Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 383 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және олардың депозиторларының мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғы капиталының мынадай ең аз мөлшері белгіленсін:
жаңадан құрылатын, оның ішінде Агенттіктің банк ашу жөніндегі рұқсатын алған банктер үшін 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерінде;
тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 3 000 000 000 (үш миллиард) теңге мөлшерінде.
2. Меншікті капиталдың мынадай ең аз мөлшері белгіленсін:
жаңадан құрылатын, оның ішінде Агенттіктің банк ашу жөніндегі рұқсатын алған банктер үшін 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерінде;
тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 3 000 000 000 (үш миллиард) теңге мөлшерінде.
3. Филиалдары жоқ банктер үшін меншікті капиталдың мынадай ең аз мөлшері:
1) банктер үшін 1 000 000 000 (бір миллиард) теңге мөлшерінде;
Астана және Алматы қалаларынан тыс орналасқан банктер үшін, тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 500 000 000 (бес жүз миллион) теңге мөлшерінде;
2) 2009 жылғы 1 қазаннан бастап:
банктер, оның ішінде жаңадан құрылатын банктер үшін 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерінде;
тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 3 000 000 000 (үш миллиард) теңге мөлшерінде;
1.10.2009 жылғы жағдай бойынша әр қайсысының меншікті капиталының мөлшері 10 000 000 000 (он миллиард) теңгеден кемді құрайтын жұмыс істейтін банктер үшін:
Астана және Алматы қалаларынан тыс қайта тіркелуі;
Астана және Алматы қалаларынан тыс тіркелген, арнаулы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдарын және банкаралық салымдарды қоспағанда, заңды және жеке тұлғалардан қабылданған депозиттер сомасының банк міндеттемелерінің 50 % (елу пайызынан) кем емес мөлшерінде болуы;
Астана және Алматы қалаларынан тыс тіркелген, банкаралық кредиттерді және «кері РЕПО» операцияларын қоспағанда, банкпен аффилиирленбеген заемшыларға берілген, Астана және Алматы қалаларынан тыс тіркелген заңды және жеке тұлғалардан қабылданған депозиттер мен банктің жарғылық капиталы сомасының 50% (елу пайызынан) кем емес мөлшеріндегі кредиттердің болуы шартымен - 2 000 000 000 (екі миллиард) теңге мөлшерінде;
3) 2011 жылғы 1 шілдеден бастап:
банктер, оның ішінде жаңадан құрылатын банктер үшін 10 000 000 000 (он миллиард) теңге мөлшерінде;
тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерінде ;
осы қаулының 3-тармағының 2) тармақшасының төртіншіден бастап жетіншіге дейінгі абзацтарында көзделген талаптарды орындаған банктер үшін 4 000 000 000 (төрт миллиард) теңге мөлшерінде белгіленсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.05.26 N 104 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2009.12.29 N 264 қаулыларымен.
4. Екі және одан көп филиалы бар банк үшін меншікті капиталының ең аз мөлшері осы қаулының 3-тармағында көрсетілген банктің меншікті капиталының ең аз мөлшері мен:
облыстың әкімшілік орталығында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында орналасқан әрбір филиал үшін - 30 000 000 (отыз миллион) теңгенің;
басқа қалаларда орналасқан әрбір филиал үшін 15 000 000 (он бес миллион) теңгенің;
басқа елді мекендерде орналасқан әрбір филиал үшін 10 000 000 (он миллион) теңгенің сомасы ретінде белгіленсін.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.05.26 N 104 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
5. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6. "Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшерлері туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 қарашадағы N 257 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5049 тіркелген) өзінің күшін жойды деп танылсын.
7. Стратегия және талдау департаменті (Әбдірахманов Н.А.):
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлесігіне мәлімет үшін жіберсін.
8. Агенттіктің Төраға қызметі (А. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық баспасөз құралдарында жариялау шараларын қабылдасын.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары К.Б. Қожахметовке жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова