Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз .
Қолданыстағы заңнаманың нормаларына сәйкес келтіру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 329 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ереженің 14-тармағына сәйкес Б Ұ ЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті (А.Қ. Құлназаров) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің "Спорт атақтары мен разрядтар беру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 06-2-2/131 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу реестрінде 2004 жылы 29 сәуірде N 2829 болып тіркеліп, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық бюллетенінде 2005 жылы қазанда N 19, 167-бетте жарияланған)
күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Х.Н. Мусинге жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрді ң
міндетін ат қ арушы Қ . Ө скенбаев
Қазақстан Республикасы Туризм
және спорт министрі
міндетін атқарушының
2008 жылғы 22 тамыздағы
N 01-08/142 бұйрығымен
бекітілген
Спортты қ ата қ тар мен разрядтар ж ә не спорттан
т ө реші санаттарын беру
Ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын беру жөніндегі ереже (бұдан әрі - Ереже) спортшылардың спорттық шеберлік деңгейін бірыңғай бағалауды қамтамасыз ету мақсатындағы спорттық атақтарды және разрядтарды, төреші санаттарын берудің ресімдері мен шарттарын айқындайды.
2. Спорттық атақтар мен разрядтар Қазақстан Республикасының "Дене шынықтыру және спорт туралы" 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 22-1-бабына және "Қазақстан Республикасының бірыңғай спорттық жіктемесіне" сәйкес беріледі.
3. Қазақстан Республикасының бірыңғай спорттық жіктемесі (бұдан әрі - Жіктеме) – спорт түрлерінен спортшылардың шеберлік деңгейін анықтайтын спорттық атақтардың, разрядтардың жүйесі.
Жіктеме 4 жылдық (олимпиадалық) кезеңге бекітіледі. Қазақстан Республикасында спорт түрлерінің дамуына байланысты спорт түрлерінен қоғамдық бірлестіктердің (бұдан әрі - федерациялар) ұсыныстары бойынша уәкілетті орган Жіктемеге тиісті өзгерістер енгізеді.
Спорт түрлерінің ерекшеліктері, спортшылардың жынысы мен жасын ескере отырып белгіленген және нақты жағдайларда орындалған разрядтық талаптар мен нормалар спорттық жетістіктердің көрсеткіші болып табылады.
4. Жіктеменің талаптарына сәйкес спортшыларға келесі спорттық атақтар мен разрядтар беріледі.
1) спорттық атақтар:
Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері;
Қазақстан Республикасының спорт шебері;
2) спорттық разрядтар:
Қазақстан Республикасының спорт шеберлігінен үміткері;
1-ші разрядты спортшы;
2-ші разрядты спортшы;
3-ші разрядты спортшы;
1-ші жасөспірімдік разрядтағы спортшы;
2-ші жасөспірімдік разрядтағы спортшы;
3-ші жасөспірімдік разрядтағы спортшы.
5. Спорт түрлерінен төрешілік санаттары уәкілетті орган бекіткен "Қазақстан Республикасындағы спорт түрлері бойынша төрешілік санаттарының жіктемесіне" сәйкес (бұдан әрі - спорт түрлері бойынша ТСЖ) беріледі.
6. Спорт түрлерінен келесі төрешілік санаттарды беру анықталады:
1) "Спорт төрешісі";
2) "I Санаттағы спорт төрешісі";
3) "Спорттан ұлттық төреші";
4) "Спорттан жоғары санаттағы ұлттық төреші".
2. Спортты қ ата қ тар мен разрядтарды ж ә не т ө реші
санаттарын беруді ң шарттары
7. Жіктемеде белгіленген разрядтық нормалар мен талаптарды орындаған Қазақстан Республикасының азаматтарына - спортшыларға спорт разрядтары беріледі.
8. "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" және "Қазақстан Республикасының спорт шебері" атақтарын беру үшін кемінде "Спорттан жоғары санаттағы ұлттық төреші" санатындағы үш төрешіден төрешілер алқасы құрылады.
Спорттық разрядтар беру үшін:
"Қазақстан Республикасының спорт шеберлігінен үміткерге" - "Спорттан жоғары санаттағы ұлттық төреші" санатты екі төреші және "Спорттан ұлттық төреші" санаттағы үш төреші;
1-ші разрядты спортшыға – "Спорттан жоғары санатты ұлттық төреші" санатты екі төреші және "Спорттан ұлттық төреші" санаттағы екі төреші;
2-3-ші разрядтағы спортшыға - "Спорттан ұлттық төреші" санатты екі төреші және бірінші санатты екі төреші;
жасөспірім разрядтарына - бірінші санатты екі төреші және спорт жөнінде екі төреші болуы қажет.
