Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемелері мен нормативтік мәнін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есеп берудің нысандары мен мерзімін белгілеу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 44 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы N 147 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 19 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5363 болып енгізілді.

Қолданыстағы

       Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Банк конгломераттарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемелері мен нормативтік мәнін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есеп берудің нысандары мен мерзімін белгілеу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 44 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4148 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемелері мен нормативтік мәнін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы  есеп берудің нысандары мен мерзімін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 44 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 157 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4403 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
      10-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының резиденті емес банк конгломераты қатысушысының активтерін, шартты және ықтимал міндеттемелерін мөлшерлеу кезінде банк конгломератының қатысушысы тұрған елде орналасқан тұлғаларға талаптар резидент тұлғаларға талаптар ретінде салымдар тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленеді.";
      11-тарма қ мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілік коэффиценті 0,14-тен кем болмайды.
      Банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілік коэффиценті банк конгломератының құрамына кіретін банктің:
      1) ірі қатысушы-жеке тұлғасы бар болған кезде 0,12-ден кем болмайды;
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4139 тіркелген) 2006 жылғы 25 ақпандағы N 55 қаулысында тізбесі мен талап етілетін барынша төмен рейтингі белгіленген рейтингтік агенттіктердің бірінің белгілі рейтингіне ие бас банкі не банк холдингі бар болған кезде 0,10-нан кем болмайды.".
      2. 2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының төртіншіден бастап сегізіншіге дейінгі абзацтарын қоспағанда, осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
      4. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

      Төрайым                                         Е. Бахмутова