Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 49 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы N 144 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 21 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5369 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 257 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 257 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының "Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4602 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2007 жылғы наурыз-сәуір) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 49 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 16 шілдедегі N 209 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4901 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесінде:

      кіріспеде "және банктердің (бұдан әрі - Банк)" деген сөздер ", екінші деңгейдегі банктер мен "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – банк)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) агент-банк – банк синдикатының мүшелері өзінің мүддесін көздеуді тапсыратын, сондай-ақ синдицилденген заемға қатысты оның барлық қолданыс мерзімі ішінде кредиттік басқару жөніндегі қызмет көрсетуді тапсыратын банк;";

      мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2) және 1-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) банктердің синдикаты – бірлескен кредиттік операцияларды жүргізу мен банк синдикатына кіретіндердің заңдық және қаржылық дербестігін сақтап, заемшының төлем қабілетсіздігі жағдайында әр қатысушы үшін ықтимал шығындарды төмендету мақсатымен біріктірілген екі және одан астам банктер;

      1-2) заемшы – заем (кредит) шартына қол қоятын, заем (кредит) алған және алынған қаражатты қайтару мен алынған заемды (кредитті), оның ішінде сыйақы мен кредит бойынша басқа төлемдерді толық төлеу бойынша өзіне міндеттемелерді қабылдайтын жеке немесе заңды тұлға;

      1-3) инвестициялық заем (кредит) - бұл мынадай талаптарға сәйкес келетін заем (кредит):

      заем мерзімі бес және одан астам жылдар;

      заем шартының талаптарымен мерзімнен бұрын толық өтеуге тыйым салу белгіленген. Заемның ішінара өтелуі заемшының бизнес-жоспарында белгіленген мерзімде және тәртіпте жүзеге асырылуы мүмкін;

      материалдық өндірісті, өндірістік және көлік инфрақұрылымын құруға, кеңейтуге және жетілдіруге бағытталған кешенді іс-шараларды іске асыруды қарастыратын заңды тұлғаға оның бизнес-жоспарына сәйкес беріледі;";

      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) синдицилденген заем – банктер синдикатының қатысушылары болып табылатын екі және одан астам банктермен бірігіп қалыптастырылған және заемшыға (байланысты заемшылар тобына) бір заем шарты негізінде (қажеттілігіне қарай және басқа құжаттарды қоса беріп) берілген заем;";

      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) тең заемшы – заемшымен бірге заем (кредит) шартына қол қоятын және заем (кредит) шарты бойынша алынған қаражатты қайтару және алынған заемды (кредитті), оның ішінде сыйақы мен кредит бойынша басқа төлемдерді толық төлеу бойынша міндеттемелерді орындауға ортақ жауапты ретінде тұратын жеке немесе заңды тұлға;";

      3-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Кредит беру туралы шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады, мәміле жасалатын тіл болып клиенттің таңдауы бойынша мемлекеттік және (немесе) орыс тілі табылады, шетел тұлғаларымен шарт жасасқан жағдайда – мемлекеттік және тараптарға қолайлы тілдерде жасалады және оған мыналар кіреді:";

      4) тармақша "өтеу мерзімі" деген сөздерден кейін "мен кезектілігі" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Синдицилденген заем беру туралы шартта әр қатысушы синдикат-банктің заемда қатысу сомасы мен үлесі міндетті түрде болады, оның ішінде заемшының төлем қаблетсіздігі жағдайында синдикаттың әр қатысушысы үшін ықтимал шығындардың үлесін бөліп.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Банк кредиттерді және оларға қосымша келісімдерді, кепіл шарттарын және оларға қосымша келісімдерді, кепіл берушінің кепілге берілген мүлікке меншік құқығын (шаруашылық жүргізу, шұғыл басқару құқығын) растайтын құқық белгілейтін құжаттарды беру туралы шарттардың және банк қабылдаған қамтамасыз ету бойынша басқа құжаттардың түпнұсқаларын сақтаудың тәртібі, сондай-ақ оларды есепке алу мен олармен жұмыс істеудің тәртібі бар ішкі ережелерді әзірлейді және бекітеді.

      Кредиттік досьелерді жүргізу, сондай-ақ ондағы құжаттардың толықтығын осы Ережеге және банктің ішкі саясатына сәйкес қамтамасыз етуді банктің тиісті бөлімшесінің жауапты қызметкері жүзеге асырады.

      Осы тармақта белгіленген талаптарды сақтауға жалпы бақылауды банктің басшы қызметкері жүзеге асырады.";

      8-тармақта:

      1) тармақша "қол қойған" деген сөздерден кейін "және кіріс құжаттамасының тіркелуін жүзеге асыратын банктің бөлімшесінде тіркелген" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) құрылтай құжаттарының және заемшының жай акцияларының бес және одан астам пайызын, заемшы қатысушыларының (акционерлерінің) жай акцияларының бес және одан астам пайызын иеленетін акционерлер тізілімінің, сондай-ақ заемшының жарғылық капиталындағы үлестің бұдан кейінгі – соңғы меншік иегерлері туралы ақпаратты ашатын құжаттардың нотариатта куәландырылған көшірмелері.