9. "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" және "Қазақстан Республикасының спорт шебері" деген атақтарды дене шынықтыру және спорт саласындағы облыстық және республикалық
маңызы бар Астана және Алматы қалаларының атқарушы органдарының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери орталық спорт клубы және спорт түрлерінен республикалық федерациялардың ұсынымы бойынша уәкілетті орган береді.
10. "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігінен үміткері" спорттық разряды мен 1-ші разрядты дене шынықтыру және спорт жөніндегі, қалалық атқару органдары мен спорт түрлерінен облыстық және қалалық (республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалалары) облыстық федерациялардың ұсынымы бойынша аумақтық атқару органдары береді.
11. 2 және 3 разрядты спортшыларға спорттық разрядты дене шынықтыру және спорт саласындағы аудандық, қалалық атқару органдары және дене шынықтыру мен спорт ұйымдары береді.
12. Жекелеген ведомстволық спорт клубтары мен қоғамдық спорт бірлестіктерінде жүргізілетін спорт түрлерінен спорттық разрядтарды уәкілетті органдармен келісе отырып, олардың өздері жүзеге асырады.
13. Спортшыны спорттық атаққа ұсынуға құқылы ұйымдар тиісті нормативтерді немесе талаптарды орындаған сәттен бастап, алты ай ішінде құжаттарын уәкілетті органға жіберуі қажет.
14. Спорттық разрядты беруге құқылы ұйымдар тиісті нормативтер мен талаптарды орындаған уақыттан бастап, бір ай ішінде қажетті құжаттарды ресімдеуі қажет.
15. Атақ беру туралы ұсыныста (осы ереженің 1-қосымшасына сәйкес) спортшының жетістіктері көрсетілуі қажет. Ұсынысқа мыналар қоса беріледі:
1) жарыстың аты, жарысты өткізу орны мен мерзімі көрсетілген, жарыстың бас төрешісі мен бас хатшысы қол қойған жарыс хаттамасының үзіндісі;
2) аталған спорт түрі бойынша республикалық федерацияның мөрімен расталған жарыс хаттамасының көшірмесі;
3) күрес түрлерінде, бокста жарыстың бас төрешісі, бас хатшысы қол қойған жеңісі туралы анықтама (осы ереженің 2-қосымшасына сәйкес);
4) дене шынықтыру және спорт саласындағы облыстық және қалалық (республикалық маңызы бар қалалар Астана және Алматы) аумақтық атқару органдарының ұсыныстары;
5) атақ беру үшін үміткердің 3,5 х 4,5 екі суреті.
16. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі қалалық, аудандық атқарушы органдар балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің түлектері мен спортшыларына, спорт клубтары мен дене шынықтыру және спорт ұжымдарының мүшелеріне төрешілік тәжірибесін растайтын құжаттары болса, сондай-ақ спорт түрлері бойынша ТСЖ талаптарына сай келсе, "Спорт төрешісі" төрешілік санатын береді.
17. "I Санаттағы спорт төрешісі" төреші санатын төреші тәжірибесі курсынан өткендігін растайтын құжаттары болған жағдайда, сондай-ақ спорт түрлері бойынша ТСЖ талаптарына сәйкес дене шынықтыру және спорт жөніндегі облыстық атқару органы береді.
18. Жекелеген ведомстволық спорт клубтары мен федерацияларда дамытылған спорт түрлері бойынша "Спорт төрешісі", "I санаттағы спорт төрешісі" санаттарын берудің тәртібін сол спорт ұйымдарды белгілейді.
19. "Ұлттық спорт төреші", "Жоғары дәрежелі ұлттық спорт төреші" төреші санаттарын тәжірибе курсынан өткендігін растайтын құжаттары бар болса, сондай-ақ спорт түрлері бойынша ТСЖ талаптарына сәйкес уәкілетті орган береді.
"Ұлттық спорт төреші", "Спорттан жоғары санатты ұлттық төреші" санаттарын беру үшін келесі құжаттар тапсырылады:
1) облыстық, Астана және Алматы қалалары атқарушы органдарының дене шынықтыру және спорт басқармаларымен келісілген ұсыныс осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес;
2) аталған спорт түрі бойынша республикалық федерациялардың төрешілер алқасы өткізетін, төрешілердің республикалық семинарының өтуі туралы анықтама;
3) облыстық, Астана және Алматы қалаларының атқару органдары дене шынықтыру және спорт басқармаларының қолдаухаты.
