 2-тармағына сәйкес сұраныста көрсетiлуге тиiстi мәлiметтердiң толықтығын;
      2) мемлекеттік бағалы қағаздардың тиісті шағарылымын көздейтін Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаулыларына сәйкес мемлекеттiк бағалы қағаздардың түрiн белгілеуді көрсетудің дұрыстығын;
      3) мемлекеттiк бағалы қағаздар түрiнiң белгіленуін олардың осы Ереженің 2-тармағының 2)-7) тармақшаларында көзделген жобаланып отырған шығарылымдарының өлшемдерiне сәйкес келуiн;
      4) мемлекеттiк бағалы қағаздардың жобаланып отырған шығарылымының реттiк нөмiрiнiң мемлекеттiк бағалы қағаздардың осы түрiнiң алдыңғы шығарылымдары туралы уәкілетті органда бар ақпаратқа сәйкес келуiн.
      5. Сұраныста көрсетілген мәліметтер осы Ереженің 2-4-тармақтарына сәйкес келгенде жауапты қызметкер:
      1) осы Ереженің 1-4-қосымшаларына сәйкес ҰСН-ді қатарластырып кояды;
      2) бағалы қағаздардың айналыстағы шығарылымдарында ұқсас ҰСН-нің болмауын тексереді;
      3) ҰСН-ді береді.
      6. Уәкілетті орган эмитенттің ҰСН беруге сұранысын оны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қарайды (осы тармақтың екінші абзацында белгіленген жағдайды қоспағанда).
      Егер эмитент мемлекеттік бағалы қағаздарға алты және одан астам болжамданған шығарылымдарына ҰСН беруге сұраныс жасалса, уәкілетті орган эмитенттің сұранысын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ҰСН береді.
      7. Уәкілетті орган сұраныста қате және (немесе) толық емес мәліметтерді анықтағанда, себептерін көрсетіп, ҰСН-ді бермеудің жазбаша негіздемесін эмитентке жібереді.
      Сұраныстағы мәліметтер сәйкес келгенде, уәкілетті орган эмитентке ҰСН берілгені туралы жазбаша хабарлайды.