      Егер заемшының құрылтайшысы (акционері) болып Қазақстан Республикасының резидент емесі табылса, кредиттік досьеде резидент емес уәкілетті тұлғаға заңды тұлғаны (заемшыны) басқару құқығына берген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес заңдастырылған немесе расталған сенімхаттың нотариатта куәландырылған көшірмесі болады;";

      5) тармақша "(банкте аталған құжаттар бар болғанда – осындай құжаттардың көшірмелері)" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) түпнұсқасы банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптар мен тәртіпте банктің қоймасында сақталуға жататын, мәміле жасалғанын растайтын өзге құжаттың берілген кредиттік лимитімен, төлем карточкалары бойынша кредит беру туралы шарттың көшірмесі;";

      8) тармақша:

      "соңғы" деген сөзден кейін "тоқсан мен соңғы" деген сөздермен толықтырылсын;

      "заңды тұлғаның" деген сөздерден кейін "соңғы есепті жылдағы қаржылық есептілікке" деген сөздермен толықтырылсын;

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) тігіл ген, м ө р басыл ғ ан, ә р пара ғ ы н ө мірленген арнайы есепке алу журналында тіркелген (н ө мірі ж ә не шешімді қ абылдау к ү ні бойынша) ж ә не электронды т ү рде қ айталан ғ ан, кредит беруді (төлем карточкалары бойынша кредиттік лимитті белгілеу) мақұлдау жөніндегі банктің уәкілетті органының шешімі;";

      12) тармақша "кредиттi" деген сөзден кейін "және бірегей кредиттерді" деген сөздермен толықтырылсын;

      17) тармақша "көрсететін" деген сөзден кейін "және растайтын" деген сөздермен толықтырылсын;

      19) тармақша "құжат" деген сөзден кейін ", сондай-ақ кредитті жіктеу бойынша берілген балдар туралы мәліметтер (бірегей кредиттерді қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;

      22) тармақша "төлемдері бойынша" деген сөздерден кейін "соңғы үш айда" деген сөздермен толықтырылсын;

      жиырма тоғызыншы абзац:

      "14), 18), 20)" деген цифрлардан кейін ", 22)" деген цифрмен толықтырылсын;

      "16), 18), 20)" деген цифрлардан кейін ", 21)" деген цифрмен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы отызыншы абзацпен толықтырылсын:

      "Овердрафт кредиттері және жеке тұлғаларға берілген, ұсынылған кредиттік лимитімен төлем карточкалары бойынша банк осы тармақтың 1), 6), 11), 12), 16)-21) тармақшаларында көрсетілген құжаттамамен досьені қалыптастырады. Бұл ретте овердрафт кредиттері және бірегей кредиттер үшін белгіленген сомада және талаптармен берілген кредиттік лимитімен төлем карточкалары бойынша кредитті қолдану мен заем ақшасын мақсатты қолданудың мониторингтік есептің мақсатын растайтын құжаттардың бар болуы талап етілмейді.";

      9-тармақта:

      2) тармақшада "фактісін растайтын" деген сөздерден кейін "тиісті" деген сөзбен толықтырылсын;

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) түпнұсқасы банктің қоймасында банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптар мен тәртіпте сақталуға жататын кредитті беру туралы шарттың көшірмесі;";

      8) тармақшада "он екі" деген сөздер "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;

      10-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) түпнұсқасы банктің қоймасында банктің ішкі құжаттарында белгіленген талаптар мен тәртіпте сақталуға жататын мемлекеттік тіркелуі белгісімен жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы шарттың көшірмесі;";

      5) тармақшада "соттан тыс жүзеге асыруға" деген сөздер "иелігінен алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11-тармақтың 2) тармақшасы "жылжымалы мүлікке" деген сөздердің алдынан "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда" деген сөздермен толықтырылсын;

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Егер кредит құ рылыс саласында, оны ң ішінде жылжымайтын

      м ү лікті қ айта жа ң арту немесе бас қ а құ рылысты қ жетілдірулер ү шін заемшыны ң қ олдануы ү шін берілсе, кредиттік досьеге жоспарлан ғ ан жұмыстар бойынша жобалы-сметалы қ құ жаттама ж ә не (немесе) жобалы-сметалы қ құ жаттама негізінде жасал ғ ан, сметалы қ құ нды көрсетіп, жоспарлан ғ ан ж ұ мыстарды ң негізгі параметрлері бар құ жаттар ж ә не банк дайында ғ ан тексерулер туралы есептер немесе кредит берілген ж ұ мыстарды ң к ө лемі орындал ғ анын растайтын заемшыны ң объектілерін қабылдау- ө ткізу актісі, құ рылыс-монтаж ж ұ мыстарын ж ү ргізуге берілген тиісті р ұқ сат қ оса беріледі.";