"Спорттан ұлттық төреші" және "Спорттан жоғары санатты ұлттық төреші" төрешілік санаттарын беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның комиссиясы құжаттар түскен күннен бастап бір ай ішінде қарайды.
20. Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын беру мәселелерін алқалы қарау үшін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетінде, облыстық және қалалық (республикалық маңызы бар қалалар Астана және Алматы) атқару органдарының дене шынықтыру-спорт ұйымдарында консультативтік-кеңес органдары – Спорт атақтары мен разрядтар санаттарын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
21. Комиссия келесі құрамда бекітіледі: комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары, комиссия мүшелері, комиссия хатшысы. Комиссия құрамы Спорт комитеті төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
22. Атақ беруге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажеттілігіне қарай Комиссия шақырылады, бірақ айына бір реттен аспауы қажет. Комиссия отырысы Комиссия мүшелері жалпы санының 2/3 болғанда өткізіледі.
23. Комиссия ұсынылған құжаттарды келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде қарайды. Отырыста қарау кезінде Комиссия беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Шешім ашық дауыс – қарапайым көп дауыс беру арқылы қабылданады. Комиссияның хаттамалық шешімі уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
24. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға төраға, төрағаның орынбасары және дауыс беруге қатысушы комиссия мүшелері мен хатшы қол қояды.
25. Уәкілетті орган, дене шынықтыру және спорт саласындағы облыстық және қалалық (республикалық маңызы бар қалалар - Астана және Алматы) атқару органдары мен дене шынықтыру және спорт ұйымдары комиссия қортындысының негізінде комиссия отырысы өткізілген күннен бастап үш күн ішінде спорттық атақтар немесе спорттық разрядтар беру туралы шешім қабылдайды.
26. Спорт төрешілері атақтарына сиыспайтын мынадай әрекеттері үшін төрешілік санаттарынан айрылады:
спорт түрлері бойынша төреші ережесін бұзғаны үшін;
спорт түрлерінен төрешілік міндеттеріне салғырт қарағаны үшін;
қабылданған жалпы әдеп нормаларын бұзғаны үшін;
жарысты өткізу кезінде төрешілік міндетін дұрыс орындамағаны үшін.
27. Спорт төрешілері жіберген тәртіп бұзушылықтарды республикалық төрешілер алқасы және спорт түрлері бойынша федерациялар төрешінің тіркеу кәртішкесіне кейіннен қолданған жазаны енгізе отырып, қарайды.
28. Спорттық қандайда бір төрешілік санатынан айрылғаннан кейін үміткер спорт түрінен төрешілік санатты алу үшін ТСЖ бекіткен біліктілік талаптарын қайта орындаған жағдайда құжаттарын комиссияның қарауына қайтадан тапсырады.
29. Әрбір төрешілік санатқа арналған куәліктердің, эмблемалардың, белгілердің, төрешілердің спорттық киімдерінің үлгілерін уәкілетті орган бекітеді.
30. Спорт түрінен төрешілер аталған спорт түрі бойынша республикалық федерацияның төрешілер алқасында есепте тұрады.
31. Жарыс төрешілігіне қатысу, спорт түрлері бойынша республикалық федерациялардың төрешілер алқасы беретін спорттан төрешінің есеп кітапшасына жазылады.
3. Қорытынды ережелер
32. Спорттық атаққа лайық немесе разрядтық талаптарды орындаған спортшыларға тиісті куәліктер мен (осы ережеге 3-ші қосымша) белгілер тапсырылады.
33. Куәліктер мен белгілерді тапсыру, берілген куәліктер мен берілген белгілерді тіркеу журналында тіркеледі.
34. Дене шынықтыру–спорт ұйымдары спорттық атақтар немесе разрядтар беру туралы бұйрықтардың негізінде жіктеме сынақ кітапшаларын (осы ереженің 4-қосымшасына сәйкес) ресімдейді. Спортшылардың жіктеме сынақ кітапшаларында спортшының жарыс нәтижелері, тиісті және кейін берілген разрядтары жазылады.