3-тарау. Берілген ҰСН-ді есебін жүргізу

      8. Мемлекеттік бағалы қағаздарға берілген ҰСН-нің есебін жүргізу мыналарды:
      1) қағаз тасымалдағыштағы тізілім-журналы түріндегі мемлекеттік бағалы қағаздарға берілген ҰСН-ді тіркеу журналын (бұдан әрі - Журнал);
      2) электрондық мәліметтер базасы түріндегі мемлекеттік бағалы қағаздарға берілген ҰСН-ді тіркеудің электрондық журналын (бұдан әрі - Электрондық журнал);
      3) мемлекеттік бағалы қағаздарға ҰСН-ді беру мәселелері бойынша алмасу файлдарын (бұдан әрі - Алмасу файлдары) жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
      9. Журналдың мазмұны мен Электрондық журналдың мазмұны бір-біріне сәйкес келеді және оларға мынадай мәліметтер енгізіледі:
      1) ҰСН беру туралы жазбаның реттік нөмірі;
      2) ҰСН берілген мемлекеттік бағалы қағаздардың түрі;
      3) ҰСН берілген мемлекеттік бағалы қағаздар эмитентінің атауы;
      4) ҰСН берілген мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиясының валютасы;
      5) ҰСН берілген мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының реттік нөмірін эмитент қолданатын нөмірлеуге сәйкес сандық белгілеуі;
      6) ҰСН беру күні;
      7) берілген ҰСН;
      8) ҰСН берудің негізі (сұратудың күні және нөмірі);
      9) жауапты қызметкердің тегі және инициалдары.
      10. ҰБН берілген мемлекеттік бағалы қағаздардың түрі туралы мәліметтер бөлігінде журналды (Электрондық журналды) толтыру кезінде мемлекеттік бағалы қағаздардың тиісті түрін шығаруды көздейтін Қазақстан Республикасының Үкіметінің немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаулыларында белгіленген не жалпы қолданылатын белгілеулер (қысқартылған атаулар, аббревиатуралар) қолданылады. Бұл ретте айналыс мерзімдері бір мемлекеттік бағалы қағаздардың бір түріне әртүрлі белгілеулер қолданылмайды.
      11. Журналды (Электрондық журналды) ҰСН берілген мемлекеттік бағалы қағаздар эмитентінің атауы туралы мәліметтер бөлігінде толтыру кезінде:
      1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне қатысты "Қаржымині" деген қысқартылған атауын немесе "ҚМ" аббревиатурасын қолдануға жол беріледі;
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қатысты "Ұлттық Банкі" деген қысқартылған атауын немесе "ҰБ" аббревиатурасын қолдануға жол беріледі;
      3) егер мемлекеттік бағалы қағаздардың түрі туралы мәліметтерге сүйене отырып, біржақты түрде эмитент тек қана Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі немесе тек қана Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болатын жағдайда, Журналдың тиісті бағанасы (Электрондық журналдың тиісті жолы) толтырылмайды;
      4) жергілікті ат қ арушы органдарына қ атысты қ ыс қ артыл ғ ан атауды қ олдану ғ а жол берілмейді.
      12. ҰСН беру туралы жазбалар Журналға және Электрондық журналға ҰСН берілген күні енгізілуге жатады.
      Журналдағы ҰСН беру туралы әрбір жазба жауапты қызметкердің қолымен расталуы керек.
      Журнал аяқталғаннан кейін оның сыртқы парағына "Журналда ҰСН беру туралы барлығы (ҰСН беру туралы соңғы жазбаның реттік нөмірі) жазбалар бар" деген жазба енгізіледі, еркін нысандағы форматта Журналдың аяқталу күні көрсетіледі, жауапты қызметкердің қолы қойылады.
      Жаңадан ашылатын Журнал бұрынғы Журналдағы соңғы жазбаның реттік нөмірінен бір бірлікке асатын ҰСН беру туралы жазбаның реттік нөмірінен басталады.
      ҰСН туралы аяқталмаған жазбаны бір Журналдан екіншісіне ауыстыруға тыйым салынады. Бұндай жазба әрбір бағанада "Z" белгісімен сызып тастау арқылы жойылады.
      13. Уәкілетті органның Электрондық журналды жүргізуді жүзеге асыратын қызметкерлері оған рұқсат етілмеген өзгерістерді енгізуден қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті.
      14. ҰСН беру үшiн ұсынылған құжаттар жазысқан хаттар файлдарына хронологиялық тәртiппен тiгiледi.
      15. Алмасу файлдарына енгізілген құжаттардың барлық парақтары төменгі оң жақ бұрышында нөмірленеді. Алмасу файлдары аяқталғаннан кейін онда бар құжаттардың тізімдемесі енгізіледі, оның бірінші парағында "Осы файлда құжаттардың ("күні, айы, жылы" форматындағы күні) бастап ("күні, айы, жылы" форматындағы күні) қоса алғандағы (соңғы құжаттың соңғы (жоғарғы) парағының реттік нөмірі) парақтары бар" және жауапты қызметкердің қолы қойылады.

                                    Мемлекеттік бағалы қағаздарға
                                ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін
                                      беру ережесіне 1-қосымша

        Мемлекеттік бағалы қағаздардың жекелеген
               түрлері кодтарының кестесі

Бағалы қағаздың түрі

Код

   Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі шығаратын,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қысқа мерзімді
қазыналық міндеттемелері (МЕККАМ)

1

   Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі шығарған,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орта мерзімді
қазыналық міндеттемелері (МЕОКАМ)

2

   Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі шығарған,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұзақ мерзімді
қазыналық міндеттемелері (МЕУКАМ)

D

   Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі шығарған,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орта мерзімді
индекстелген қазыналық міндеттемелері (МОИКАМ)

С

   Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі шығарған,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұзақ мерзімді индекстелген қазыналық міндеттемелері (МУИКАМ)

В

   Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі шығарған,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұзақ мерзімді жинақ қазыналық міндеттемелері (МЕУЖКАМ)

А

   Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі шығарған,
Қазақ стан Республикасының мемлекеттік қысқа мерзімді
қазыналық валюталық міндеттемелері (МЕКАВМ)

3

   Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі шығарған,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орта мерзімді
қазыналық валюталық міндеттемелері (МЕОКАВМ)

