Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшерлері туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2008 жылғы 2 қыркүйектегі N 140 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 13 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5339 болып енгізілді.

Қолданыстағы

       Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және олардың депозиторларының мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жарғы капиталының мынадай ең аз мөлшері белгіленсін:
      жаңадан құрылатын, оның ішінде Агенттіктің банк ашу жөніндегі рұқсатын алған банктер үшін 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерінде;
      тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 3 000 000 000 (үш миллиард) теңге мөлшерінде.
      2. Меншікті капиталдың мынадай ең аз мөлшері белгіленсін:
      жаңадан құрылатын, оның ішінде Агенттіктің банк ашу жөніндегі рұқсатын алған банктер үшін 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерінде;
      тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 3 000 000 000 (үш миллиард) теңге мөлшерінде.
      3. Филиалдары жоқ банктер үшін меншікті капиталдың мынадай ең аз мөлшері белгіленсін:
      1) банктер үшін 1 000 000 000 (бір миллиард) теңге мөлшерінде;
      Астана және Алматы қалаларынан тыс орналасқан банктер үшін, тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 500 000 000 (бес жүз миллион) теңге мөлшерінде;
      2) 2009 жылғы 1 шілдеден бастап:
      банктер, оның ішінде жаңадан құрылатын банктер үшін 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерінде;
      Астана және Алматы қалаларынан тыс орналасқан банктер, оның ішінде жаңадан құрылатын банктер, тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 3 000 000 000 (үш миллиард) теңге мөлшерінде;
      3) 2011 жылғы 1 шілдеден бастап:
      банктер, оның ішінде жаңадан құрылатын банктер үшін 10 000 000 000 (он миллиард) теңге мөлшерінде;
      Астана және Алматы қалаларынан тыс орналасқан банктер, оның ішінде жаңадан құрылатын банктер, тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерінде.
      4. Филиалдары бар банктер үшін меншікті капиталдың мынадай ең аз мөлшері белгіленсін:
      1) банкте бір филиал болса 1 000 000 000 (бір миллиард) теңге мөлшерінде;
      банкте бірден астам филиал болса 1 000 000 000 (бір миллиард) теңге мөлшерінде әрі оған қоса:
      облыстың әкімшілік орталығында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында орналасқан әрбір филиал үшін - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;
      басқа қалаларда орналасқан әрбір филиал үшін 15 000 000 (он бес миллион) теңге;
      басқа елді мекендерде орналасқан әрбір филиал үшін 10 000 000 (он миллион) теңге.
      2) 2009 жылғы 1 шілдеден бастап:
      банкте бір филиал болса 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерінде;
      банкте бірден астам филиал болса 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерінде әрі оған қоса:
      облыстың әкімшілік орталығында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында орналасқан әрбір филиал үшін 30 000 000 (отыз миллион) теңге;
      басқа қалаларда орналасқан әрбір филиал үшін - 15 000 000 (он бес миллион) теңге;
      басқа елді мекендерде орналасқан әрбір филиал үшін - 10 000 000 (он миллион) теңге.
      3) 2011 жылғы 1 шілдеден бастап:
      банкте бір филиал болса 10 000 000 000 (он миллиард) теңге мөлшерінде;
      банкте бірден астам филиал болса - 10 000 000 000 (он миллиард) теңге мөлшерінде әрі оған қоса:
      облыстың әкімшілік орталығында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында орналасқан әрбір филиал үшін - 40 000 000 (қырық миллион) теңге;
      басқа қалаларда орналасқан әрбір филиал үшін - 20 000 000 (жиырма миллион) теңге;
      басқа елді мекендерде орналасқан әрбір филиал үшін - 15 000 000 (он бес миллион) теңге.
      5. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      6. "Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшерлері туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 қарашадағы N 257 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5049 тіркелген) өзінің күшін жойды деп танылсын.
      7. Стратегия және талдау департаменті (Әбдірахманов Н.А.):
      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлесігіне мәлімет үшін жіберсін.
      8. Агенттіктің Төраға қызметі (А. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық баспасөз құралдарында жариялау шараларын қабылдасын.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары К.Б. Қожахметовке жүктелсін.

       Төрайым                                        Е. Бахмутова