Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған тіркелген сәйкестік туралы декларациялар, өтініш-декларациялар , берілген сәйкестік сертификаттары туралы, өтініш-декларацияларды тіркеген өтініш берушілердің сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуден жалтаруы туралы және сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Ғ.М. Мұхамбетов) заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В. Школьник
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрінің
2008 жылғы 29 қазандағы
N 428 бұйрығымен
бекітілді
Тіркелген сәйкестік туралы декларациялар, өтініш-декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, өтініш-декларацияларды тіркеген өтініш берушілердің сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуден жалтаруы туралы және сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін жүргізу ережесін бекіту туралы
1. Осы Ереже тіркелген сәйкестік туралы декларациялар, өтініш-декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, өтініш-декларацияларды тіркеген өтініш берушілердің сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуден жалтаруы туралы және сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін жүргізу тәртібін белгілейді (бұдан әрі – электрондық есеп).
2. Деректерді электрондық есепке алуды аккредиттеу жөніндегі орган ұсынған, бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдана отырып, осы Ереженің 4-7 тармақтарында көрсетілген, ақпараттарды енгізу арқылы өнім сәйкестігін растау жөніндегі органдар жүргізеді.
3. Электрондық есеп бойынша, барлық деректер Аккредиттеу жөніндегі органға есептік кезеңнен кейінгі айдың бесінде айына бір рет ұсынылады.
4. Бағдарламалық қамтамасыз етуде сәйкестік туралы тіркелген декларациялар туралы ақпараттарды енгізу барысында:
1) сәйкестік декларациясы бланкісінің тіркеу нөмірі;
2) сәйкестік декларациясын қабылдаған өтінім берушінің атауы, өтінім берушінің мемлекеттік тіркелуі туралы мәліметтер (тіркеген органның атауы, тіркеу күні, тіркеу нөмірі), салық төлеушінің тіркеу нөмері (бұдан әрі – СТН), жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН), бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), мекен-жайы, телефон, факс нөмірі, электрондық поштасының мекен жайы;
3) оның атынан сәйкестік декларациясы қабылданатын, ұйым басшысының (жеке кәсіпкердің) аты жөні, тегі, (олар бар болғанда) лауазымы;
4) сәйкестік туралы декларация таратылатын өнімнің атауы, түрі, маркасы, экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім сыныптауышының (бұдан әрі – ЭҚТӨС) коды, сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – СЭҚ ТН) коды, өнімнің шығарылу сериясы немесе партиясы туралы мәліметтер;
5) қабылданған сәйкестік туралы декларациясымен сәйкестігі расталатын, өнім үшін белгіленген талаптары құрайтын, тармақтардың көрсетілуімен нормативтік құжаттардың белгісі;
6) сәйкестік туралы декларациясын қабылдауға негіз болып табылатын құжаттар туралы мәліметтер;
7) сәйкестік туралы декларациясының тіркеу нөмірі;
8) сәйкестік туралы декларациясының тіркеу күні, қызмет мерзімі;
9) сәйкестік туралы декларациясының тіркелуіне жауапты тұлғаның аты-жөні, тегі, (олар бар болғанда) лауазымы.
5. Бағдарламалық қамтамасыз етуде өтініш-декларациялары туралы ақпараттарды енгізу барысында:
1) өтініш-декларациясы бланкісінің есептік нөмірі;
2) өтініш-декларациясының тіркеу нөмірі;
3) өтініш-декларациясының тіркеу күні;
4) өтінім берушінің атауы, СТН, ЖСН, БСН өтінім беруші басшысының (жеке кәсіпкердің) мекен-жайы, аты-жөні, тегі, (олар бар болғанда);
5) өнім атауы, СЭҚ ТН коды, партия көлемі, тауарды алып жүру құжаттары;
6) даярлаушының елі және атауы;
7) берілген өнім үшін нормативтік құжаттың атауы және белгісі;
8) өтініш-декларациясын тіркегеннен кейін сәйкестігін растауға берілген мерзім (бір айдан кем емес);
9) шарттың күні және нөмірі;
10) бас тартылған жағдайда - тіркеуден бас тарту себебі;
11) өтініш-декларацияны тіркеген өтініш берушінің сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуден жалтарған жағдайда – жалтаруы туралы белгі;
12) сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізген жағдайда – сәйкестік сертификаты бланкісінің тіркеу нөмірі және есептік нөмірі;
13) сәйкестік туралы декларациясының тіркелуіне жауапты тұлғаның аты жөні, тегі, (олар бар болғанда) лауазымы.
6. Бағдарламалық қамтамасыз етуде берілген сәйкестік сертификаттары туралы ақпараттарды енгізу барысында:
1) сәйкестік сертификаты бланкісінің есептік нөмірі, сәйкестік сертификаты қосымшасының (ол берілген жағдайда) есептік нөмірі;
2) сәйкестік сертификатының тіркеу нөмірі;
3) сәйкестік сертификатын тіркеу күні, қызмет мерзімі;
4) өнім атауы, үлгісі, түрі маркасы, ЭҚТ ӨС және СЭҚ ТН кодтары, өндірістік үлгісі, партия көлемі;
5) даярлаушы ел, өнімді сертификаттайтын кәсіпкер дарлаушының атауы;
6) сертификаттау жүргізілген тиісті нормативтік құжаттардың белгісі және олардың тармақтары;
7) өтінім берушінің (сатушының, даярлаушының) атауы және мекен жайы, өтінім берушінің өнімді сәйкестік белгісімен таңбалауға немесе өнімнің жеке партияларын немесе сертификаттың көшірмесінің бірлі-жарым данасын алып жүруге құқығы;
8) сынақ хаттамасының күні және нөмірі, сынақ хаттамасын берген сынақ зертханасының аккредиттеу аттестатының атауы және нөмірі, шетел сертификатының күні, нөмірі, оны берген органның атауы, сапа (өндіріс) жүйесі сертификатының күні, нөмірі.
7. Бағдарламалық қамтамасыз етуде сертфикаттаудан бас тарту туралы ақпараттарды енгізу барысында:
1) өтінім берушінің атауы, мекен-жайы, телефон, факс нөмірі;
2) сертификаттаудан бас тарту күні және негізі;
3) іс жүргізуші бойынша өнімнің ЭҚТ ӨС коды, іс жүргізуші бойынша өнімнің СЭҚ ТН коды;
4) даярлаушының елі және атауы;
5) жеткізушінің елі және атауы;
6) партия: көлемі, өнім бірлігінің салмағы (сыйымдылығы).
8. Сәйкестік туралы декларациясы, өтініш-декларациясы, сәйкестік сертификаты, сәйкестік сертификатына қосымша және олардың көшірмелері жасандылардан қорғалған, белгіленген үлгідегі бланкілерде орындалады.
Бланкілерді шығаруды және көбейтуді аккредиттеу жөніндегі орган іске асырады.