Спорттық атақтар мен разрядтар
және спорттан төреші санаттарын
беру жөніндегі ережеге
1-қосымша
ҰСЫНЫС |
Атақ |
Түрлі түсті |
||||
Спорт түрі |
||||||
тегі, аты, әкесінің аты |
Туған күні |
|||||
Ұсынып отырған өңір (облыс, |
Мекеме |
Спорт мектебі |
||||
Оқу, жұмыс орны |
Білімі |
Дене шынықтыру |
||||
Спортпен шұғылдану өтілі |
||||||
Үйінің мекен-жайы |
||||||
Алдыңғы атағы |
Атақ берілген немесе расталған күн |
|||||
Спортшыны даярлаған |
Жаттықтырушылық санаты |
|||||
Бастапқы дене |
Дене шынықтыру |
Аталған спорт түрінен |
Комиссияның қарауына келіп түскен күні 200__жыл "__"____
Негізгі көрсеткіштер (нормативтер) | |||
---|---|---|---|
Орындаған күні (күні, айы, жылы) |
Жарыстардың атауы |
Жарыс дәрежесі, санаты |
Көрсеткен нәтижесі |
Төреші |
Төрешінің |
Қала (ел) |
Төрешілік |
Бас төреші |
|||
Бас хатшы |
|||
Аға төреші, |
Атақ беру туралы белгі |
Жауапты тұлға (Т.А.Ә.) |
Лауазымы |
---|---|---|
Бас тартудың себебі және тәртіп бұзушылық туралы белгі |
Спорттық атақтар мен разрядтар
және спорттан төреші санаттарын
беру жөніндегі ережеге
2-қосымша
Жеңіс туралы анықтама _____________________________________________________берілді
Т.А.Ә.
_____________________________________________________ қаласы
Жарыстың өтетін орны мен мерзімі ___________________________
Салмақ дәрежесі __________________ кг-ға дейін
__________________________________________ _______ орын алды
Аталған салмақ дәрежесінде қатысқан спортшылардың
саны________________________________________________________
____________________________________________________________
Р/с |
Спортшының |
Облысы |
Спорттық |
Нәтижесі |
Жарыстың бас төрешісі _______________________________
(т.а.ә.)
Жарыстың бас хатшысы ________________________________
(т.а.ә.)
Жарыстың бас төрешісінің қолы
өткізуші ұйымның мөрімен бекітіледі
Спорттық атақтар мен разрядтар
және спорттан төреші санаттарын
беру жөніндегі ережеге
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
министрлігінің
Спорт комитеті
Куәлік N________
Тегі _______________________________________
Аты _______________________________________
Әкесінің аты _______________________________
Спорттық атақ берілді: _____________________
Төраға қолы
аты-жөні
Бұйрық 20 __ ж. "______" __________ N _____
Берілді 20__ ж. "______" __________ М.О.
Спорттық атақтар мен разрядтар
және спорттан төреші санаттарын
беру жөніндегі ережеге
4-қосымша
Спортшының жіктеме сынақ кітапшасы
Спортшының жіктеме сынақ кітапшасының тіркеу N ____
Спорт түрі |
|
Тегі |
|
Аты |
|
Әкесінің аты |
|
Туған жылы |
|
Тұрғылықты жері |
|
Оқу орны, жұмыс |
|
Спорт қоғамы |
|
Спорттық атағы, |
|
Спортшының қолы |
|
Күні |
200 жыл " " |
Спорттық қоғамда (клубта) тіркелген
спортшының Спорттық қоғам,
суреті үшін орын клуб басшысының М.О.
3.5 х 4.5 қолы
Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші |
||
Берілген разрядтың |
Бұйрықтың N және |
Басшының қолы |
Президенттік сынақ нормативтерін тапсыру | |||||
---|---|---|---|---|---|
N |
Жас топтарының |
Күні |
Нормативі |
Нәтижесі |
Қолы |
12-13 жас |
|||||
14-15 жас |
|||||
16-17 жас |
|||||
18-20 жас |
|||||
21-27 жас |
|||||
28-34 жас |
|||||
35-39 жас |
|||||
40-44 жас |
|||||
45-49 жас |
|||||
50-54 жас |
|||||
55-59 жас |
|||||
60-64 жас және |
Спортшыны ң жарыс қ а қ атысуы ж ә не н ә тижесі
N | Жарыстың аты | Өткізілген орны мен мерзімі |
Нәтижесі | Бас төреші мен хатшының қолы |
---|---|---|---|---|
Спортшыны ң бір қ о ғ амнан бас қ асына ауысуын тіркеу
N | Дене шынықтыру–спорттық ұйымнан ауысуы | Спорттық ұйымға есепке алынды |
---|---|---|