4

   Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі шығарған,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік индекстелген
қазыналық міндеттемелері (МЕИКАМ)

4

   Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі шығарған,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі займның
ұлттық жинақ облигациялары (НСО)

2

   Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің теңгеде номинирленген қысқа мерзімді ноты

1

   Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шетелдік валютада номинирленген қысқа мерзімді ноты

3

Мемлекеттік арнаулы өтем қазынашылық облигация (МАОКО)

9

Мемлекеттік бағалы қағаздарға 
ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін
беру ережесіне 2-қосымша   

Мемлекеттік бағалы қағаздардың ұлттық
сәйкестендіру нөмірін құру

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының ҰСН құру үшін араб цифрлары және латын әліпбиінің жазба (бас) әріптері ("І" және "О" әріптерінен басқа) пайдалынылады.
      2. ҰСН-ге қандай да болмасын тыныс белгісімен бөлінбеген, тізбектелген он екі символдар (солдан оңға санаумен) кіреді және мына үш бөліктен тұрады:
      1) бірінші және екінші позицияларда орналасқан символдар эмитент елінің екі әріпті кодын білдіреді (Қазақстан Республикасы үшін "KZ" коды пайдаланылады);
      2) үшінші - он бірінші позицияларда орналасқан символдар осы қосымшаның 3-9-тармақтарына сәйкес жасалған негізгі нөмірлер болып табылады;
      3) он екінші позицияда орналасқан символ осы қосымшаның 10-тармағына сәйкес есептелетін бақылау цифры болып табылады.
      3. ҰСН-нің үшінші позициясында орналасқан символ мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитентін білдіреді:
      1) "К" - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
      2) "W" - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі;
      3) "А" - Алматы қ аласыны ң жергілікті ат қ арушы органы;
      4) "Z" - Астана қ аласыны ң жергілікті ат қ арушы органы.
      4. ҰСН төртінші позициясында орналасқан символ мемлекеттік бағалы қағаздардың кодын білдіреді:
      1) "1" символы - шығарылым талаптарында олардың номиналды құнын және олар бойынша сыйақыларды индекстеу көзделмейтін құжатсыздандырылған дисконттық және дисконттық-купондық бағалы қағаздар;
      2) "2" символы - шығарылым талаптарында олардың номиналды құнын және олар бойынша сыйақыларды индекстеу көзделмейтін құжатсыздандырылған купондық бағалы қағаздар;
      3) "3" символы - шығарылым талаптарында олардың номиналды құнын және олар бойынша қандай да болмасын көрсеткішке төленетін сыйақыларды ішінара немесе толық индекстеу көзделетін құжатсыздандырылған дисконттық және дисконттық-купондық бағалы қағаздар;
      4) "4" символы - шығарылым талаптарында олардың номиналды құнын және олар бойынша қандай да болмасын көрсеткішке төленетін сыйақыларды ішінара немесе толық индекстеу көзделетін құжатсыздандырылған купондық бағалы қағаздар;
      5) "5" символы - шығарылым талаптарында олардың номиналды құнын және олар бойынша сыйақыларды индекстеу көзделмейтін құжаттандырылған дисконттық және дисконттық-купондық бағалы қағаздар;
      6) "6" символы - шығарылым талаптарында олардың номиналды құнын және олар бойынша сыйақыларды индекстеу көзделмейтін құжаттандырылған купондық бағалы қағаздар;
      7) "7" символы - шығарылым талаптарында олардың номиналды құнын және олар бойынша қандай да болмасын көрсеткішке төленетін сыйақыларды ішінара немесе толық индекстеу көзделетін құжаттандырылған дисконттық және дисконттық-купондық бағалы қағаздар;
      8) "8" символы - шығарылым талаптарында олардың номиналды құнын және олар бойынша қандай да болмасын көрсеткішке төленетін сыйақыларды ішінара немесе толық индекстеу көзделетін құжаттандырылған купондық бағалы қағаздар;
      9) "9" символы - Қазақстан Республикасы азаматтарының салымдарына өтемақы төлеу мақсатында шығарылған құжатсыздандырылған купондық бағалы қағаздар;