      6-тарауды ң атауында "мен кепілдемелер" деген с ө здер ", кепілдемелер мен аккредитивтер" деген с ө здермен ауыстырылсын;

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Кепілдіктер мен кепілдемелер бойынша банк 1)-6), 8), 9), 11), 14), 18), 20) тармақшаларда және осы Ереженің 8-тармағының 22) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қоса беріп, досьені қалыптастырады, ол кепілдік немесе кепілдеме берілген тұлға борышын өтегенге дейін жүргізіледі.";

      24-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Аккредитивтік қамтамасыз етуге жасалған шарттарға сәйкес немесе кредиттік желі аясында шығарылған, жабылмаған аккредитивтер бойынша банк 1)-6), 8), 9), 11), 14), 18), 20) тармақшаларда және осы Ереженің 8-тармағының 22) тармақшасында көрсетілген құжаттар досьеде міндетті түрде бар болуымен, кредиттік досьеге ұқсас құжаттамамен досьені қалыптастырады.";

      25-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) соңғы есептік жыл бойынша қаржылық есептілігіне салық декларациясының көшірмесін және (немесе) заңды тұлға-заемшының қаржылық жағдайы туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін веб-сайттарда орналастырылған ақпаратты қоса беріп, заемшының (тең заемшының), кепілгердің немесе кепілдеме берушінің соңғы тоқсан және соңғы есептік жыл бойынша қаржылық есептілігінің көшірмесі;";

      3) тармақшада "қажетті құжаттар мен өзге ақпарат тізбесі" деген сөздер "қажетті құжаттар мен өзге ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) банктің жауапты қызметкері және заемшы қол қойған заем ақшасын мақсатты қолданудың мониторингтік есебі, онда мыналар көзделеді:

      заемшы тауарды (жұмысты, қызмет көрсетуді) алғанын және клиенттерге овердрафт түрінде берілген заемдарды және жеке тұлғаларға берілген бірегей кредиттер үшін белгіленген сомада және талаптармен берілген, ұсынылған кредиттік лимиттермен төлем карточкаларын қоспағанда, кредитті беру туралы шартта көзделген басқа мақсаттарға жеткенін растайтын тиісті құжаттармен (шарттармен, қабылдау актілерімен, шот фактурамен, тауар құжаттамасымен және басқалармен) заем ақшасын қолдануға талдау;

      алынған кредитті заемшының борышын кері қаржыландыруға бағыттаған жағдайда, басқа банктерден алынған кредиттерді мақсатты қолдануды растайтын құжаттарға талдау. Осы талдауда кері қаржыландыратын кредитті қолданудың тиімділігі, кредиттің қайтымдығына болжам, кері қаржыландырудың мақсаттылығы көрсетіледі;";

      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) құрылтай құжаттарға немесе заемшының жай акцияларының бес және одан астам пайызын, заемшы қатысушыларының (акционерлерінің) жай акцияларының бес және одан астам пайызын иеленетін акционерлер тізіліміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың нотариатта куәландырылған көшірмелері, сондай-ақ заемшының жарғылық капиталындағы үлестің бұдан кейінгі – соңғы меншік иегерлері туралы ақпаратты ашатын, тоқсанда 1 (бір) реттен сирек емес кезеңділікте тігілетін құжаттар;";

      27-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Жабылмаған аккредитивтер бойынша осы Ереженің 25-тармағының 1)-4), 6), 8) тармақшаларында көрсетілген мониторинг бойынша құжаттама жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 8-тараумен толықтырылсын:

"8-тарау. Банктер синдикаты синдицилденген заемдарды
бергендегі құжаттама

      29. Банктер синдикаты синдицилденген заемдарды бергенде, осы Ереженің 8, 10, 11, 12, 13, 14-тармақтарында көзделген кредиттеу бойынша құжаттама агент-банкте сақталуға жатады.

      30. Синдикаттың басқа қатысушылары міндетті тәртіпте осы Ереженің 8, 10, 11, 12, 13, 14 тармақтарында көрсетілген құжаттар көшірмесінің толық кредиттік досьесін қалыптастырады, олардың түпнұсқасы агент-банкте сақталады.

      31. Кредиттік мониторинг және осы Ереженің 25-тармағында көзделген кредиттік мониторинг бойынша құжаттаманы қалыптастыру синдицилденген заемның барлық қатысушы-банктерімен жүргізіледі.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):

      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;

      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.

      4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ө. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

Төрайым

Е.Л. Бахмутова