      10) "А" символы - орналастырылуы мен ө телуі номиналды құ ны бойынша жүзеге асырылатын құжатсыздандырылған купондық бағалы қағаздар, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді;
      11) "В" символы - орналастырылуы мен өтелуі номиналды құны бойынша жүзеге асырылатын құжатсыздандырылған купондық бағалы
қағаздар, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді;
      12) "С" символы - орналастырылуы мен өтелуі номиналды құны бойынша жүзеге асырылатын құжатсыздандырылған купондық бағалы
қағаздар, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді;
      13) "D" символы - орналастырылуы мен өтелуі номиналды құны бойынша жүзеге асырылатын құжатсыздандырылған купондық бағалы
қағаздар, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде орналастыру кезінде
айқындалатын, купон деп аталатын сыйақы төленеді;
      14) "Е" символы - республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының орта мерзімді бағалы қағаздары;
      15) "F" символы - республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұзақ мерзімді бағалы қағаздары;
      16) "G" символы - республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының орта мерзімді индекстелген бағалы
қағаздары;
      17) "Н" символы - республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұзақ мерзімді индекстелген бағалы
қағаздары.
      5. ҰСН төртінші позициясын толтыру кезінде пайдаланылатын мемлекеттік бағалы қағаздардың жекелеген түрлерінің кодтары 1-қосымшада келтірілген.
      6. ҰСН-тің  бесінші позициясында орналасқан символ шығарылымның валютасын білдіреді:
      1) "К" символы - қазақстандық теңге;
      2) "U" символы - АҚШ доллары;
      3) "Е" символы - еуро.
      7. ҰСН-нің алтыншы позициясында орналасқан символ мемлекеттік бағалы қағаздардың айналыс мерзімінің өлшем бірлігін білдіреді:
      1) "Y" символы - жылдар;
      2) "M" символы - айлар;
      3) "W" символы - апталар;
      4) "D" символы - күндер.
      8. ҰСН-нің жетінші және сегізінші позицияларында орналасқан символдар мемлекеттік бағалы қағаздардың тиісті өлшем бірлігіндегі айналыс мерзімін білдіреді.
      Егер айналыс мерзімі оннан төмен тиісті өлшем бірлігін құраған жағдайда, жетінші позицияда "0" (нөл) символы көрсетіледі.
      9. ҰСН-нің тоғызыншы, оныншы және он бірінші позицияларында орналасқан символдар мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының олардың эмитенттері пайдаланатын нөмірлеуге сәйкес реттік нөмірін білдіреді.
      Егер шығарылымның реттік нөмірі жүзден төмен болып құралған жағдайда, тоғызыншы позицияда "0" (нөл) символы көрсетіледі.
      Егер шығарылымның реттік нөмірі оннан төмен болып құралған жағдайда, оныншы позицияда (тоғызыншы позициядағы "0" символына қосымша) "0" (нөл) символы көрсетіледі.
      Егер шығарылымның реттік нөмірі тоғыз жүз тоқсан тоғыздан асып кеткен жағдайда, оның бірінші саны көрсетілмейді.
      10. Бақылау цифры мынадай түрде есептеледі:
      1) 1-қадам: осы қосымшаның 2-тармағының 1) тармақшасына және 3-9-тармақтарына сәйкес бастапқы он бір позициялар толтырылады;
      2) 2-қадам: позицияларда орналасқан әріптік символдар 4-қосымшаға сәйкес сандармен ауыстырылады;
      3) 3-қадам: құрылған сандық қатардағы (оның оң жақ шетінен бастап) әрбір цифры мына коэффициентке көбейтіледі: "2" - тақ позицияларда орналасқан цифрлар үшін немесе "1" - жұп позицияларда орналасқан цифрлар үшін;
      4) 4-қадам: 3-қадамды орындау нәтижесінде құрылған цифрлар қатары қосылады;
      5) 5-қадам: егер 4-қадамды орындау нәтижесінде алынған сома "0-мен" аяқталса, онда бақылау цифры "0" болып табылады. Керісінше жағдайда, 4-қадамды орындау нәтижесінде алынған соманы осы сомадан асатын және он еседен төмен болып табылатын саннан алып тастау нәтижесі бақылау цифры болып табылады.

                                    Мемлекеттік бағалы қағаздарға
                                   ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін
                                      беру ережесіне 3-қосымша

       Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру
                   нөмірін берудің мысалы

      Берілді (мысалды ң шарттары):
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі алты ай айналыс мерзімімен мемлекеттік қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелерін
(бұдан әрі - МЕККАМ) айналысқа шығарады; шығарылымның реттік нөмірі – 123.
                         1-қадам:

Позицияны ң
нөмірі

Символдары

Түсіндірме

1-2

KZ

Эмитенттің елін белгілеу (2-қосымшаның 2-тармағының 1) тармақшасы)

3

К

Мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитентін белгілеу: Мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитенті ретінде Қазақстан Республикасының Қаржы  министрлігіне "К" символы сәйкес келеді (2-қосымшаның 3-тармағы және мысалдың шарттары)

4

1

Мемлекеттік бағалы қағаздардың түрін белгілеу: МЕККАМ "1" символына сәйкес келеді (2-қосымшаның 4-тармағы және 1-қосымша)

5

К

Шығарылымның валютасын белгілеу: МЕККАМ-ның номиналды құны "К" символына сәйкес келетін қазақстандық теңгемен көрсетіледі (2-қосымшаның 6-тармағы)

6

М

Мемлекеттік бағалы қағаздардың айналыс мерзімінің өлшем бірлігін белгілеу: МЕККАМ-ның айналыс мерзімі "М" символы сәйкес келетін айлармен өлшенеді (2-қосымшаның 7-тармағы)

7-8

06

Мемлекеттік бағалы қағаздардың айналыс мерзімін айлармен белгілеу: МЕККАМ-ның осы шығарылымының айналыс мерзімі 10 айдан төмен болғандықтан, жетінші позицияда "0" (нөл) символы көрсетіледі (2-қосымшаның 8-тармағы және мысалдың шарттары)

9-11

123

Мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының реттік нөмірін белгілеу (2-қосымшаның 9-тармағы және мысалдың шарттары)

      Нәтижесінде осы шығарылымының ұлттық сәйкестендіру МЕККАМ нөмірі (оны екінші позициядағы бақылау цифрысыз) былайша көрінеді:

K Z K 1 K M 0 6 1 2 3

                           2-қадам:

      4-қосымшаға сәйкес әріпті символдарды сандарға ауыстыру:

1 9 3 3 1 9 1 1 9 2 1 0 6 1 2 3

                           3-қадам:

      Құрылған сандық қатардағы цифрларды (оның оң жақ шетінен бастап) коэффициентке көбейту: "2" - тақ позицияларда орналасқан цифрлар үшін немесе "1" - жұп позицияларда орналасқан цифрлар үшін:
      сандық қатар (3-қадамды орындау нәтижесі):

1 9 3 3 1 9 1 1 9 2 1 0 6 1 2 3

      көбейту коэффициенттері:

1 2 1 2 1 2 1 2 1 2 1 2 1 2 1 2

      көбейту нәтижесі:

1 1 8 3 6 1 1 8 1 2 9 4 1 0 6 2 2 6

                           4-қадам:

      Қадамды орындаудың нәтижесінде алынған қатардың цифрларын қосу:

3: 1 + 1 + 8 + 3 + 6 + 1 + 1 + 8 + 1 + 2 + 9 + 4 + 1 + 0 + 6 + 2 + 2 + 6 = 62

                           5-қадам:

      4-қадамды орындау нәтижесінде алынған сома "0-мен"
аяқталмағандықтан, осы сомадан асатын және он еседен төмен болатын сан анықталады. 62 сомасы үшін осындай сан 70 болып табылады. Тиісінше, бақылау цифрасы 8-ге тең (70-62).
      Осы шығарылымдағы мемлекеттік бағалы қағаздардың толық ұлттық сәйкестендіру нөмірі мынаған тең:

K Z K 1 K M 0 6 1 2 3 8

                                    Мемлекеттік бағалы қағаздарға
                                   ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін
                                      беру ережесіне 4-қосымша

          Әріптік символдарды сандарға ауыстыру
                          кестесі

A

10

F

15

L

20

R

25

W

30

B

11

G

16

M

21

S

26

X

31

C

12

H

17

N

22

T

27

Y

32

D

13

J

18

P

23

U

28

Z

33

E

14

K

19

Q

24

V

29